«Арнайы психология және педагогика» пәнінің мақсаты: студенттерді арнайы психология мен педагогиканың негізгі ұғымдарымен, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастырудың теориясы мен практикасымен таныстыру. Пәнді оқыту барысында студенттерде есту, көру, интеллект және сөйлеу кемістігі бар балалардың ақауының мәні туралы және олардың психикалық даму ерекшеліктері және түзету процесі ретінде оқыту мүмкіндіктері туралы толық түсінік қалыптасуы тиіс.