Пәндік апталықтар, онкүндіктер, айлықтар.
Бір пән бойынша немесе бір-біріне жақын білімдік сыбайлас пәндер бойынша өтетін мектепішілік іс-шаралар.
Мақсаты:
Арнайы жоспарланған іс-шаралар бойынша әр жастағы оқушыларды қамту , пәндердің маңызын арттыру, оқушылардың қызығушылығын дамыту. Сабақтан тыс іс-шараларға оқушыларды қамту.
Пәндер бойынша тақырыптық кештер
Тақырыптық кештер- оқушылар мен мұғалімнің бірігіп жүзеге асатын іс-шара.
Мақсаты: Оқушылардың өз тобының немесе сыныбының намысын қорғай білу, күресе білу; жеңіске жете білу, табандылықты , сабырлықты қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Үйірмелер
Үйірме-сыныптан тыс жұмыстардың ең тиімді ,әсершіл түрлерінің бірі.
Үйірме жұмысының негізінде еріктілік принципі сақталу қажет.
Мақсаты:Белгілі бір бағытта оқушылардың бойында ізденушілік іс-әрекетін тәрбиелеу ,болашақ мамандық таңдауға бағыт беру, жан-жақты дамыған интеллектуалдық тұлға қалыптастыру.
Сайыс жарыстар
Сайыс жарыстар-ғылым ,өнер, спорт түрлерінен жүргізілетін іс-шаралар түрі. Мектепішілік мейрамдардың ,кештердің , үйірме жұмыстарының құрамдас бөлігі.
Мақсаты:Оқушылардың ғылым, өнер, спорт түрлеріне қызығушылықтарын арттыру, үздіктерін анықтау, ұжымдық, жеке-дара біріншілік құзыреттілігін қалптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |