Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет26/65
Дата03.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#89271
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65
ҚР ҚН 3.02-07-2014* 
 
24 
5.5.1.21 Ауылдық елді мекендерде құрылыс жүргізу үшін жобаланатын ауруханалар 
бӛлімшелері палаталарында желдету орындарындағы ауаның ылғалдануын қарастырмауға 
жол беріледі.
5.5.2 Сумен қамту және канализация 
5.5.2.1 Қоғамдық ғимараттарда ҚР ҚН 4.01-01 талаптарына сәйкес жобалау қажет 
шаруашылық-ауыз су, ӛртке қарсы және ыстық сумен қамту, су бұру (канализация) және 
су ағатын суағарларды қарастыру қажет.
Маусымдық сипаттағы есу базалары үшін ассенизациялау машиналарымен 
босатылып су бұру суағарларына арналған жинақтауыш-резервуарлар қарастырылады.
5.5.2.2 Сумен қамту жүйесі пайдалану барысында судың санитарлық-техникалық 
аспаптарға, су жинау арматурасына, технологиялық жабдыққа, ӛрт сӛндіру крандарына үздіксіз 
берілуін қамтамасыз ету қажет. Су сапасы гигиеналық нормалар талаптарына сай келу керек.
5.5.2.3 Ыстық сумен қамту жүйесі келесідей талаптардың орындалуымен 
пайдаланылуы тиіс: 
- құбырлар 
мен олардың бірігулері, тікқұбырлар, арматураға жалғайтын 
жеткізгіштер герметиктелген болуы және одан су ақпауы тиіс; 
- жабдықтар мен құбарлардың су жинау арматурасы, ӛрт сӛндіру крандары, бекітпе-
реттеу арматурасы техникалық жӛнделген болуы тиіс; 
- тұтынушыларға 
берілетін судың температурасы мен сапасы жобалық 
параметрлерге сай келу керек; 
- ыстық сумен қамту жүйесі жұмыс істеген кезде шығатын шу деңгейі санитарлық 
нормалармен және ережелермен белгіленген нормалардан аспауы тиіс.
5.5.2.4 Канализация жүйесі келесідей талаптардың орындалуымен пайдаланылуы тиіс: 
- құбырлар мен олардың бірігулері герметиктелген болуы тиіс;
- санитарлық аспаптардың гидравликалық бекітпелерінің ақаулары болмау керек; 
- санитарлық, тексеру, тазалау аспаптары және траптар, арматура техникалық 
жӛнделген болуы тиіс. 
5.5.2.5 Шаруашылық-ауыз су құбырына ғимаратқа кіру, су ӛлшеу торабы, бӛлетін 
желі, санитарлық аспаптарға жеткізгіштер, араластырғыш, бекіткіш және реттеуіш
арматура кіруі керек.
5.5.2.6 Тұрмыстық қызмет кӛрсететін кіріктірме кәсіпорындарды сумен қамтамасыз 
ету сенімділігін қамтамасыз ету үшін ғимарат пен кәсіпорындарға арналған тұрғын 
бӛліктегі су құбырын кіргізуді бӛлек жобалау қажет.
5.5.2.7 Шаруашылық қажеттілік пен қоғамдық тамақтану қажеттілігіне ыстық су 
тұтыну режимі мен кӛлеміне байланысты ыстық су құбырының орталықтандырылған 
жүйесін немесе жергілікті су жылытқыштарды қарастыру қажет.
5.5.2.8 Ӛртке қарсы су құбыры жүйелерінің жобалануын қолданыстағы нормативтік-
техникалық құжаттар талаптарына сәйкес орындау қажет. 
5.5.2.9 Шаруашылық-ауыз су құбыры жүйесінде берілген қысымды қамтамасыз ету 
үшін қысым реттеуіштердің орнатылуын қамтамасыз ету қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет