Студентке арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)



бет2/7
Дата12.10.2022
өлшемі249,5 Kb.
#42541
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
filosofiya rup kaz. 2022-2023zh moldir 15.09.22

1. Негізгі мәліметтер

Факультет

Барлық факультеттерге арналған

Мамандық (шифры, аты)

Барлық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларына арналған

Курс, семестр

2-курс, 3,4-семестр

Пән статусы

ЖББ/ МК

Кредит саны

5

Сабақ өтетін аудитория

№ 1,3,4,6,7,10,11 оқу ғимараттары

Дәріскер

Аға оқытушы Сырбаев Е., аға оқытушы Сембаев Р.М., аға оқытушы Шардарбеков А., аға оқытушы Сембаева М.М., аға оқытушы Нуралина Б.

Практикалық сабақтарды жүргізетін оқытушылар

Аға оқытушы Сырбаев Е., аға оқытушы Сембаев Р.М., аға оқытушы Шардарбеков А., аға оқытушы Сембаева М.М., аға оқытушы Нуралина Б.
№3 оқу ғимараты, №512 ауд., тел:264-17-84
Консультация мерзімі:әр сейсенбі сағат 1200-1400



2. Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер:

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, Әлеуметтік-саяси білімдер модулі.

Постреквизиттер:

Ғылым тарихы мен философиясы

3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Философия пәні және оның қоғам өмірінде алатын орны, зерттеу нысаны, әдістері және қызметтерімен таныстыра отырып, философия пәні туралы білім қалыптастыру. Студенттер өз ойларын логикалық түрде баяндай алуы, философиялық пікірталасты сауатты жүргізуді, қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша өзіндік көзқарастарын дәлелді түрде қорғай алуы.

Міндеттері: Студенттердің дүниетанымдық бағытын қалыптастыру, өзінің практикалық қызметінің бағыттары мен жаңа формаларды таңдау, адам және қазіргі әлемдегі оның болмысының мүмкіндік беретін мәселелерді жан-жақты және терең талдау. Болашақ мамандардың бойында философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негізін қалыптастыру.

4. Студенттің жұмыс уақытының бөлінуі

Барлығы
(көлемі)

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс жұмыс БӨЖ

Дәріс



Практикалық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

5 кредит-
150 сағат

50 мин./саб.

50- мин./саб.

25 сағат


75 сағат

15 сабақ

35 сабақ

5. Пәнді оқығаннан кейін студент:
- білуі тиіс: философияның пәнін, қызметтерін, негізгі бөлімдерін, философияның адам мен қоғам өміріндегі орны мен рөлін, әлемдік және қазақ философиялық ойының негізгі даму кезеңдерін.
-дағдысы болуы керек: арнайы философиялық терминологияны және философияның категориялық-ұғымдық аппаратын қолдануды, зерттеліп отырған философиялық сұрақтар бойынша өз ойларын логикалық түрде баяндауды.
-құзыретті болу керек: философияны оқудың философиялық білімнің теориялық , қолданбалы, құндылық тұрғыларын ерекшелеуге мүмкіндік туғызады.

6. Курс саясаты
Сабақтан кешікпеу және қалмау, оқытушы ұсынған сабақтың мазмұнын мұқият тыңдау және сабаққа белсене араласу, аудиторияда ұялы телефонды өшіріп қойып жұмыс істеу, қалған сабақтарды қосымша орындау, кітапханада және үйде өз бетінше дайындалу.
Ең үлкен балл студентке тапсырманы уақытында және жоғары сапамен орындағаны үшін беріледі. Тапсырманы уақытында оқытушыға өткізбеген жағдайда балл азаяды. Аралық бақылауларды, СӨЖ-ді (семестрлік жұмыстар) тапсырмаған студент емтиханға жіберілмейді. Емтиханға кіруге рұқсат алу үшін студент ағымдағы және межелік бақылау нәтижесінде 50% - дан жоғары бал алуы керек.
Емтиханда студент ең көбі 100% алады. Жоғары бал алу үшін емтиханның барлық сұрақтарына толық жауап беру керек. Толық жауап болмаған жағдайда пайыз мөлшері азаяды. Студенттердің оқу жетістіктері (білімі,іскерліктері, дағдылары мен құзіреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквивленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар «А»-дан «Д»-ға дейін азаю арқылы және «қанағаттанарлықсыз» - «FХ», «F») балдармен бағаланады. (Білім алушының білім жетістігін әріптік жүйемен бағалау кестесі құжаттың соңында келтірілген.
«FХ» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, студент оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие.
«F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, студент осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды, және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
Емтиханда студент ең көбі 100% алады. Ондай бал алу үшін емтиханда барлық сұраққа толық және сапалы орындалған жауап беру керек. Жауабы толық болмаса немесе орындау сапасы төмен болса, онда пайыз мөлшері азаяды. Емтихан-тестке 30 сұрақ. Әр сұрақ 1 баллмен бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет