Студент: Аманжолова Б. А. Тобы: дги-201в



бет13/19
Дата26.11.2023
өлшемі145,2 Kb.
#128240
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
2. Кіріспе.
Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) қазақстан Республикасы Президентінің “қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы” 2000 жылғы.
17 ақпандағы №344 жарлығына сәйкес әзірленді. Бағдарлама экономиканың басым секторы ретінде саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін қамтиды.
1996 жылғы 21 қазандағы Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясының міндеттемелерін орындау шеңберінде қазақстан Республикасы Президентінің “Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік Туристік ұйымның ұлы Жібек жолы бойындағы туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобасын қазақстан Республикасында іске асыру туралы” 1997 жылғы 30 сәуірдегі №3476 жарлығына, қазақстан Республикасы Президентінің “Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау” мемлекеттік бағдарламасы туралы 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 жарлығына қол қойды.
Туристік инфрақұрылымды дамыту және қазақстандық туристік өнімді әлемдік рынокқа жылжыту мақсатында қазақстан Республикасы үкіметінің бірқатар мынадай: “қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы” 2000 жылғы 26 қазандағы №1604, “Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы” 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631, “Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы” 2000 жылғы 29 желтоқсандағы №1947 қаулылары қабылданды. қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 6 наурыздағы №333 қаулысымен қазақстан Республикасында Туризмді дамытудың тұжырымдамасы бекітілді.
қазақстан Республикасының бірегей табиғи және мәдени әлеуетіне, жер бедерінің және табиғатының әркелкілігіне негізделген, туристердің кез келген сұранымын қанағаттандыруға қабілетті қазіргі заманғы туристік индустрия неғұрлым серпінді дамып келе жатқан және салаға салынған капиталдың қайтарымы бойынша тиімді әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне туризмнің икемді ықпалдасуының табиғи жүйе құрушы факторы болып табылады. Туризммен сабақтас салаларды (көліктік–коммуникациялық инфрақұрылым, сервис, құрылыс, сақтандыру және т.б.) дамытуға және инвестициялық белсенділікті ынталандыруға негізделген қазақстандық туристік өнімнің кешенді түрде іске асырылуы халықтың жұмыспен қамтылуының және ел табысының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандарының рекреациялық сыйымдылығының шегіне байланысты және қазақстанның туристер келетін аумақтарының тізімін жаңалау мен кеңейту қажеттілігі халықаралылық туризм жүйесінде өзінің лайықты орнын алуына нақты мүмкіндік туғызады.
Мемлекетаралық, мемлекеттік және жекеше деңгейлерде туристік салада даму және жоспарлау саясатын үйлестіруге, қазақстан Республикасында туризмді мемлекеттік басқаруды және дамытуың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының базасында қамтамасыз етуге зор рөл берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет