Ашық пневматоракста алғашқы көмек көрсету. Анықтамасы: ашық пневматоракс көкірек клеткасындағы жарақаттан плевра қуысына дем алғанда кіріп, дем шығарғанда сыртқа шығумен сипатталады.
Мақсаты:науқастың жағдайын жақсарту, тыныс алу бұзылысының алдын-алу.
Көрсетпе: жара аймағынан ауаның еркін кіруі, пневматоракстың болуы.
Қарсы көрсетпе: жоқ.
Қажетті заттар:биялай, стерильді салфетка, лейкопластырь, жақпа май, шприц, трамадол-2мл н/е кетатоп-2мл, спирт, кислород.
Іс-әрекет алгоритімі Қолымызды спиртпен сүртіп биялай киеміз.
трамадол-2мл немесе кеторол 2мл, б/е саламыз;
жарақаттың айналасын 70% спиртпен өңдейміз;
жарақатқа окклюзионды таңғыш салынады (бұл үшін жарақат айналасындағы теріге кез-келген майлы ерітінді жағып, үстіне ауа өткізбейтін материал (клеенка, целлофан т.б)) қойып жабу керек. Үстіне көкірек клеткасына салынатын спираль тәрізді таңғышпен нығайтып байлаймыз. Жеке таңу пакетінің резиналы қапшығының ішкі зарарсыздандырылған жағын қойып, сыртынан лейкопластырмен немесе спираль тәрізді таңғышпен байлауға болады. Кіші жарақаттарды лейкопластырмен, жабуға болады;