1.1. Кәсіпорынға (мекемеге, ұйымға) _______________________________
________________________________________________________________ білім беру бағдарламасы / мамандығы бойынша білім алушыларды академиялық күнтізбеге сәйкес зерттеу іс-тәжірибеден өтуге жіберу.
1.2. Зерттеу іс-тәжірибенің басталуына дейін кәсіпорынға (мекемеге, ұйымға) білім алушылар санын көрсете отырып, кәсіптік іс-тәжірибені өту бағдарламасын, күнтізбелік кестесін ұсыну.
1.3. Кәсіпорын (мекеме, ұйым) мамандарымен жүргізілетін дәріс пен экскурсиялардың тақырыптық жоспарын, сонымен қатар іс-тәжірибе базасында сабақ беру жоспарын дайындау және кәсіпорынмен (мекемемен, ұйыммен) келісу.
1.4. Білім беру ұйымының тәжірибелі оқытушылары қатарынан іс-тәжірибе жетекшісін тағайындау.
1.5. Білім алушылардың берілген кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) қызметкерлеріне міндетті еңбек тәртібін, ішкі ережелерін сақтауын қамтамасыз ету.
1.6. Кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлеріне зерттеу іс-тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік көмек көрсету.
1.7. Егер іс-тәжірибе өту барысында білім алушылардың қатысымен жазатайым оқиғалар орын алған жағдайда оны тексеруге қатысу.
2. Кәсіпорын (мекеме, ұйым) міндеттенеді:
2.1. Білім беру ұйымының күнтізбелік жоспарына сәйкес білім беру ұйымы білім алушылар зерттеу іс-тәжірибеден өтуі үшін орын ұсыну.
2.2. Осы келісім-шартқа сәйкес білім беру ұйымының тектес білім беру бағдарламалары бойынша зерттеу іс-тәжірибеге жіберілген білім алушыларды жолдама бойынша қабылдау.
2.3. Әрбір жұмыс орнында білім алушылардың қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша білім алушының тиісті журналға қолын қойғызу арқылы міндетті нұсқау жүргізу (кіріспе және жұмыс орнында). Қажетті жағдайларда жұмыс істеудің қауіпсіз әдістеріне білім алушыларды оқытуды жүргізу.
2.4. Білім алушылардың зерттеу іс-тәжірибе бағдарламасын орындауы үшін қажетті жағдай туғызу. Мүмкіндігінше білім алушыларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, білім алушының іс-тәжірибе бағдарламасын табысты меңгеруі мен жеке тапсырмаларды орындауына қажетті зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбалар және сызбаға қажетті құралдарды, техникалық және де басқа құжаттамаларды пайдалануына мүмкіндік беру.
2.5. Білім алушыларды іс-тәжірибе бағдарламасымен қарастырылмаған және білім алушының білім беру бағдарламасына қатысы жоқ жұмыстарға пайдалануға жол бермеу.
2.6. Кәсіпорын (мекеме, ұйым) бөлімшелерінде (бөлімдерінде, цехтарда, зертханаларда және т. б.) білім алушылардың зерттеу іс-тәжірибесін басқару үшін білікті мамандармен қамтамасыз ету.
2.7. Зерттеу іс-тәжірибе аяқталған соң әрбір білім алушының жұмысына мінездеме беру және білім алушы дайындаған есептің сапасын бағалау.
2.8. Білім алушылардың кәсіпорындағы (мекемедегі, ұйымдағы) еңбек тәртібі мен ішкі ережелерін бұзған барлық жағдайлары туралы білім беру мекемесіне хабарлап тұру.