Студент: Қуантай Ақбота Бұқар жырау Қалқаманұлы



Дата08.01.2023
өлшемі16,77 Kb.
#60652
Байланысты:
Бұқар жырау Қуантай Ақбота


Студент: Қуантай Ақбота


Бұқар жырау Қалқаманұлы
 (1668—1781) 


Жиырма деген жасыңыз


Жиырма деген // жасыңыз// 8 А
Ағып жатқан/// бұлақтай,// 7 Б
Отыз деген// жасыңыз// 7 А
Жарға ойнаған //лақтай.// 7 Б
Қырық деген// жасыңыз//
Ерттеп қойған// құр аттай.//
Елу деген //жасыңыз//
О да бір көшкен// ел екен,//
Алпыс деген// жасыңыз//
Қайғылы - мұңлы //күн екен,//
Сексен деген// жасыңыз//
Қараңғы тұман// түн екен,
Тоқсан деген// жасында//
Ажалдан басқа// жоқ екен.//
Өлеңнің мазмұны

Бұқар жыраудың “Жиырма деген жасыңыз” толғауы адам өмірінің кезең-кезеңіне арналған. Адам өмірінің әр кезеңінің ерекшеліктеріне тоқтала келе, жастық шақты «ағып жатқан бұлаққа», «жарға ойнаған лаққа», «ерттеп қойған құр атқа» теңейді. Адамның жастық шағы мен кәрілік кезеңін бір-біріне қарама-қарсы суреттеу арқылы жырау жас ұрпаққа шастық шақты өз мәнінде өткізу керектігі туралы өсиет тастаған.


Өлеңнің көркемдік ерекшелігі

Бұхар жырау толғауларының көркемдігі өз алдына үлкен тақырып.Ол толғау жанрының өзіне дейінгі көркемдік өрнектерін бойына сіңіріп,өзіндік қол таңбасын жасаған.


Бұхардың теңеулері де өмірден , айналадан алынған әрі бұрыннан бар кәнігі образдар. Бұхар жыраудың “Жиырма деген жасыңыз” атты толғауларында мынадай теңеулер кездеседі:әр бір он жылдық адам өмірінің бірін,ағып жатқан бұлаққа, екіншісін, ерттеп қойған құр атқа, үшіншісін, жарға ойнаған лаққа теңейді. Толғауда заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын эпитеттерде кездеседі. Мысалы, “ О да бір көшкен ел екен”, “ Қайғылы мұңоы күн екен”, “ Қараңғы тұман түн екен”, деген жолдарда кездестіре аламыз. Жалпы толғау 14 тармақты, 7-8 буынды, 2 бунақты, шалыс ұйқас (а,б,а,б) негізінде құралған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет