Студентке арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)


СОӨЖ тапсырмалары - 25 сағат



бет5/7
Дата12.10.2022
өлшемі249,5 Kb.
#42541
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
filosofiya rup kaz. 2022-2023zh moldir 15.09.22

4. СОӨЖ тапсырмалары - 25 сағат



СОӨЖ тақырыптары





Сағат саны



Ұсынылған әдебиеттер және басқа әдеби көздер

1

2

3

5


«Философия және «Рухани жаңғыру» презентациясын дайындау.

2

Негізгі әдебиеттер [1-11]
Қосымша әдебиеттер [12-27]


Философияны Қазақстанның үшінші жаңаруының дүниетанымдық негізі ретінде түсіндіру және негіздеу.

2


«Шығыстың рухани құндылықтары. Шығыс даналығынан қазіргі заман адамы не таба алады?» тақырыбына Ежелгі Қытай мен Ежелгі Үнді философиясы негізінде қысқаша ұсыныстар жасау.

2




Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектеріне рефлексия негізінде бақыт жайлы эссе дайындау.

2





Философияның негізгі мәселелерінің пайда болуы мен оның қазіргі адам мен адамзат үшін қаншалықты өзектілігін ашатын резюме дайындау (Энтони Кенни. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том. «Антика философиясы. Кіріспе»; Дерек Джонстон. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін. «Кіріспе»; Реми Хесс. Философияның таңдаулы 25 кітабы. «Кіріспе».)

2





«М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары» тақырыбына презентация дайындау (Дерек Джонстон. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін, 13-тарау. «Мартин Хайдеггер: біз болмысты ұмыттық»; Реми Хесс. Философияның таңдаулы 25 кітабы. 21-тарау. «Болмыс және уақыт»).

2







Дерек Джонстон оқулығының 1 тарауымен танысыңыз «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін». 1-тарау. «Сократ и Платон: От пен Күн» және « Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылуы» эссе жазыңыз.

2





Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы» оқулығын оқып шығып , Ортағасырлардағы схоластар философиясы туралы презентация дайындаңыз (Энтони Кенни. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы. 2-тарау. «Схоластар: ХІІ ғасыр схоластарынан Ренессансқа дейін»).

2





Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазіргі мәдениеттегі ақпараттың рөлін гносеологиялық талдау негізінде «білім-ақпарат» салыстырмалы кестесін дайындаңыз.

2





Дедуктивті және индуктивті ойлауға салыстырмалы талдау жасаңыз (Дерек Джонстон. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін. 2-тарау. Аристотель: ақылды пайымдау; Реми Хесс, «Философияның таңдаулы 25 кітабы», 4-тарау. «Рене Декарт. Ақыл-ойыңды дұрыс бағыттап, ақиқатты ғылымнан іздеу әдісі туралы пайым»).

2





«Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм»: скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе-негіздеме жасаңыз.

1





«Қоғамдық сана жаңғыруындағы сыни ойлау» тақырыбына алғашқы деректерді сыни талдау негізінде презентация дайындаңыз (мысалы, Б. Рассел «Сыни ойлаудың он қағидасы» және басқа.).

1





Қазіргі жаһандық мәселелерді (нақты жағдайды талдау арқылы мысалы, терроризм, экологиялық дағдарыс, миграция т.б.) түсіну мен шешудегі философияның рөлі мен мүмкіндіктерін зерттеу нәтижесінде эссе-қорытынды жазыңыз.

1





«Эпикур мен Зенон: жақсы өмірдің сыры» негізінде эссе-негіздеме жасау (Дерек Джонстон. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін, 3-тарау.).

1





Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабындағы»
Ж.П.Сартрдың шығармашылығына арналған тарауын оқып шығып (Реми Хесс Философияның таңдаулы 25 кітабы. 23-тарау. «Жан Поль Сартр»; Дерек Джонстон. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін. 14-тарау. «Жан Поль Сартр: экзистенциалистің азабы»), Сартрдың «Адам еркіндік жазасына кесілген» деген тұжырымын түсіндіріңіздер

1






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет