Студенттерге арналған «Әлеуметтану» ПӘнінің СӨж және соөж тапсырмалары соөж кеңес беру және қабылдау. СӨЖ (тақырып) таңдау «Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері»
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН «ӘЛЕУМЕТТАНУ» ПӘНІНІҢ СӨЖ ЖӘНЕ СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
СОӨЖ 1. Кеңес беру және қабылдау.
СӨЖ (тақырып) таңдау «Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері» тақырыбы бойынша топтық жоба (3-4 адаммен бірге отырып, топтарға бөліңіз) дайындаңыз, мысал келтіріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
СОӨЖ 2. СӨЖ кеңес беру және қабылдау.
1. Қазіргі батыс қоғамының әлеуметтік құрылымы.
2. Қоғам типологиясы.
3. Ашық және жабық қоғамдар.
СОӨЖ 3. СӨЖ кеңес беру және қабылдау СӨЖ «Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде» тақырыбында презентация дайындау үшін модельді құру (дайындау алгоритмі: отбасыны қоғамның кішігірім жүйесі ретінде қарастырыңыз; негізгі құрылымдық элементтері мен қызметтерін сипаттаңыз; отбасыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды айқындап беріңіз).
СОӨЖ 4. СӨЖ кеңес беру және қабылдау СӨЖ Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтерін анықтаңыз. Қоғам мен дін арасында қандай қарама-қайшылықтар туындайтынын сызба арқылы айқындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
СОӨЖ 5. СӨЖ кеңес беру және қабылдау СӨЖ «Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарын әлеуметтанулық талдау» тақырыбында эссе-талқылау жазыңыз.
СОӨЖ 6. СӨЖ кеңес беру және қабылдау
СӨЖ «Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы» эссе-негіздемесін дайындаңыз.
СОӨЖ 7. СӨЖ кеңес беру және қабылдау.
СӨЖ «Әлемде (соңғы жарты ғасырда) болған қоғамдық қозғалыстар: қоғамға әсер ету түрлері, себеп-салдарлық байланыстар мен қатынастар» тақырыбы бойынша индивидуалдық презентация.