Строительные нормы республики казахстан


 ЖҦМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет11/61
Дата31.12.2021
өлшемі1,16 Mb.
#22318
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
5 ЖҦМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 

 

5.1 Жалпы талаптар 

 

5.1.1  Гидротехникалық  құрылыстардың  бетон  және  темірбетон  конструкцияларын 



жобалау  конструкция  орны  мен  пішінінің  беріктігі  мен  төзімділігін,  құрылыстың  ұзақ 

мерзімділігін, сонымен қатар пайдалану шарттарына сәйкес конструкцияның қаттылығын 

қамтамасыз етуі тиіс. 



ҚР ҚН 3.04–02–2014 

 

5.1.2  Гидротехникалық  құрылыстардың  бетон  және  темірбетон  конструкцияларын 



жобалау  кезінде  ҚР  ҚН  3.04-09  және  гидротехникалық  құрылыстардың  жеке  түрлерін 

жобалау  жөніндегі құрылыс нормаларының талаптарын орындау қажет. 

5.1.3  Бетон  және  темірбетон  конструкциялардың  түрлерін  таңдау  (тұтас  құймалы, 

құрама-тұтас  құймалы,  құрама,  оның  ішінде  алдын  ала  кернелген  және  негізіне 

анкерленген)  материалды  көп  тұтыну,  энергияны  көп  тұтыну,  еңбекті  көп  тұтыну  және 

құрылыс құнын ең жоғары азайтуды ескеру арқылы құрылыстың белгілі бір жағдайында 

оларды қолданудың техника-экономикалық орындылығын ескере отырып жүргізілуі тиіс. 

5.1.4  Конструкция  түрлерін,  олардың  элементтерінің  негізгі  өлшемдерін,  сонымен 

қатар  темірбетон  конструкцияларды  арматурамен  толтыру  дәрежесін  нұсқалардың 

техника-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру негізінде қабылдау қажет. 

5.1.5  Құрама  конструкциялар  элементтері  мамандандырылған  кәсіпорындарда 

механикаландырылған дайындау шарттарына жауап беруі тиіс. 

5.1.6  Құрама  конструкциялардағы  элементтердің  түйіндері  мен  жалғауларының 

конструкциялары  күшті  сенімді  жіберуді,  түйісу  аймағында  элементтердің  өздерінің 

беріктігін, сонымен қатар түйіспеде қосымша төселген бетонның конструкция бетонымен 

байланысын қамтамасыз етуі тиіс. 

5.1.7  Конструкциялардың  су  өткізбеушілігі  және  аязға  төзімділігі,  олардың  есептік 

қималарында  судың  қарсы  қысымын  азайту  тиісті  шараларды  қолдана  отырып 

қамтамасыз етілуі тиіс. 

5.1.8  Кернеу  бойынша  элементтердің  беріктігін  және  сызатқа  төзімділігін  бағалау 

кезінде  (арқалық-қабырғалар,  консоль  қабырғалар,  жуан  арқалықтар,  құбырлар  және 

көлемді  элементтер)  соңғылары  серпімділік  теориясының  әдістерімен  немесе  тәжірибе 

жүзінде анықталады. 

5.1.9  Сейсмикалық  аудандарда  орналасқан  гидротехникалық  құрылыстардың  бетон 

және  темірбетон  конструкцияларын  жобалау  кезінде  олардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

ету бойынша қосымша талаптарды орындау қажет. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет