1.2 Пәннің міндеттері:
Пәнді оқытудың міндеті дайындықтың жоғарғы дәрежесіне ие, тарихи фактілерді біліп қана қоймай тарихи құбылыстарды түсіну үшін қажет ғылыми теориялық көзқарасты игерген маманға қойылатын талапқа сай анықталады. Студенттерге ерте дүние тарихы курсының ерекшіліктерін түсіндіруге қажет методикалық негіздерді білуі тиіс.
1.3 Курсты игеру нәтижесінде студент келесідей мәселелерді білу керек:
- ежелгі дүние тарихының жалпы тарихи процесстегі маңызын және мәселелерінің теориялық аспектілерін;
Ежелгі Шығыс елдерінің тарихына қатысты:
ерте өркениеттердің пайда болуы мен дамуына табиғат жағдайлары мен географиялық ортаның ықпалын;
суармалы егіншіліктің тек ұжымдық еңбектің арқасында ғана мүмкін болуына алып келген өндірістің төменгі дәрежесін;
осыған байланысты көршілік қауымдардың ұзақ сақталуы және жерге жеке меншіктің дамымауының себептерін;
суғару жүйелерін құрудағы көптеген қауымдардың әрекеттерін біріктіру мен үйлестіру қажеттілігін;
Ежелгі Шығыс тарихы адамзаттың мәдени дамуындағы аса маңызды кезеңдердің бірі екендігін, әртүрлі ғылымдардың, әдебиеттің, философиялық ойдың, жазудың пайда болу дәуірі екендігін білуге тиіс.
Ежелгі Грекия мен Римнің тарихына қатысты:
б.з.д. ІІ мыңжылдықтан бастап б.з.д. VI ғасырлардағы Грекияның тарихын, яғни крит-микен өркениетінің, полистік жүйе мен грек мемлекетінің қалыптасу дәуірін;
б.з.д. V-ІV ғғ. Грекия тарихын, яғни полистік жүйенің дағдарысын, Македония мемлекетінің күшейуіне және Александр Македонскийдің жаулаушылық жорықтарын, эллинизм дәуірін, оның ерекшеліктері мен дамуының үрдістерін;
б.з.д. VIII ғ. мен б.з. V ғ. аралығындағы Рим мемлекеті мен қоғамының қалыптасу және даму тарихын білуге тиіс.
кешенді түрде білуі керек.
1.4 Курсты игеру нәтижесінде студент келесідей дағдыларды қолдана білуі керек:
- оқу құралдарымен, монографиялармен, ғылыми мақалалармен жұмыс жасауға, оқытушы ұсынған еңбектерде конспект жасауға;
- шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі материалдарды сыни талдаудан өткізе отырып пайдалануға;
- ежелгі дүние тарихы жөніндегі деректерді топтастыру білуге және олардан мәлімет ала білуге;
- баяндаманы ережеге сай, дұрыс көркемдеуге дағдылану;
- бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |