Мақсаты: Студенттерді ашық тәрбие сағатына қатыстыра отырып, өзге
ұлттарды қазақ тілінде таза сөйлету, менгерту, ақын жазушыларымыздың
шығармаларын, өлеңдерін жатқа айтқызу,патриотизмге шақыру, ұлттар
арасындағы достығын ұлғайту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,
өздерінің өнерлерін ортаға салып, жан-жақты дамыту. Студенттердің қарым-
қатынасын нығайту. Оқушыларды заман талабына сай, үш тұғырлы тіл,
мәдениетін меңгеру, өзге ұлттардың тілі мен салт дәстүр, әдет – ғұрпын
ұғындыру.
Түрі: Сыныптан тыс ашық тәрбие сабағы.
Әдісі: үш тілде сөйлеу, мәнерлеп өлең оқу, өзге ұлттардың биін билеп әнін
шырқау.
Көрнекіліктер: Слайд, бейне таспа, т.б.
«Тәуелсіздікке- 25 жыл», (Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген…)
І жүргізуші: Алмасбек
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
ІІ жүргізуші: Аружан
Тәуелсіздік. Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр -арқаңнан айрылып
III жүргізуші: Ксения
Приветствуем
вас
на
нашем
празднике,
посвященном
25-летию
Независимости Республики Казахстан!
IV жүргізуші: Алла
Welcome to our celebration devoted to 25-anniversary of independence of the
Republic of Kazakhstan!
I Жүргізуші: Алмасбек
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген… Ж. Молдағалиевтің осы өлең
жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын
айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы
ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан
Соғысы, желтоқсан көтерілісі: Тәуелсіздіктің құны міне осындай…
II жүргізуші: Аружан
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Биыл 2016 жылы
дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды. Ал, егеменді
еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толған мерейлі тойына арналған
«МЕН – ҚАЗАҚПЫН, МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН…» Ашық тәрбие
сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
I жүргізуші: Алмасбек
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан
мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы
кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік. І ж: 1723-1725 жылдар А
қтабан шұбырынды. ІІ ж: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы
көтеріліс. І ж: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық
көтеріліс. ІІ ж: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
І ж: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі. ІІ ж: 1936-1938 жылдар репрессия
кезеңі. І ж: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы. ІІ ж: 1986 жылы Желтоқсан
оқиғасы.
III жүргізуші: Ксения
16 декабря 1991 года Казахстан объявил о своей независимости, которая
была
юридически
закреплена
Конституционным
законом
«О
государственной независимости Республики Казахстан».
IV жүргізуші: Алла
On 16 December 1991 Kazakhstan declared its independence, which was legally
enshrined in the Constitutional law "On the state independence of the Republic of
Kazakhstan".
I оқушы: Дәулет
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен, Еуропада, Азияда емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей, Бірақ барша адаммен тең өстім мен. Мен
қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың
да бір тірілдім қайта өлмеске Айта бергім келеді, айта бергім.
II оқушы: Манас
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса Қалдырған бақыт бұлбұлым.
IІІ оқушы: Мариям
Озбырлық күшпен тұншығып, Үміттің оты өшкен күн. Жанына таппай бір
шындық, Ер Қайрат қыршын кеткен күн. Қайғы езіп, елдің еңсесін
Жаншыды-ау жанын батпан күн!
IV оқушы: Закида
Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің
25 жасың құтты болсын нұр елім
25 жылда шықтың талай белеске
Қазақстан жасай берші гүл елім!
V оқушы: Али
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
VI оқушы: Сухраб
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
VII оқушы: Бексұлтан
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
VIII оқушы: Бағдат
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.
IX оқушы: Данияр
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Т – білдіреді теңдікті,
Ә — әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
І –ізгілік пен ілтипат
Д – шақырады достыққа,
К – дейді күн боп көктегі Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
I Жүргізуші: Алмасбек
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ
ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді
осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік. І ж: 1723-1725 жылдар А
қтабан шұбырынды. ІІ ж: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы
көтеріліс. І ж: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық
көтеріліс. ІІ ж: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
І ж: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі. ІІ ж: 1936-1938 жылдар репрессия
кезеңі. І ж: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы. ІІ ж: 1986 жылы Желтоқсан
оқиғасы.
I Жүргізуші: Алмасбек
Ән Атамекен
III жүргізуші: Ксения
Песня Атамекен
IV жүргізуші: Алла
Song Atameken
ІІ жүргізуші: Аружан
Нұрсұлтан Бәкір өлең жолдары « Мен қазақпын мың өліп мың тірілген»
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
Нұрғисаның орындауында «Күй»
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
Звучи, звучи, моя домбра! Пусть льется музыка моя! Пусть льется
музыка веселья, чтоб громче птицы в небе пели. Исполняется музыкальная
композиция на домбре
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
Орыс халқының ұлттық биі (Ксения, Диана)
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
I Жүргізуші: Алмасбек
Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы
құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол
Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986
жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар
шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды.
Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған
ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. Мұғалім: Желтоқсан
құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз. Ж.Ә.Тінәлиевтің
«Желтоқсан желі» әні орындалады.
ІІ жүргізуші: Аружан
М. Мақатаев «Үш бақытым» Өлеңі (Орфониди Ирина)
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
Ұйғыр халқының ұлттық биі (Бағдат, Данияр, Расул)
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
Аленаның орындауында «Отан» туралы өлең
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
Түрік халқының биі (Аделинна,Салтанат, Дамир,Бексұлтан)
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
Ағылшын тілінде Оразахунова Мариямның орындауыда «Қазақсатан»
туралы шығарма
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
«Желтоқсан» туралы өлең (Закида)
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
Өзбек биі ( Камила, Томирис, Алена)
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
«Тәуелсіздік» туралы өлең (Арзымбетова Диана )
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
Әсемнің орындауында «Қазақ биі»
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
«Тәуелсіздік» туралы көрініс (Диас, Манас, Алмасбек)
ІІ жүргізуші: Аружан
Әсемнің орындауында «Ерекше би»
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
Ән «Менің Қазақстаным» (Бәріміз айтамыз)
III жүргізуші: Ксения (Орысша)
IV жүргізуші: Алла (Ағылшынша)
ІІ жүргізуші: Аружан
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Мен – қазақпын,
мың өліп, мың тірілген…» атты Ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Көңіл бөліп келгендеріңізге Рахмет!
III жүргізуші: Ксения
Всех нас, людей всех национальностей объединяет общее, имеющее
одно из важнейших понятий: Мы — народ Казахстана! И в этом Казахстан —
уникальное государство с многообразием культур и религий
Нам нужен мир! Тебе, и мне, И всем на свете детям! И должен мирным быть
рассвет, Который завтра встретим. Нам нужен мир! Трава в росе, Улыбчивое
детство! Нам нужен мир! Прекрасный мир, Полученный в наследство! Нам
нужен разноцветный луг, И радуга над лугом! Нам нужно бегать, прыгать,
петь И говорить друг с другом!
Мы дружной семьею живем в Казахстане. Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков Дружба народов всех возрастов.
Пусть всегда будет Мир, пусть всегда будет солнце!
IV жүргізуші: Алла
We need peace! You, me and everything children! And peace needs to be the
dawn, Which tomorrow will meet. We need peace! The grass in the dew, Smiling
childhood. We need peace! Beautiful world, inherited! We need a colorful meadow
And a rainbow over the meadow! We need to run, jump, sing And talk to each
other!
We are a friendly family living in Kazakhstan. Tatars, Uighurs and Russians
with us. So let grow stronger forever Friendship of peoples of all ages.
Соңында Ән «Көк тудың желбірегені».
Біз тәуелсіз Қазақстан ұрпақтары – туған халқымыздың ата-дәстүрін
жалғастырамыз!!!
Достарыңызбен бөлісу: |