Студентке арналған тапсырма: «Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу»


Қан тобын стандартты сарысулармен анықтау техникасы



бет26/28
Дата26.03.2023
өлшемі231,85 Kb.
#76291
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Студентке арнал ан тапсырма «Жараны ал аш ы хирургиялы деу»

Қан тобын стандартты сарысулармен анықтау техникасы .
Мақсаты: қанның тиісті тобын анықтау.
Көрсеткіш: қан құю қажеттілігі: ота кезінде, ота алды кезінде, қан аурулуарында.
Керекті заттар: қан тобын анықтайтын тарелка, изотоникалық ерітінді, пипеткалар, шыны таяқшалар, бірреттік скарификатор, стерильді шариктер, 70% спирт, 2 сериялы стандартты гемагглютинациялық сарысулар, құмсағат, стерильді биялай, ҚУҚ, .
Іс әрекет алгоритмі:

  1. Стандартты гемагглютинациялық сарысулардың сапасын анықтаңыз: сыртқы көрінісінен (мөлдір), ампуланың сақталуы, қан тобы көрсетілген этикеткасымен, титрі, сақталу мерзімі.

  2. Науқасқа іс-шара барысын және мақсатын түсіндіріңіз.

  3. Науқастың жалпы жағдайын бағалай алатындай қалып беріңіз.

  4. Қолдың гигиеналық деңгейде деконтоминациясын тексеріңіз.

  5. Стерильді биялай киіңіз.

  6. Тарелканың арнайы ұяшықтарына жеке пипеткалармен стандартты сарысуларды 1 үлкен тамшыдан 2 серияға тамызамыз (І,ІІ,ІІІ топтар).

  7. Мақталы тампонды спиртке малып сол қолдың есімсіз саусақтың ұшын өңдеңіз.

  8. Скарификатормен шаншыңыз,бірінші тамшысын стерильді мақталы тампонмен сүртіп тастаңыз.

  9. Екінші тамшысын капиллярмен сорып алып

  10. Ұяшықтарға 1 кіші тамшыдан тамызамыз (кан тамшылары мен сарысулар арақатынасы 1:10 болу қажет)

  11. Әрқайсысын жеке шиша немесе пластмасса таяқшаларымен араластырыңыз,

  12. Қолданылған таяқшаларды дезинфекциялық ерітіндіге тастап отырыңыз;

  13. Сонан соң тарелканы қолға алып ақырын 5 минут ағымында шайқап отырыңыз;

  14. 5 минуттан кейін әр бір тамшыға бір тамшыдан пипеткамен натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісін тамызыңыз;

  15. Агглютинация реакциясының пайда болуына қарай қорытынды шығарыңыз

  16. Егер агллютинация реакциясы ешқандай тамшыда байқалмаса, бұл қанда бұл бірінші қан тобы О(I) болып саналады;

  17. Егер агллютинация реакциясы бірінші және үшінші қан тобында байқалып, екінші топта байқалмаса, бұл екінші қан тобы А(II) болып саналады;

  18. Егер агглютинация реакциясы бірінші және екінші тамшыда байқалып, үшінші топта байқалмасабұл қан үшінші қан тобы В(III) болып саналады;

  19. Егер агллютинация реакциясы бірінші, екінші, үшінші қан тамшыларында байқалса, ал қосымша зерттеуде төртінші топ ұящығында байқалмаса,бұл қан төртінші қан тобы АВ(IV) болып саналады;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет