Студенттердің ОҚудағы жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары «хх ғасырдың 40-60-жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы»



бет4/14
Дата22.12.2022
өлшемі165,36 Kb.
#58940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ДКЯЛ2-20к Емтихан жауаптары

Сұлтанмахмұт Торайғыров (28 қазан 1893, қазіргі Қызылту ауданы, Көкшетау облысы – 21 мамыр 1920, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы) – ақын, ағартушы.
Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты . Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы “Таныстыруда” Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. “Адасқан өмір” – Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. “Кедей” поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. “Айтыс” поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері “шындықтың ауылын іздеумен” байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның тенденциясы да сыншыл

  1. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының қазақ әдебиетіндегі орны.

С.Торайғыров (1893-1920) ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті тұлғаларының бірі.
“Қамар сұлу” романы – С.Торайғыров шығармашылығының жаңа сапаға өткелі тұрғанын, көркемдік-идеялық ізденістерін анық көрсететін шығарма. Онда қаламгердің қазақ қоғамы алдындағы кеселдерді әшкерелеумен қатар, оны жан-жақты бейнелеуге күш салғаны аңғарылады. Осы үшін ол жаңа формаға, күрделі жанрға барады.
1913-1914 жылдар роман жанрының қоғамдық санадағы орны, қызметі туралы әңгімелердің қозғалған шағы.


“Қамар сұлу” С.Торайғыров шығармашылығындағы алғашқы көлемді шығармалардың бірі. Оның поэмалары кейін жазылған. Сондықтан да күрделі жаңа жанрдағы бұл романның қаламгер шығармашылығындағы алатын орны да ерекше. Романнан С.Торайғыровтың таланты, дүниетанымы, саяси-әлеуметтік идеялары айқын көрінеді.
“Қамар сұлу” романының идеясы махаббат тарихы трагедиясынан ғана туындамайды. Жазушы әйелдер тағдырын адамдық правосын ескермеген қоғамдығы түрлі әлеуметтік күштердің осы проблемаға қарым-қатынасын да бейнелеп көрсетеді. Түйінді мәселелерді болашақ өркениет проблемаларымен көтереді. Романдағы салт-сана дегенді де шартты түрде ұққан жөн.
Роман қаһарманы – қалыңы төленген біреудің жесірі, болмаса жоқ-жітік кедейдің қызы емес, оқыған, текті атаның тұқымы. Әкесі Омар, Хасен – көзі ашық, оқыған, ойлы, дәулетті жандар. Роман басындағы Қамар портреті ретінде берілген өлең соңындағы қыстырма шумақта Омардың Қамарды бетін қақпай тәрбиелегені айтылса, теңіме бармаймын деген ой Қамардың басында мүлде жоқ. Ендеше, осы жарасты тірлікті астан-кестен қылатын қандай әрекет, оның өзегінде қандай мотив бар. Мотив – қадімгі қазақы күндестік. Балаларын оқытып жатқан Омар тірлігіне ағалары Оспан би мен Қалтан қажы, надан көпшілік қарсы. Қамарды бұлаңдатып өсіргеніне, ел мақтауына ілінгеніне қарсы. Оқыған баласы Ахмет арқасында “жаман Жәукенің” халық қатарына қосылғанына қарсы, Ахметтің өнерлігіне, сауаттылығына қарсы. Өздерін көзге ілмеген Қамардың Ахметті таңдағанына қарсы. Қолдарына әлдеқалай хат түскенде “өлгені тіріліп, өшкені жанғандай қуанып, шуылдасып қалатыны” сондықтан. Романда осы уақиғаға қатысы бар әр әлеуметтік топ өкілінің мүддесі көрінеді.
Қолы жетпеген замандастары Қамардың сорлағанына қуанса, себебі-күндестік. Оспан биге Нұрымның атақ, абырой, билігі керек, Қалтан қажыға орысшыл інісін тоқтау қажет, басқа атқамінерлерге Оспан мен Қалтан қажының, Жорға Нұрымның ықыласы, құрметі, дастарқаны, көпшілікке-тамақ, той кәделері, әңгіме т.б. қызық.



  1. «Кім жазықты?» романының тақырыбы мен маңызы.

Романның негізгі тақырыбы – әйел теңсіздігі, өз заманының әлеуметтік мәселесі.
«Кім жазықты?» романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. Тарихи кезеңнің шындығына орай олардың көзқарастары мен түсініктеріндегі, өмірлік бағыттарындағы айырманың айқындығы. Әжібай образының типтік сипаты. Оның өз заманының туындысы, бүтіндей бір құбылыстың белгісі ретінде көрінуі. Аппақай, Жүсіп, фельдшер т.б. образдары. Шығарманың көркемдік дәрежесі. Лирикалық шегіністің мол кездесетіндігі.
Шығарма желісі бойынша Әжібай – Тасболаттың кенже баласы. Ол байлықтың арқасында бірнеше әйел алды. Әмеңгерлік салтымен, әке ұйғарымымен алған алғашқы әйелі – жеңгесі – Жаңыл, жасы 18 – де, ал Әжібай бұл кезде 13 – те еді. Арада 3 - 4 жыл өтіп, Әжібай 18 – ге толады. Арақ пен темекіге бірдей үйір болады. Үйде сырдаң, түзде мырзаң күй кешеді. Қала қызы Аппақайға көзі түсіп, сөз салады. Қызды қарата алмай жүргенде, үйінің жағдайы нашарлайды. Әжібайдың онымен ісі болмайды. Әке мен бала арасында ұрыс болады. Елге мазақ болады. «Өз әйелдеріңді сүймесең, қалаған қызыңды айт, алып беремін, малым жетеді», - деп әкесі ұлына тағы екі әйел алып береді. Бірақ ел кезуін қоймайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет