Студенттің өзіндік жұмысы №1 Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе Жоспар


Баланың қимыл-қозғалыстарының дамуы мен гигиенасы, сколиоз, жалпақ табандылықты алдын алу жолдары



бет14/41
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65700
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
Ñòóäåíòò³ ç³íä³ê æìûñû ¹1 Îóøûëàðäû ôèçèîëîãèÿëû äàìóû ïí

4. Баланың қимыл-қозғалыстарының дамуы мен гигиенасы, сколиоз, жалпақ табандылықты алдын алу жолдары.
Жаңа туған нәрестенің денесінің, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бірақ олар дұрыс үйлеспеген, еріксіз шым-шытырық қимылдар түрінде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмірінде көріне бастайды: ең алдымен жарық көзіне немесе дыбыс шыққан жаққа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейіннен заттарды ұстап үйренуге жене еңбектеуге байланысты қолдарының ерікті қимылдары пайда болады. Соның нәтижесінде нәресте көзіне түскен затты ұстай алады. Бұл қимылдар көру арқылы кеңістіктен баланың алған мәліметтеріне байланысты туындайды. Баланың көру жөне қозғалыс жүйелері жеке-жеке қызмет атқарса, 3-6 айда бір-бірімен үйлесімді көру-қозғалыс жүйесіне айналады. Бұл күрделі жүйенің пайда болып дамуы ұзақ уақытқа созылады. Алғаш кезде көру арқылы тек қана сыртқы орта туралы мәліметтер жиналады. Кейіннен қозғалыстары көру жүйесінің бақылауында болып, біртіндеп орындалатын күрделі қимылдарға айналады. Екінші сигнал жүйесінің дамуы қозғалысты реттеуші жүйенің пайда болып, дамуына ықпалын тигізеді. Нәрестеде үлкендердің айтуы бойынша орындалатын қимылдары қалыптасады, ал соның негізінде саналы қозғалыс қимылдары жетіледі.
Кеңістікте белсенді қозғалуға байланысты пайда болатын дененің еркін қимылын локомоция деп атайды. 1 жаста жалған локомоция немесе локомоторлы архаизм (тарихи даму жолын қайталау) деп аталатын еңбектеу қабілетіне байланысты дамыған шын локомоция пайда боладыі Қозғалыстың даму тірек-қимыл жүйесі мен жүйке жүйесшің дамып жетілуіне байланысты. Жүру, жүгіру, секіру, шапқылау т.б күрделі қимылдар және оларды дұрыс бағыттау қабілеті 3-5 жаста жетіледі. Дегенмен мектепке дейінгі жастағы және 1-2-ші сынып оқушыларының қозғалысын дұрыс үйлестіру механизмдері еркін жетіле қоймайды. Бірақ олар күнделікті тіршілікке қажетті қимылдарды, жазу, сызу, сурет салу т.б. қозғалыс әрекеттерін игеріп үлгереді. Тұрақты жаттығу арқылы балаларда үйлесімді қозғалу дамиды.
Қозғалудың дамуы біркелкі емес, гетерохронды түрде болады. Қозғалудың ең күшті дамуы 3-6 жаста байқалады. Мысалы, жүмыс істеу үзақтығы 3 жаста – 80 сек, 5 жаста-120 сек, ал 10 жаста- 200 сек болады. Жұмысқа төзімділіктің артуы және мүшелердің бұлшық еттерінің жұмыс мерзімі көбейіп, демалыс мерзімінің азаюынан болады. 6-7 жаста синхронды (грек. синхронос – бірнеше құбылыстың уақыт жағынан сәйкестігі) еңбек реттеледі.
болуынан. Біздің және шет елдердің ғалымдарының айтуынша үйлесімді қозғалыстың дамуы қозғалыс кезіндегі коррекциялау (лат. коррекция – түзету, жөндеу) қабілетінің дамуына байланысты. Мүндай жөндеу шеттегі жағдайға байланысты қимыл жоспарын салыстыру арқылы жасалады. Бұларға қоса орталық жүйке жүйесіне басқа рецепторлардан (көру, вестибулярлық, тактильдік, дыбыс) келген импульстердің маңызы зор.
Сонымен, қозғалысты реттеуші механизмдерге ми қыртысындағы қүрылымдар, эфференттік және эфференттік кері байланыс жолдары жатады.
Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, сабақ кезінде, белгілі еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін ұйымдастырылған қозғалыстардың маңызы зор. Сондықтан мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап іске асыру арқылы балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастыруға, саналы қозғалыстарын көбейтуге болады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына байланысты соңғы жылдары балаларда г и п о -динамияның(қараңыз: лат. гипо + динамика-қозғалыс) белгілері пайда бола бастайды. Гиподинамия деп бүлшық еттердің қозгалыс белсенділігінің төмендеуін айтады. Бұл көбінесе бала аз қимылдағанда пайда болады. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенде, мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады. Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты жағдайын бүзады. Себебі нерв-ет, жүрек-қан тамырлары, тыныс т. б. жүйелердің қызметі осы шектен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермейді де, олардың зорығу белгілері байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигиеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатын бұлшық еттері әлсіз болғандықтан және олардың қозғалыс нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет сабағында немесе басқа сабақта 4-5 минуттан кейін-ақ жиырылатын бұлшық еттері босайды да, мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды, сондықтан омыртқалары қисайып кетуі мүмкін. Әсіресе үзақ түрегеліп тұра алмайды. Осыған байланысты балаларды 2-3 минуттен артық тік тұрғызуға болмайды.
Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдылану қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдылағанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет