Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім:
Студенттің жеке жұмыс жоспары..........................................................4
ЖШС «OZAT Білім Компаниясы» туралы жалпы мағлұматтар..............................................................................................5
Мектеп тарихы..............................................................................5
Мектептегі бірыңғай тәрбие-білім беру жүйесі.........................6
Өндірістік ұжымның жұмыс жүйесі............................................8
Қоғамдық іс-шаралар..................................................................18
Қорытынды............................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................21
Кіріспе Университеттің оқу жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылының 13.03.23-08.04.23 аралығында 4-курстағы өндірістік іс-тәжірибемді Тараз қаласындағы «OZAT Білім Академиясы» ЖШС орта мектебінде өткіздім.
Іс-тәжірибе кезінде мен математика пәнінің мұғалімі болып бекітілдім. Алғашқы сабағым қиын әрі қызықты өтті. Теория жүзінде үйренген бар білімімді практикада барынша қолдануға тырыстым. Оқушыларға сабақ берудің жаңа әдістерін үйреніп, қолдандым. Және көптеген жақсы нәтижеге қол жеткіздім. Алғашқы күні мектеп ұжымымен және жетекшіммен таныстым. Өзіме берілген сынып бойынша сабақ жоспарын құрып, сабақ бердім. Математика пәнінен емтихан тапсыратын оқушыларға сабақ беріп, оларды өзім де білетін қарапайым тәсілдерімді үйреттім. Қоғамдық жұмыстар кезінде жетекшіме көмектестім. Математика пәні бойынша мұғалімдік қызметін ойдағыдай атқардым. ҰБТ-ға дайындалып жүрген талапкерлерге математика пәнінен сабақ беріп, университетіміз туралы мәліметтер бердім. Сабақтан тыс көптеген ойындар ойнатып, тәрбие сағаттарын өткіздім.