Stud kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады



бет5/5
Дата05.03.2022
өлшемі25,22 Kb.
#27119
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz 1799

Іскерлік ойындар

Бұл  сюжеттік, рольдік  ойындар...(Халықаралық кездесулер, саммит, форумдар, бизнес –форум, дөңгелек стол, т.б.)



Мақсаты:

Оқушылардың бойында шешім қабылдай білу  мүмкіншілігін, рольдердегі нақты іс-әрекетті сезіне білу, зерттеліп отырған нысанның немесе жағдайдың ұқсас нұсқасын өмірде  пайдалана білуге  тәрбиелеу.

-Сынып жетекшісі жоспарының үлгі құрылымы.  Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:

1.                   Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер.

2.                   Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.

3.                   Тәрбие міндеттері.

4.                   Сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс (сынып ұжымын тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде талқылау үшін мәселелерді белгілейді).

5.                   Ата-аналармен жұмыс.

-Сынып жетекшісінің жұмыс есебін жүргізуі. Тәрбие жұмысы нәтижелерінің есебін жүргізу-күрделі іс. Сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті түрі-күнделік дәптері, күнделік жүргізуді міндетті емес, бірақ көп сынып жетекшілерінің күнделіктері бар. Онда тәрбие жұмысының нәтижелері ғана ескерілмейді, сонымен қатар жұмыстар да талданып отырады, сыныптағы кемшілікті жоюдың нақтылы жолдары көрсетіледі. Күнделік қалың дәптерден жасалынады. Оның алғашқы беттерінде оқушылардың үлгерімі, қоғамдық тапсырмаларды, тізімі мен тұрақты мекен жайы жазылады. Әрбір оқушыға бір-екі бет бөлінеді, онда оқушылардың мінез-құлқына жасалған бақылаулар нәтижелері жазылып, мінезінің ерекшеліктері, қызығушылығы мен бейімділігі көрсетіледі. Кейбір сынып жетекшілері тәрбие жұмысының есебін жүргізетін ашық күнделік дәптер жүргізеді. Бұл сынып ұжымының шежіресі сияқты болады. Онда жалпы сынып және жеке мектеп оқушылары өміріндегі елеулі оқиғалар жазылып отырады. Сыныптың ашық күнделігін жүргізуге сынып жетекшісі оқушыларды, әсіресе сынып белсенділерін тартады. Бұл сыныптағы жүргізілетін жұмыстың есебін беруге, бағалап отыруға үйретеді және сыныпта жақсы дәстүр қалыптастыруға көмектеседі. 

                Қорыта келгенде, бүгінгі таңда әр мұғалім алдындағы әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдауы тиіс. Әр оқушының бойында ерекше қасиеттер болары сөзсіз. Сондықтан тәрбие үрдісінде сынып жетекшісі оларды қорғап, дамытуы қажет. Ал сынып ұжымы-әр балаға қолайлы ортаға айналуы тиіс.



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет