Строительные нормы республики казахстан


 Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар



Pdf көрінісі
бет21/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

5.4.5 Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар 
5.4.5.1 Стационарларға қойылатын жалпы талаптар 
5.4.5.1.1 Стационарларды жобалау қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге 
және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. 
5.4.5.1.2 Стационардың және оның бөлімшелерінің қуаты, құрылымы және құрамы 
емдеу ұйымдарының туындаған желісін ескере отырып, қызмет көрсетілетін аймақ 
тұрғындарының қажеттілігіне сүйене отырып белгіленеді.
5.4.5.1.3 Палата бөлімі медициналық көмекті барынша көрсету және пациенттерге 
тікелей палатада қызмет көрсету принципі бойынша жобаланады. 


ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
23 
5.4.5.1.4 Палата секциясында кезекші медбике постысын, процедура бөлмесін немесе 
инфузиялық жүйелерді дайындау үй-жайын қарастыру керек. Таңу бөлмесі, көтергіші бар 
ванна және клизма жасау бөлмесі саласына байланысты секция құрамында орналасуы 
тиіс.
5.4.5.1.5 Палата бөліміне және инфекциялық профиль, сондай-ақ күйік шалған және 
иммунокомпрометирленген 
науқастарға 
арналған 
секцияға 
кіреберісте 
шлюз 
қарастырылады. 
5.4.5.2 Қабылдау бөлімдері, мамандандырылған бокстар, травматологиялық 
пункттер 
5.4.5.2.1 Қабылдау бөлімі науқастарды жоспарлық және жедел қабылдау 
құрылымдарына бөлінеді. Қабылдау бөлімдері және науқастарды шығару үй-жайлары 
балаларға, акушерлік, гинекологиялық, инфекциялық, туберкулез, психиатриялық 
(психосоматикалық) бөлімдер үшін жеке болуы тиіс. 
5.4.5.2.2 Көп салалы ауруханалардың қабылдау бөлімі жанында диагнозын 
анықтағанға дейін науқастарды жатқызуға арналған палаталар қарастырылуы керек. 
5.4.5.2.3 Науқас балаларды стационарға қабылдау үшін қабылдау-тексеру бокстарын 
(инфекциялық ауруханалардағы сияқты) ұйымдастыру керек.
Ана мен баланы қорғау объектілерінде қабылдау үй-жайларының топтарын (тексеру, 
жаңа босанған әйелдерді және жүкті әйелдерді санитарлық өңдеу үй-жайлары) 
физиологиялық бөлім және жүктілік патология бөлімдері үшін жалпы және 
гинекологиялық бөлімі үшін жеке қарастыру керек. Осы бөлімдер науқастарының жүру 
жолы, баспалдақ торлары мен лифтілерді қоса алғанда, бір-бірінен қатаң түрде 
оқшаулануы тиіс.
5.4.5.2.4 Перзентхананың қабылдау бөлімінің (акушер бөлімінің) жанында босану 
боксы қарастырылуы тиіс. 
5.4.5.2.5 Емдеу стационарларының қуаттылығына, профиліне және құрылымына 
байланысты қабылдау бөлімдерінің құрамы, қабылдау бөлімдері үй-жайының, 
мамандандырылған бокстар мен травматологиялық пункттер ауданы «Денсаулық сақтау 
объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережені 
ескере отырып анықталады.
5.4.5.2.6 Қабылдау және ауруханадан шығару бөлімдерін ғимараттың оқшауланған 
бөлігіне және мүмкіндігіне қарай аурухана учаскесінің аумағындағы негізгі кіре беріске 
жақын орналастыру керек. Олар өтетін жол болмауы тиіс. Санитарлық машиналардың 
бөлімге кіруі үшін машиналардың тұрағына арналған шатыры бар пандус қарастырылуы 
керек.
5.4.5.2.7 Сонымен қатар, инфекциялық науқастарды қабылдау үшін төмендегілерді 
қарастыру керек:
- қабылдау бөлімін басқа барлық стационар бөлімдерінен оқшаулау (қызметкерлер 
және науқастар үшін санитарлық өткізу орнын ұйымдастыру арқылы);

науқастарды диспетчерлік бөлім арқылы қабылдау-тексеру бокстарына 
қабылдауды ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет