Студент: Аманжолова Б. А. Тобы: дги-201в



бет17/19
Дата26.11.2023
өлшемі145,2 Kb.
#128240
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Лекция 15


Өлкетанудың зерттеу объектілері
Өлкетану дегеніміз көлемі жағынан шағын белгілі бір аумаұқтарды (аудандар, облыстар, өлкелер т.б.) жан-жақты оқып білумен, зерттеумен айналысатын жұмыстардың жиынтығы екені белгілі. өлкетанудың зерттеу нысандарын, жалпы өлкетануды кешенді бір-бірімен байланысты дүние ретінде қараған жөн. өлкетану бойынша жүргізілетін зерттеулер мен бақылаулар шаруашылықтық, ғылыми, әлеуметтік тағы да басқа арнайы тапсырыстар түрінде болуы мүмкін және сол жер үшін тікелей практикалық маңыздылыққа ие болады.
өлкетанудың зерттеу нысандарын салыстырмалы түрде 4 топқа бөліп қарауға болады: 1) өлкенің табиғатын, табиғи ерекшеліктерін, жеке табиғат компоненттерін (геология, жер бедері, рельеф, гидрографиясы, климат немесе ауа-райы, топырақ және өсімдік жамылғылары, жануарлар дүниесі), олардың қоғамы әсерінен өзгеру деңгейі мен сипатын және табиғатта жүретін басқа да үрдістерді (мысалы, үрдістер) зерттеу; 2) өлкенің шаруашылығын, онда тұрып жатқан халықтардың кәсіптік ерешеліктерін анықтау; 3) өлкенің және онда тұрып жатқан халықтардың тарихы жайлы, тарихи оқиғалар жайлы деректер, экспонаттар жинау, өлке территориясындағы археологиялық орындарды (көне қалалар қалдықтарын), тарихи ескерткіштерді, олардың ерекшеліктерін оқып-тану және оларды халық тарихымен, тарихи кезеңдермен байланыстыру; 4) халықтың этнографиялық немесе ұлттық ерекшеліктерін, демографиясын, топонимикасын зерттеу. Белгілі бір территорияда мекендейтін халықтардың ұлттық ерекшеліктеріне олардың тілі, діні, салт-дәстүрі, фольклоры, халықтың өнері (қолөнер), музыкалық мәдениеті т.б. жатады.
Өлкетанудың жеке түрлері бойынша зерттеу немесе бақылау мақсаты әр түрлі болады. Мемлекеттік және қоғамдық өлкетану бойынша зерттеу көбінесе практикалық, нақты мақсаттар үшін (мұражайлар құру, шаруашылықтың тапсырыстар т.б.) жүргізіледі және бұл өлкетану түрлері үшін қолданылатын жұмыс формалары. Негізінен экспедициялар және мұражай жұмыстары болып табылады. Кейбір архив құжаттары мен баспа материалдарына сүйенсек революцияға дейінде қазақстанда мектеп өлкетану элементтерінің болған байқауға болады:
ф. 27. қазақ ССР-ы Орталық Мемлекеттік архивінен– «Торғай облысы халық училищесі директоры. Екі кластық мұғалімдер бағдарламасы ісі 1907ж1. Бұл материалдар Торғай облысы кейбір мектептерінде өлкетанудан (революцияға дейін бұл атау–Отантану деп аталған) арнаулы сабақтардың өткенін куәландырады. Шындығында бұл мектептерде «Отантануң оқу пәніне қойылатын барлық талаптар орындалмаса да, кейбір өлкетануға қажетті білімдер мен іскерліктер: компасты пайдалану, план, карта, сонымен қатар өткенді оқып-үйренуге қажетті тақырыптар берілген;
ф. 58. қазақ ССР-ы Орталық Мемлекеттік архиві– «Ақтөбе мұғалімдер семинариясы ісі. 1912/13 оқу жылы бағдарламасың2. Бұл архив материалына сүйенетін болсақ осы аталған оқу орынында семинарияның 2-ші сыныбында география сабағын өткенде өлкетану материалдары төменгі, нашар жағдайда болсада сабақта пайдаланғанын байқаймыз;
Революцияға дейінгі баспа материалдары оқу орындарындағы оқу экскурсияларының ұйымдастырылғандары туралы мәліметтер береді. Мысалы, «Семипалатинский край газеті (1915 жыл, 16 қаңтар) оқушылардың өнеркәсіп нысандарына оқу экскурсиялары туралы жазады.
Сонымен қатар өлкетанудан қазақстандағы ең алғашқы кітап өлкетанушы-педагог А.Н Седельниковтың отантанудан Ақмола облысы бойынша арнаулы оқу құралының 1916 жылы шыққанын айта кетуге болады.
1. қаз ССР-ы ОМА, ф 27, оп-1, д.56.
2. қаз ССР-ы ОМА, ф 58, оп-1, д.3.
Мектеп өлкетануы бойынша зерттеулер мен бақылаулар жан-жақты тәрбие беру, мектеп оқу бағдарламасымен байланысты көптеген пәндер (олардың ішінде ең алдымен география, биология, тарих) бойынша білімдерін нақтылау, жетілдіру үшін керек. өлкетануға байланысты білім беру, зерттеу нысандарымен танысу кезінде, оқу бағдарламасымен байланыссыз болуы да мүмкін, ондай жағдайда білім беру оқушылардың белгілі-бір пән бойынша алған білімдерін кеңейтуге бағытталады. өлкетану бойынша тәрбие және білім беру барлық жағдайларда нақты, жергілікті жер ерекшеліктеріне негізделеді. Мектеп өлкетануында қолданылатын зерттеу тәсілдері әр түрлі. Олардың ішінде негізгілері экскурсиялар, экспедициялар және туристік жорықтар.
Зерттеу нысанының бірінші түрі, яғни табиғат тақырыбына байланысты жұмыстар, белгілі бір жердің табиғатын оқып-білу 3 бағытта болады: 1) жеке табиғат компоненттері бойынша зерттеу; 2) табиғат кешендерін тұтастай оқып-үйрену немесе зерттеу; 3) табиғаттағы адам қоғамы әсерінен болатын өзгерістерді зерттеу.
Жеке компоненттер бойынша өлке табиғатын білу, зерттеу, оқып-үйрену нысандарының бірі – жергілікті жердің немесе нақты бір территорияның геологиялық құрылымы. Анықталатын мұндағы мәселелер: жергілікті жердің геологиялық құрамы (қандай геологиялық жыныстардан тұрады? ), ол жерлерде кездесетін минералдар түрлері, пайдалы қазбалар, олардың құндылығы және пайдалану жолдары. Геологиялық жұмыстарды өлкетану мақсатында орындау үшін қолайлы жерлер-кристалды жыныстардың жер бетіне шығып жатқан орындары, үңгірлер. Тау жыныстарының кристалдық, метоморфоздық және шөгінді жыныстық түрлері қаралып, талданады, мысалдар келтіріледі. Геология тақырыбы бойынша ерекше орын – үңгірлер. Белгілі бір өлкедегі үңгірлер ерекшеліктерін, олардың пайда болу жолдарын білу, оқып үйрену қажет. Вулкандық тау жыныстары мен кратерлер де геологиялық зерттеу нысаны болады. Теңіздер мен ірі көлдер болатын болса, олар теңіз геологиясына байланысты қаралады. Геологиялық бақылаулар мен зерттеу жұмыстарының келесі нысандары – жергілікті жерлердегі минералдық және термелбдық бұлақ көздері және олрадың емдік қасиеттері мен шаруашылықтық маңыздары.
Жеке компоненттер бойынша жергілікті жердің табиғатын оқып үйренудың келесі тақырыбы - рельеф. Жергілікті жер рельефі пішіндері (тау, жота, тау аралық аңғар, тау аралық қазан шұңқыр, адырлар, сілемдер, сайлар, төбелер, шоқылар т.б.), олардың пайда болу жолдары қаралады. Жергілікті рельеф пішіндерінің жеке, өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Абсолюттік және салыстырмалы биіктіктерге, тау жоталарының жату бағытына, беткейлердің көлбеулілік дәрежесіне, жалпы рельф жағдайының, жеке формалардың ерекшеліктерінің шаруашылыққа тигізетін әсеріне көңіл бөлінеді.
Гидрология бойынша шағын, әлі онша зерттелінбеген өзендер мен көлдер, олардың сипаттамасы берілу керек. Бұл шаруашылық, табиғатты қорғау, туристік т.б. мақсаттар үшін жасалынады. Бұл жердегі айтылатын мәселе, гидрологиялық нысандар (өзендер, көлдер, су қоймалары т.б.) оларды қоршаған территориялармен байланыстыра қаралуы тиіс. өзендер олардың аңғарларының элементтері (арна, жайылма, террассалар) сипаты мен кешенді қаралады. Су режиміне, шаруашылықтың маңыздылығына көңіл бөлінеді. Биік таулы аудандарда, мұздықты жерлерде, гляциологиялық зерттеулер мен бақылаулар жүргізілуі мүмкін. Бұл платиналар, туристік спорттық кешендер т.б. құрылыстар салу үшін маңызды. Су нысандарындағы тіршілік назардан тыс қалмауы керек. Кейбір жерлерде жер асты сулары, олардың жер бетіне шығу жағдайы,өзендер мен көлдер зерттелінеді. Егер батпақты участоктар болатын болса, батпақтарға сипаттама беріледі. өзен торының жиілігі мен өзендер бассейндерге көлемін анықтау қажет. Гидрологиялық экскурсиялар мен экспедициялар кезідегі маңызды тақырыптардың бірі - өзен аңғарының геологиялық құрылымы. Бұл тақырып бойынша жергілікті жердің геологиясын, өзен ерекшеліктерімен және су режиміне байланысты үрдістермен қоса, жалғастыра қарау жүзеге алады.
Белгілі бір жердің (өлкенің) климатына немесе ауа-райына байланысты тақырыптар төмендегідей мәселелерді қамтиды. өлке климатының ерекшелігі, территория орналасқан климаттың белдеу. Жергілікті жердің ауа-райының элементтері мен олардың сипаты (ауа райы элементтеріне жауан-шашын мөлшері, радиация, жел, температура жатады). Микроклимат. Жергілікті жер ерекшеліктеріне байланысты пайда болатын желдерге, олардың жылдамдығына, бағытына көңіл бөлінеді. Шағын табиғат кешендердің (батпақтар, тоғайлар, шағын көлдердің жағалары т.б.) бойында қалыпталатын микроклимат пен ол байланысты болатын локальдық факторлар бақылау назарында болуы тиіс.
Топырақ жамылғысы бойынша өлке орналасқан табиғат зонасы, онда кездесетін топырақ түрлері мен олардың қысқаша ерекшеліктері бақыланады, зерттеледі. Бұл мәселе бойынша топырақ түрлері (нақты бір территориядағы топырақ түрлері) климатпен, оның ішінде, әсіресе, түсетін жауын-шашын мөлшерімен және сол топырақта өсетін өсімдіктер сипатымен байланыста қаралуы керек.
өлкетанудың табиғи тақырыптарға байланысты келесі зерттеу нысаны өсімдік жамылғысы. Бұл компонент бойынша территория орналасқан табиғат зонасы, онда кездесетін өсімдіктер түрлері мен топтары, биоценоздар қамтылады.
Жануарлар дүниесі бойынша өлке территориясында кездесетін жануарлар түрлері мен топтары, олардың мекен ету орталары анықталады. Жануарлар дүниесі және өсімдік жамылғысы туралы мәселер қозғалғанда олардың шаруашылықтық маңыздығы алдыңғы қатарда тұруы қажет. Бұл,әсіресе, кәсіптік аңдар, балықтар түрлеріне, жайылымдық жерлер мен орман учаскілері және оларды қорғауға алуға қатысты.
Жеке компоненттер бойынша белгілі бір территорияның, өлкенің сипаттамасын беру кезінде компонент аралық өзара байланыстылықты ұмытпай, оларды ескеру қажет. Жеке компоненттерді бір-бірімен байланыстыра қараған жөн. өйткені, бір компоненттің ерекшелігі (нақты, белгілі бір жерде) оған байланысты болатын екінші бір компонент ерекшелігіне негізделеді. Осы байланыстылықтардың, яғни жеке компоненттер арасындағы байланыстылықтардың бәрі жиылып, белгілі бір өлкенің табиғи ерекшеліктерінен, өзгешеліктерінен көрініс табады. Мысалы, жауын шашынның және температураның белгілі бір жерде таралуына сол жердің рельеф жағдайы әсер етеді. Бұлар, әғни рельеф жағдайын, жауын-шашын мөлшері мен температуралық режим, өз кезегінде, топырақ, жамылғысы мен өсімдіктер дүниесінің, жануарлар түрлерінің таралуын анықтайды.
Табиғат бойынша жүргізілетін зерттеу, бақылау жұмыстарының келесі үлкен тобы немесе бағыты – табиғат кешендері. Бұл бағыттағы жұмыстардың ерекшелігі – біріншеден, бақылаулар мен зерттеулер жеке компоненттр бойынша емес, тұтастай, территориялық жеке айырмашылықтар бойынша, кешенді қаралады, жеке территориялардың кешендік байланыстылықтары ашылады, екіншіден жеке территориялық кешендер арасындағы горизонтальдық байланыстар ескеріледі. Жан-жақты түрде зерттелетін территориялық жеке кешендер ландшафтар, қоныстар, фациялар немесе мезокешендер түрінде болады.
Табиғат бойынша өткізілетін зерттеу, бақылау жұмыстарының өлкетанудағы үшінші бағыты – табиғатты қорғау, жергілікті жердегі, өлке территориясындағы адам қоғамы әсерінен болатын өзгерістерді зерттеу мәселелері. өлке территориясындағы жалпы экологиялық ситуацияны анықтап, оған баға беру қажет. Дағдарыс алдындағы және экологиялық дағдарыс жағдайындағы аудандарды есепке алып, олардағы дағдарыс деңгейі мен ауқымын талдау, дағдарыстың шығу себебіндегі горизонтальды территориялық байданыстардың әсерін анықтау, өлке территориясы табиғатының өзгеру деңгейіне баға беру және бұл өзгерістерге әсер еткен факторларды тіркеу қажетті іс-шаралар болып табылады. Экологиялық өзгерістерді зерттеу көбіне жеке табиғат кешендерінде жүргізіледі немесе жеке компоненттер бойынша да жүргізілуі мүмкін (мысалы, белгілі бір жердің топырақ жамылғысының немесе ауасының ластануын анықтау т.б.). Бұл бағыттағы жұмыстар негізінде табиғаттағы сирек кездесетін нысандардың өлке территориясы бойынша таралуы анықталады, оларды қорғауға байланысты іс-шаралар белгіленеді. Экологиялық бағыттағы зерттеу жұмыстарының бірі – су нысандарын, өзендер мен көлдердің, әсіресе, шағын өзендердің ластану жағдайын анықтап, қорытындылау. Бұл жерде ластану көздерін табу маңызды мәселе.
өлкетанудың екінші бір зерттеу нысаны немесе мақсаты өлкенің шаруашылығы, онда тұрып жатқан халықтардың кәсіптік ерекшеліктерін анықтау. Бұл мәселе бойынша қаралатын нәрселер: өлке аумағында шаруашылықтың қай салалары басымдау дамыған? өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының қандай салалары басым? Барлық қалған территорияға әсерін тигізетін ірі-ірі өнеркәсіп орталықтары бар ма? өлкедегі шаруашылықтың негізгі салаларына жататын және басқа да ірі кәсіпорындар, зауыттар, фабрикалар, фермалар, транспорт мекемелері. өлке территориясының табиғи ерекшеліктерінің шаруашылыққа тигізер әсері. Көрші региондармен шаруашылықтың байланыстар. Шығатын пайдалы қазбалар, олардың маңызы, пайдалану жолдары. өлке территориясындағы транспорттық құрылым. Зауыттар мен фабрикалардың шикізат көздері. өлкенің қуатпен қамтамасыз етілуі. Кәсіпорындардың болашақ даму мүмкіндіктері. өнеркәсіптің таралу схемасы.
Белгілі бір территорияда, өлкеде тұрып жатқан халықтардың кәсібі жеке аумақтық айырмашылықтарға негізделеді. Бұл айырмашылықтар табиғат жағдайымен, тарихи ерекшеліктермен т.б. жағдайлармен анықталады. өлкетанудың міндеті осындай айырмашылықтарды табу. Бұл жөнінде Қазақстан және дүние жүзі бойынша көптеген мысалдар келтіруге болады. Қазақстан бойынша қазақша текемет, кілемдер негізінен үш облыс аумағында (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл) жасалынады. Ауғанстан халықтарының кейбіреулері керуен жолдарында тасымалдаушы жол серік кәсібін меңгерген. Тибетте, Неапалда тұратын шерп халқы басқа шаруашылық, кәсіп түрлерімен қатар саяхатшылар мен альпинистерге жол көрсетуді кәсіп етеді. Вьетнамдағы таулы жер халықтарының (тхай, мео, пуон, яо, уни т.б.) жазық жердегі вьетнамдықтарға қарағанда егетін күріш сорттары басқа (құрғақшылыққа төзімділу) және террассаларда егеді, бұдан басқа олар аңшылықты кәсіп етеді (әсіресе мео).
Өлкетану бойынша орындалатын бақылау, зерттеу жұмыстарының келесі үлкен тобы белгілі бір өлкенің, онда мекендейтін халықтардың тарихи, тарихи аңшылар, археологиялық орындар, тарихи есерткіштер. Материалдар жиналатын археологиялық орындар көне қалалар қалдықтары, қорғандар, ескі кен орындары, жар тастардағы бейнелер т.б. түрінде болуы мүмкін. Археологиялық орынның орналасқан жері, ең жақын деген мекенге дейінгі қашықтық анықталады. Бағалы, тарихи құнды заттар табылуы мүмкін мәдени қабат басты назарда болады. өлке территориясындағы сақталынған көне қалалардың, археологиялық орындардың бұрынғы сауда жолдарының (мысалы, ұлы Жібек жолы) бойында орналасу жағдайы ескерілуі тиіс. Археологиялық орындары зерттеу кезінде олардың жеке ерекешеліктеріне көңіл бөлінуі керек. Мысалы, әрбір көне қалалардың рабаттары (қала кварталдары), шахиристандары (цитадель) көлемі, сипаты жағынан әр түрде болуы мүмкін. қала қақпалары да керуен жолдарына байланысты түрлі бағыттар бойынша орналасады. Жергілікті археологиялық жерлерді зерттеу кезінде олар туралы мұражайларда қойылған экспонаттарды пайдалануға болады. Тарихи орындардың, оның ішінде археологиялық орындардың ішінде бұрынғы адамдар мекендеген үңгірлер, олардың сипаты, қай тарихи кезеңге (палеолит, мыс ғасыры, темір ғасыры т.б.) жататындығы айқындалады. өлкенің археологиялық картасын жасауға көңіл бөлініп, оған өлке территориясы бойынша орналасқан барлық орындар түсіріліп, белгіленуі керек. Археологиялық орындарға жататын келесі бір нысан– көне суару каналдары. Егер өлке территориясында бұндай жерлер кездесетін болса, олардың ерекшеліктеріне, сақталу деңгейіне көңіл бөлу қажет.
Өлкетанудың тарихи тақырптар бойынша зерттеу нысандарының келесі тобы – тарихи ескерткіштер (мазарлар, мешіттер, көне құрылыс орындары, минареттер, шіркеулер, храмдар, монастырлар, синагогтар, пагодалар т.б.). өлкетану бойынша зерттеулерде кешенді тарихи орындар (тарихи кешендер) ерекше маңызға ие болады. Ондай жерлерге архитектуралық ансамбльдер, тарихи орындар орталықтары, көне қалалар кварталдары, көне алаңдар, көшелер тобы жатады. Кейбір қалаларда қаланың тұтастай бөліктері, кварталдары бұрыңғы орта ғасырлық архитектуралық бейнеде, көріністе сақталған (Талинн, Рига, Венеция, Флоренция т.б.).
Тарихи тақырыптағы зерттеу жұмыстарына сондай-ақ белгілі бір территорияда тарихи кезеңдерде болған, халықтың өмірімен тығыз байланысты болған оқиғалар жайлы деректер жинау, тарихи-мемориалдық орындарды анықтап, тіркеу (Солтүстік Кавказдағы Пушкин мен Лермонтов өмірбаянына байланысты, Санкт-Петербург, Псков облыстарындағы Пушкин есімімен байланысты, Қазақстанның Алматы облысындағы Ш.Уәлиханов есімімен байланысты орындар т.б.) тарихи өлкетану мұражайларындағы экспонаттармен танысу т.б. жатады. Жалпы айтқан кезде, тарихи тақырыптар бойынша зерттеу, бақылау, деректер, материалдар, экспонаттар жинаумен айналысатын өлкетанудың жеке арнайы түрі бар. Ол тарихи өлкетану деп аталады. Жоғарыда айтылып, көрсетілген міндеттер мен атқарылатын жұмыстар осы тарихи өлке тануға тән.
Өлкетанудың келесі зерттеу нысаны—өлке аумағында тұратын, мекендейтін халықтардың этнографиялық немесе ұлттық ерекшеліктері, демографиялық жағдайы, топонимикасы. Жергілікті халықтардың ерекшеліктерін зерттеу кезінде сол халыққа және ең көп таралған, тартымды мақал-мәтелдерді, ән-өлеңдерді, қол өнер, оның ішінде ағаштан ойылып жасалынатын бұйымдар, шашақ, кесте түрлері, ойыншықтар, ыдыстар жасау, киім, аяқ киім тігу, мата және кілемдік бұйымдар, шкатулкалар мен әр түрлі әсемдік бұйымдар т.б. заттар еркешеліктеріне тән деректер жиналады.
Этнографиялық бағытта орындалатын жұмыстардың тағы бір түрі – елді мекендерге сипаттама беру, зерттеу. Бұл мақсат үшін, әсіресе, шағын селолар, елді мекендер қолайлы. Елді мекендерге сипаттама беру немесе зерттеу жобамен төмендегідей жоспар немесе бағдарлама бойынша жүзеге асады. 1) Географиялық орны; 2) Аты және оның шығу тегі; 3) Көлемі; 4) Елді мекен орналасқан жердің табиғат жағдайы; 5) қалыптасу және даму тарихы; 6) Халқы, ұлттық құрамы, халқының кәсібі; 7) Шаруашылығы; 8) Транспорттық жағдайы; 9) әкімшілік – саяси жағдайы; 10) Мәдени маңыздылығы; 11) Ішкі ерекшеліктері; 10) Көрікті орындары, ескерткіштері; 13) Туристік-экскурсиялық маңыздылығы.
Этнографиялық зерттеу жұмыстары сондай-ақ жергілікті тұрғындардың жеке үйлерінің сыртқы және ішкі (интерьер) көріністерін, халықтық медицинаны, салт-дәстүрлерді, сенім-нанымдарды, дінін, тілдік ерекшеліктерін, қоғамдық және жанұялық тұрмыс-тіршілігін, халықтың көркем өнерін, фольклорлын білуге бағытталынуы тиіс. Халықтардың ұлттық мейрамдары мен олардың мәнін, сипатын, би өнерін білу маңызды. Сонымен қатар қол өнерге тән тастан, металдардан, сүйектен бұйымдар жасау назардан тыс қалмау керек. Халықтардың кәсіптік, шаруашылық жүргізу тәсілдеріне, қолданылатын еңбек құралдарына, аңшылық, балық аулау, теңіз кәсібіне, ара шаруашылығына (қосымша немесе негізгі кәсіптер ретіндегі), оларды жүргізу ерекшеліктеріне көңіл бөлінуі қажет. үй жағдайындағы өнім өндіру мен әр түрлі сатуға жарайтын бұйымдар жасау (кілемдер тоқу мен кілемдер түрлері, ат-саймандарын жасау, тері бұйымдары, азық-түліктің қолдан жасалатын түрлері т.б.) мен олардың технологиялық үрдістері, сондай-ақ кейбір көшпенді халықтардың (немесе бұрынғы көшпенді халықтардың) қона-жай ретінде пайдаланатын киіз үйлердің, шатырлардың материалы, дайныдалу технологиясы этнографиялық тақырыптарта жүргізілетін өлкетану жұмыстары ауқымында болады.
Этнографиялық, әлеуметтік бағыттағы зерттеу жұмыстарында халықтың демографиялық жағдайының маңызы зор. Жергілікті тұрғындардың басқа жақтан көшіп келуіне және көшіп кетуіне, санына, тығыздалығына, орналасу ерекшеліктеріне, ұлттық және жас құрамына назар аудару керек. Урбанизация жағдайы ескеріледі.
Этнографиялық бағыттағы зерттеу жұмыстарының маңызды элементі – топонимика. Жол серік кітапшалар, карталар, туристік есеп қағаздары бойынша жергілікті географиялық атауларды, жер-су аттарын білу, анықтау қажеттілігі туындайды. Оның ішінде микротопонимдерді? (көлемі жағынан шағын боп келетін жер-су аттарына байланысты нәрселер) орны ерекше. Шағын ғана бір елді мекен бойында 150-200 тарта жер-су аттарын кездесетіруге болады. Бұл жайылымардың, бақтардың, , өткелдердің, құдықтардың, бұлақтар мен бастаулардың, сайлардың, тоғайлардың, алаңдардың, батпақтардың, шағындардың т.б. жерлердің аттары болуы мүмкін.
Жоғарыда аталынған өлкетанудың зерттеу, бақылауға алу нысандарынан бөлек, көп жағдайда мектеп өлкетануы үшін қолданылатын, басқа да өлке ерекшеліктерін зерттеу нысандары бар. Олар – көбінесе қазіргі заманғы өлке территориясындағы өнер қайраткерлері, туындылары, өнер салаларына байланысты мәселелер. Олардың ішінде бейнелеу өнерінің (скульптура, графика т.б.), архитектураның, әдебиет өнерінің, музыканың (және оның түрлерінің), театрдың, хореографияның, кино өнерінің жағдайы, жеткен табыстары, бұл өнер салалары үшін еңбегі сіңген қайраткерлер мен олардың өміріне байланысты мәселелер қаралуы керек.
өлкетану мен туризм өзара байланысты нәрселер, сондықтан өлкетану жұмыстары кезінде, өлкетанудың зерттеу нысандары ретінде белгілі бір территорияның (ауданның, облыстың, өлкенің) туристік-рекреациялық мүмкіндіктері, туристік ресурстар, туристік әр түрлі нысандар (табиғи, тарихи, әлеуметтік-экономикалық) анықталынуы тиіс. Оның ішінде ерекше көңіл жергілікті жердің, өлкенің рекреациялық жағдайларына, мүмкіндіктеріне бөлінуі тиіс. Сондай-ақ спорттық және т.б. мақсаттар үшін жасалынатын туристік жорықтар жасау мүмкіншіліктері, өлке территориясында орналасқан нысандар бойынша экскурсиялар өткізу жағдайы, туристік-рекреациялық зоналар, туристік орталықтары, ұлттық парктер құру мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне бөлінеді. Жергілікті жерлерде туристік базалар құру, ол үшін және пансионттар мен демалыс үйлерін, санаторийлер алу үшін, яғни, екінші сөзбен айтқанда, белгілі бір нақты, локальдық масштабтағы территорияны тұрақты түрде туристік мақсаттар үшін пайдалануда жерлерді, орындарды олардың сыртқы әсер күштеріне деген табиғи тұрақтылығына көркемділігі мен қайталанбас ерекшеліктеріне, рекреациялық мүмкіндіктеріне байланысты таңдап алу, осындай туристік-рекреациялық орындардың транспортпен, коммуникациямен т.б. инфрақұрылымның бөліктері мен жергілікті жер ерекшеліктері бойынша, оларды ескеріп, есепке ала отырып қамтамасыз етуді жоспралау, жобалау қажет болып табылады.
Бұл да өлкетанудың практикалық маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет