Студенттің жеке жұмыс жоспары


Өндірістік ұжымның жұмыс жүйесі



бет4/7
Дата23.06.2023
өлшемі67,85 Kb.
#103149
1   2   3   4   5   6   7
Өндірістік ұжымның жұмыс жүйесі

Тараз қаласындағы «OZAT Білім Компаниясы» ЖШС алғаш барғаннан-ақ жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тиянақты білім алуын мақсат ете отырып қызу да, өте жақсы талпыныспен жұмыс істейтін мұғалімдер біздерді жақсы қарсы алды. Білмеген жерімізді қолдарынан келгенше көмектесті. Әр пәннің мұғалімдері өздерінің танымдық қабілеттері мен шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру үшін, білім беру жүйесінің шығармашылығы, техникада, экономика мен басқаруда жаңа жолдар мен әдістерді таба алатын, батыл да жаңашыл, ақыл-ойы дамыған оқушыларды даярлауға еңбектерін сіңіруде. Барлық мұғалімдер бір-бірімен тығыз байланыста отырып жұмыстар атқарады. Әр өткен сабақтарында интерактивті тақта арқылы, оқушылардың ойлау қабілетін, білімін, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында ойындар ұйымдастырылып өткізіледі. Кез келген уақытта мұғалімдер іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыстарын тиянақты атқарып отырады. Мектепте педагогикалық кеңестер жүйесі жұмыс жасайды.


Оның өткізу мақсаты – мектеп ұжым мүшелерінің тиімді қызметтестігіне жағдай жасап, бір әдістемелік мәселе бойынша, ұжымдық басқару шешім шығару. Қызметтің мазмұны: мұғалімдердің шығармашылық есебін, нақты әдістемелік мәселе бойынша теориялық баяндамаларды тыңдау, орындаған жұмыстар бойынша қорытынды, мәслеле бойынша басқару шешім шығару. Әдіс-тәсіл ретінде көрсету, әңгімелеу, ұсыныстар дайындау т.б. болып саналады.
Тараз қаласындағы «OZAT Білім Компаниясы» ЖШС іс-тәжірибе өткізу барысында Өндірістік кеңестер жүйесімен таныстым және осы мектептен өткен педагогикалық кеңеске қатыстым. Бұл кеңесте мұғалімдермен мынадай мәселелер шешіледі, талқыланады:

  • мұғалімдердің деңгейі, жеткен жетістіктері;

  • оқушылардың алған білімдер;

  • оқушылардың тәртібі;

  • бітіруші түлектердің жетістіктері мен кемшіліктері;

  • тазалық мәселесі;

  • облыстық жарыстарда алған жетістіктері;

  • еңбегі сіңіп жатқан мұғалімдері марапттау жайлы мәселелер қаралып, қаулы толтырылып, осы жерде мектептің тыныс-тіршілігімен толық таныстым.

Әрбір оқушының міндеті:

  • сабақты ынтамен оқуға, сапалық білім алуға;

  • қазақ ұлтының төл мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуге;

  • мекеме мүлкіне, басқа адамдар еңбегінің нәтижесіне өзінің және

адамдардың заттарына ұқыптылықпен қарауға;

  • қауіпсіздік техникасы мен санитарлық-гигеналық ережесін сақтауға;

  • көшеде жүру ережесін білуге және сақтауға;

  • сабаққа келмей қалғанда дәрігерлік анықтама немесе ата-анасынан

түсініктеме әкелуге.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет