ҚР ҚН 3.02-13-2014* 9
ҚР ҚН 3.03-19-2013 Аэродромдар.
ҚР ҚН 3.06-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың қимылы шектеулі топтар үшін
қолжетімділігі.
ҚР ҚН 4.01-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі.
ҚР ҚН 4.01-03-2013 Сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері мен
имараттары.
ҚР ҚН 4.02-01-2011 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу.
ҚР ҚН 5.01-02-2013 Ғимараттар мен имараттардың негіздері.
Ескертпе - Осы мемлекеттік нормативті пайдалану кезінде жыл сайын ағымдағы жылдың жағдайы
бойынша жасалған және ай сайын шығарылатын ақпараттық бюллетень-журналына сәйкес келетін
«Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілердің тізбесі» ақпараттық каталог бойынша
сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген жөн. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда
осы нормативті пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алған жөн. Егер
сілтемелік құжат ауыстырылмай жойылса, онда оған сілтеме жасалған ереже, сілтемені қозғамайтын
бөлігінде қолданылады.
(Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 15.11.2018 ж. №235-НҚ бұйрық) 3 *
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар мынадай
терминдер
қолданылады
(Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 15.11.2018 ж. №235-НҚ бұйрық) : 3.1 Тікұшақ алаңы: Жер теліміндегі арнайы алаң немесе тікұшақтардың келуіне,
ұшуына және қозғалуына толықтай немесе жартылай арналған құрылыс.
3.2 Бокс (бокс үй-жайы): Науқастың сырттан келуіне арналған жеке есігі бар үй-
жай. Оның құрамына палата, санитарлық торап, ванна және шлюз кіреді.
3.3 Барокамера : Атмосфералық қысымға қарағанда, ішінде үлкен (гипербарикалық
барокамералар) немесе кіші (гипобарикалық барокамералар) қысым жасауға арналған
камера немесе үй-жай.