Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»
Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!
Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері
Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері:
Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық» пәнінің мақсаты – көркем шығарманы оқыту арқылы магистранттарға мектепте қазақ әдебиеті курсын оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, мәтін талдаудың практикалық жолдарын үйрету.
Пәннің міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттарды саралап талдай алу;
- функционалдық сауаттылыққа қатысты тірек ұғымдардың мәнін ашу;
- Функционалдық сауаттылық мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектерін талдау;
- функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың факторларын айқындау;
- функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы әдеби-теориялық білімдердің мәнін ашу;
- функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді әдістері мен технологияларын саралау.
Курс соңында күтілетін нәтиже:
- білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттарды талдай алуы;
- функционалдық сауаттылыққа қатысты тірек ұғымдардың мәнін түсінуі;
- Функционалдық сауаттылық мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектерін талдай алуы;
- функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың факторларын айқындай алуы.
- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың білім мазмұнын талдай алуы;
- фукционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қазақ тілін оқытудың нәтижесімен бірлікте қарастыра алуы тиіс.
«Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі» пәнінің негізгі міндеті «7М01701 - Тіл мен әдебиеті мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті)» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады: ОН-4 - психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістерін меңгереді, құбылысты немесе оқиғаны жүйелі түсіндіруде гипотеза жасау үшін әртүрлі көздерден алынған ақпаратты талдайды, синтездейді, түрлендіреді, педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық, зерттеушілік шығармашылық көзқарасын білдіреді;
ОН-7 - этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарды, қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін, ұлттық тәрбиенің заңдары мен қағидаларын ескере отырып, көп мәдениетті ортада кәсіби қызметті ұйымдастыру тәсілдеріне ие. ОН-10 - тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады.