Студентке мінездеме



Дата27.02.2023
өлшемі28,88 Kb.
#70229
түріСабақ

СТУДЕНТКЕ МІНЕЗДЕМЕ

Алматы қаласы Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің Жаратылыстану институты 6B01508-Химия биология 3 курс студенті Дауылбаева Раъно Ергенбайқызы 23.01.2023-25.02.2023 күндер аралығында химия және биология пәнінен Педагогикалық практикадан өтті.


Раъно практика барысында химиядан 7 «А», 8 «А» сыныптарына күнтізбелік жоспарына сәйкес сабақтарды өтті. Тәрбие сағаттарын 6 «А», «Ә» сыныптарына «Әскери-интернационалистерді еске алу күні», «Достық» тақырыптарында сабақ берді.
Күнделікті сабаққа дайындықпен келді. Үй тапсырмасын химиялық диктант, тест сұрақтары, ойындар құрастыру арқылы бағалап отырды. Дауылбаева Раъно ашық сабақтарда өз тақырыптарын жақсы түсіндіріп, әртүрлі қызық ойындар ұйымдастыра алды. Сабаққа жауапкершілікпен дайындалады. Түрлі ойындармен, көрнекіліктерімен, қызықты тапсырмаларымен сабақтың негізгі мақсатына жете алды. Жалпы оқушының қызығушылығын оята білді. Сабақ барысында ең алдымен тыныштыққа қатты мән береді. Әрбір оқушының сабаққа қатысып отырғанын қадағалайды.
Раъноның өзіне тоқталатын болсам, мінезі ашық-жарқын, жауапкершілігі бар, көңілді, іздемпас, белсенді студент. Балалармен тез тіл табыса алады. Сабақта әр тақырыпқа байланысты өз пікірін қалыптастыра біледі. Жетекшілер тарапынан кеңестермен жұмыс жасай алады.
Жетекші бағасы Ясын А.Н

Қолы __________________________________
Мекеме басшысы Оспанбек Б.Р


М.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет