Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет13/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
15 
5.4.1.4 Емдеу-профилактикалық мекемелерді ҚР ҚН 3.01-01 және осы нормалар 
талаптарына сәйкес көлік қатынауын ескере отырып, селитебті және қала маңындағы 
аумақтарға орналастыру керек. 
5.4.1.5 Емдеу-профилактикалық мекемелерді ҚР ҚН 2.04-02 сәйкес қолжетімді шу 
деңгейін қамтамасыз етуді ескере отырып, теміржол жолдарынан, әуежайлардан, жедел 
автомагистральдардан және физикалық факторлардың әсер етуінің басқа күшті көздерінен 
алыс орналастыру керек. 
5.4.1.6 Емдеу-профилактикалық мекемелердің аумақтары пациенттердің демалуы 
үшін шағын сәулеттік үлгілермен жабдықталуы тиіс. 
5.4.1.7 Емдеу-профилактикалық мекемелерінің аумағына олармен функционалдық
байланысы жоқ ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға жол берілмейді. 
5.4.1.8 Жер телімдерінің өлшемдерін және емдеу-профилактикалық мекемелерінің 
қуатын ҚР ҚН 3.01-01 талаптарына сәйкес анықтау керек. 
5.4.1.9 Стационарлық емдеу-профилактикалық мекемелерінің аумақтарында, оның 
құрамына байланысты келесідей функционалдық аймақтар бөлінуі тиіс:
- инфекциялық емес науқастарға арналған емдеу корпустары;
- инфекциялық науқастарға арналған емдеу корпустары;
- психиатриялық корпустар;
- педиатриялық корпустар;
- перзентханалар немесе акушерлік бөлімдер;
- радиологиялық корпустар;
- рекреациялық;
- әйелдерге кеңес беру;
- патологоанатомиялық корпустар;
- жедел медициналық көмек станциялары (бөлімдер); 
- шаруашылық;
- инженерлік құрылыстар; 
- бақша-саяжай;
- климатотерапияға және дене шынықтыруға арналған алаңдар. 
Инфекциялық, акушерлік, балалар, туберкулез және психосоматикалық бөлім 
науқастары үшін жеке бақша-саяжай аймақтар бөлінуі тиіс.
5.4.1.10* Тамақ дайындау қызметі тікелей аурухана ғимаратында, шаруашылық 
аймаққа жақын орналасқан жеке ғимаратта, сондай-ақ аурухана ғимараттарына жапсарлас 
және жапсарлас-жанастыра салынған ғимаратта орналастырылады. 
Ас блогын жеке тұрған ғимаратта орналастырған кезде оны аурухана корпусымен 
тоннель өткелдерімен (жерасты, жерүсті) қосу қажет, инфекциялық және туберкулез 
корпустарына тоннель өткелдері ауруханадан ауа тірегіші бар шлюзбен бөлінуі тиіс. 
Тамақ дайындау қызметтерін тікелей аурухана ғимаратына орналастырған кезде 
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне 
қойылатын санитариялық қағидалар мен мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтау 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет