Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет29/65
Дата03.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#89271
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
Байланысты:
3 02 07 2014

ҚР ҚН 3.02-07-2014* 
27 
кӛтергінің немесе лифттің орнатылуын қарастыру қажет. Олардан шығатын шығуларды 
мүгедектер баратын үй-жайлар бар қабаттардың деңгейінде орналастыру қажет.
5.6.9 Мүмкіндігі шектеулі келушілерге арналған ғимараттың сыртқы жағынан 
орналастырылатын кіру алаңдары, баспалдақтар және кӛтергіш құрылғылар
атмосфералық жауын-шашыннан қорғалуы керек (кем дегенде қалқалар болуы керек).
Аталған элементтердің қозғалыс жолдарындағы жабындардың беті берік, су тигенде 
тайғанамайтын болу керек және мүмкіндігі шектеулі келушілердің қозғалысын 
қиындатпауы қажет.
5.6.10 Мүмкіндігі шектеулі келушілердің ғимараттың ішімен жүру жолдарын
(габариттерді, кӛлбеулерді, шығыңқы жерлерді, саңылауларды) апатты жағдайларға 
есептелген жағдайларды ескере отырпы, адамдарды ғимараттардан эвакуациялау 
жолдарына арналған нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалау керек.
Екінші және одан жоғары қабаттардан эвакуациялау үшін қызмет атқаратын пандус 
ғимараттан сыртқа шығатын шығаберіспен тікелей байланыстырылуы керек.
5.6.11 Эвакуациялау жолдарына автоматты немесе жартылай автоматты есіктер 
жасалған жағдайда оны айқара ашылатын саңылаулармен қосарлау қажет.
5.6.12 Марш пен баспалдақ торы шегіндегі барлық баспалдақтардың, сондай-ақ 
сыртқы баспалдақтар геометриясы және ӛту жерінің ені мен кӛтерілу биіктігі жағынан 
бірдей болуы керек.
5.6.13 Амфитеатр бар дәрісханаларда, кӛрермендер мен дәрісхана залдарында, 
кресло-арбалардағы кӛрермендерге арналған орындардың немесе аймақтардың қасында 
қауіпсіздік шараларын (қоршау, буфер жолағы, поребрик және т. б.) қарастыру қажет.
5.6.14 Мүмкіндігі шектеулі келушілер жалғыз қалуы мүмкін тұйықталған кеңістіктер
(лифт кабинасы, дәретхана кабинасы және т. б.) диспетчермен немесе кезекшімен арадағы 
екі жақты тӛтенше, оның ішінде құлағының мүкісі бар тұлғаларға арналған байланыспен 
жабдықталуы (ғимаратта мұндай құрылғылар болған жағдайда) керек. Мұндай үй-
жайларда апаттық жарықтандыру қарастырылуы керек.
5.6.15 Ақпарат мүмкіндігі шектеулі келушілердің барлық санаттарына қолжетімді 
болуы тиіс. Қоғамдық ғимараттардың ақпараттық құралдар жүйесі келушінің уақытылы 
бағдар алуын қамтамасыз ететіндей, үздіксіз, сондай-ақ оның объектілер мен болған 
орындарды бірден тануын қамтамасыз ететіндей болуы керек.
5.6.16 
Мүмкіндігі шектеулі келушілер үшін қолжетімді кіру топтары, 
коммуникациялар, қызмет кӛрсету үй-жайлары мен аймақтар, сондай-ақ мүгедектер 
автокӛліктерін қоюға арналған орындар белгіленген халықаралық үлгідегі белгілермен 
белгіленуі тиіс. Бұл жерде кӛрсетілетін қызметтер түрі мен кӛрсетілетін орны туралы және 
ықтимал қауіп туралы кӛрнекі, дыбыстық және түйсікті ақпарат жүйелерін қарастыру 
қажет.
5.6.17 Мүмкіндігі шектеулі келушілер баратын үй-жайлар мен аймақтарда адамдарға 
ӛрт жӛнінде хабар беретін жүйеге қосылған қосарланған (дыбыстық және визуалдық) 
сигнализацияны қарастыру қажет.
Жарықты және дыбыстық ақпараттандыратын сигнализация мүмкіндігі шектеулі 
келушілерге арналған әрбір лифт есігінің алдында қарастырылуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет