Қан тобын стандартты сарысулармен анықтау техникасы . Мақсаты: қанның тиісті тобын анықтау.
Көрсеткіш: қан құю қажеттілігі: ота кезінде, ота алды кезінде, қан аурулуарында.
Керекті заттар: қан тобын анықтайтын тарелка, изотоникалық ерітінді, пипеткалар, шыны таяқшалар, бірреттік скарификатор, стерильді шариктер, 70% спирт, 2 сериялы стандартты гемагглютинациялық сарысулар, құмсағат, стерильді биялай, ҚУҚ, .
Іс әрекет алгоритмі: Стандартты гемагглютинациялық сарысулардың сапасын анықтаңыз: сыртқы көрінісінен (мөлдір), ампуланың сақталуы, қан тобы көрсетілген этикеткасымен, титрі, сақталу мерзімі.
Науқасқа іс-шара барысын және мақсатын түсіндіріңіз.
Науқастың жалпы жағдайын бағалай алатындай қалып беріңіз.
Қолдың гигиеналық деңгейде деконтоминациясын тексеріңіз.
Стерильді биялай киіңіз.
Тарелканың арнайы ұяшықтарына жеке пипеткалармен стандартты сарысуларды 1 үлкен тамшыдан 2 серияға тамызамыз (І,ІІ,ІІІ топтар).
Мақталы тампонды спиртке малып сол қолдың есімсіз саусақтың ұшын өңдеңіз.
Сонан соң тарелканы қолға алып ақырын 5 минут ағымында шайқап отырыңыз;
5 минуттан кейін әр бір тамшыға бір тамшыдан пипеткамен натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісін тамызыңыз;
Агглютинация реакциясының пайда болуына қарай қорытынды шығарыңыз
Егер агллютинация реакциясы ешқандай тамшыда байқалмаса, бұл қанда бұл бірінші қан тобы О(I) болып саналады;
Егер агллютинация реакциясы бірінші және үшінші қан тобында байқалып, екінші топта байқалмаса, бұл екінші қан тобы А(II) болып саналады;
Егер агглютинация реакциясы бірінші және екінші тамшыда байқалып, үшінші топта байқалмасабұл қан үшінші қан тобы В(III) болып саналады;
Егер агллютинация реакциясы бірінші, екінші, үшінші қан тамшыларында байқалса, ал қосымша зерттеуде төртінші топ ұящығында байқалмаса,бұл қан төртінші қан тобы АВ(IV) болып саналады;