“Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті”
Тау кен факультеті
“Кеніштік аэрология және еңбекқорғау” кафедрасы
СОӨЖ-1
Пән атауы:Өндірістегі еңбекті қорғау
Тақырыбы:Еңбек жағдайларын жақсарту іс шаралары
Студент: Бжд-22-1
(тобы)
Жақсыбаева А.А. (тегі,аты-жөні)
Қарағанды 2023
Мазмұны:
1.Адам өмірі мен оның денсаулығын сақтау
2.Кәсіптік тәуелділікті бағалау
3.Еңбек жағдайларын басқару мен өндірістік қауіптілік
4. Өндірістік орта мен еңбек үдерісінің жай-күйін бақылау
Еңбек жағдайларын жақсарту басшылар мен мүдделі қызметтердің өндірістегі жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардан сақтандырудағы негізгі құралы болып табылады. Адам еңбек қызметі басымдықтарының бірі – оның өмірі мен денсаулығын сақтау. Еңбек жағдайларын жақсарту басшылар мен мүдделі қызметтердің өндірістегі жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардан сақтандырудағы негізгі құралы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында жаңа идеология қалыптасты. Еңбек қатынастары үдерісінде тұрған ұйымдастырушылық, техникалық және ғылыми-зерттеушілік басымдықтар белгіленді. Дүниежүзілік экономикалық кеңістікке интеграциялану жағдайларында кәсіптік тәуекел мәселесін зерделеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ерекше бақылауында болады. Мемлекеттік және аумақтық деңгейлерде еңбекті қорғауды, өндірістік ортаны, еңбек гигиенасы мен денсаулықты басқару жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды.
Халықаралық іс-тәжірибеде кәсіптік тәуекел қызметкерлердің өндірістік орта мен еңбек үдерісі факторларынан жарақаттануы мен ауруға шалдығушылығы пайда болуының сандық заңдылықтарының неғұрлым кең аспектісінде қарастырылады. Ұлыбританияда, АҚШ, Жапония, Финляндия, Австралия, Франция мен басқа да елдерде кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйелерін енгізу еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттанушылық пен өндірістік ауруға шалдығушылық деңгейін төмендету үшін тәуекелдерді басқарудың негізделген екендігін көрсетті.
Қазақстан ғалымдары еңбекті қорғау саласында «кәсіптік тәуекел» және «кәсіптік тәуекелді бағалау» сияқты анықтамаларды түсіндіру мен заңнамалық жағынан қабылдау бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізуде. Кәсіптік тәуекелді бағалауды қолданудың басты идеясы – бұл зиянды жағдайлармен қамтылған адамдар денсаулығының жай-күйін бағалау, еңбек жағдайларын еңбек қауіпсіздігінің нормативтік талаптарына сәйкестікке келтіру мен жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіптік аурулардың мақсатты бағытталған профилактикасы. Кәсіптік тәуекел кеңістігі дүниежүзілік іс-тәжірибеде жасалып шыққан қорғаныс тетіктерімен: мемлекеттің заңнамалық және бақылау функциясымен; кәсіпорындардың ұйымдастыру-техникалық жұмысымен; өндірістегі жазатайым оқиғалардан әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің өтемдеу-оңалтушылық қызметімен жабылуы тиіс. Тәуекелді бағалау үдерісінде шартты түрде мынадай аспектілерді бөліп көрсетуге болады: кәсіптік тәуекелдер мониторингін; өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруға шалдығушылықтың жиілігі мен салдарларының ауырлығы туралы мәліметтерді жинау, оны экономикалық бағалау; олардың қызметкерлер денсаулығы үшін әлеуетті қауіптілігі тұрғысынан кәсіптік тәуекелдің зиянды және қауіпті факторларын айқындау; сақтандырудың тиісті моделін таңдап алу. Қазақстан үшін кәсіптік тәуекелді бағалау міндеттерін шешудің бүгінгі күнгі күрделілігіне елде бұрынырақта тәуекел (техникалық, жеке, әлеуетті, қабылдауға болатын, ұжымдық және кәсіптік) мониторингінің өткізілмегендігі жағдай жасады. Мониторингтің кез келген түрінің болмауы тұтастай алғанда тәуекелді бағалауға кері әсер етеді. Осыған байланысты тәуекелдерді бағалауды мыналарды талдау негізінде қалыптастыру қажет: жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу нәтижелерін; еңбек қауіпсіздігін жақсарту үшін өткізілетін өндірістік объектілер мен технологиялық үдерістерді жаңғырту нәтижелерін; ұйымдардағы кәсіптік тәуекелдерді басқаруды қолданудың тиімділігін; еңбек қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылауды; еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың экономикалық тиімділігін; зерттелетін кезең ішінде ұйымдарда анықталған кәсіптік тәуекелдер көрсеткіштерінің төмендеу (арту) серпінін; жұмыс істеушілерді оқытуды жүргізу әдістемелерінің сапасын бағалауды; қызметкерлердің ұйымдар және салалар деңгейлерінде жеке қорғанудың сертификатталған құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, емдік-алдын алу қызмет көрсетулерімен қамтамасыз етілгендігін бағалауды; өндірістегі жазатайым оқиғалардан, аурулардан міндетті сақтандырудың сақтандыру тарифтерін.
Кәсіпорындар, ұйымдардың басшыларына және еңбекті қорғау саласындағы мамандарына кәсіптік тәуекелдердің экономикалық және табиғи көрсеткіштерінің көп жағдайларда бір-бірінен айырмашылығы болатындығы белгілі нәрсе. Бұған проблеманың әртүрлі аспектілері әсен етеді. Мысалға, әлеуметтік сақтандыру тұрғысынан кәсіптік тәуекел белгілі бір кәсіптік топ үшін табыстан айырылумен қатар жүретін сақтандыру оқиғаларының басталғандығын білдіреді. Бұл жерде жарақат алу тәуекелі емес, жазатайым оқиғалардан табыстан айырылу тәуекелі, зардап шегушілерді емдеу мен оңалтуға кететін қосымша шығындар тәуекелі сақтандырылады. Кәсіптік тәуекелді талдау өзіне анықтау, сәйкестендіру мен оның қауіптілік дәрежесін бағалау жөніндегі міндеттерді қамтиды, ал бұларды басқару ретінде тәуекелді төмендетуге, өтемдеу мен бақылауға жағдай жасайтын шаралар түсініледі. Кәсіптік тәуекелдерді зерделеу объектісі әрқашанда жұмыс орны болып табылады, бұл жерде тәуекелдік жағдаят өзін: тәуекел факторлары, тәуекел субъектісі, тәуекелді басқару сипаттамаларының қиылысуы ретінде көрсетеді.
Еңбек жағдайларын басқару мен өндіріс қауіптіліктерінен (зиянды және қауіпті факторлармен) болатын тәуекелдерді анықтау құралдарының бірі – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау. Өндірістік объектілерді аттестаттау еңбек жағдайларының сыныптарын анықтаумен және жарақаттану қауіпсіздігі факторы бойынша зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды бағалауды қарастырады. Бұл ретте жұмыс орындарын аттестаттау үдерісінде өндірістік факторлардан болатын тәуекелдер ғана жіктеледі және бұл тәуекелдерді қызметкерлердің денсаулығы жай-күйімен салыстыру тетіктері толықтай жоқ болады. Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау кезінде бағалау тетігі қызметкерлерді жарақаттаудың мүмкін болатын барлық тәуекелдерін (жабдықтармен, технологиялық үдерістермен, өндірісті ұйымдастырумен жасалатын қауіптіліктер) толық мөлшерінде қамтуға қабілетсіз. Қызметкерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету берілетін құралдардың тегін беру нормаларына сәйкестігі қағидаты бойынша жүргізілетіндігін есепке алу керек. Бұл рәсімнің бәрінен де әлеуметтік сипатқа ие болатындығын және еңбек жағдайларын бағалаудың нақты нәтижелерімен және тәуекелдерден қорғалғандықты бағалаумен байланысты емес екендігін білдіреді. Бұл факторлардың бәрі қарастырылатын проблеманың маңыздылығын растайды.
Еңбек қызметі үдерісінде ықтимал тәуекелді толықтай жоюдың қағидаттық жағынан мүмкін еместігін тану доктринасы бір жағынан, «қабылдауға болатын тәуекел» деңгейлерін анықтау мен бағалауды, екінші жағынан – шамадан тыс немесе жол беруге болмайтын тәуекелді жою жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді.
Өндірістік орта мен еңбек үдерісінің жай-күйін бақылау мақсаттарында қызметкерлердің денсаулығын, еңбек қабілетін бағалау әдістері қолданылады, еңбек жағдайларының жай-күйі мен зақым келтіретін әсерлердің туындау ықтималдығы арасындағы өзара байланыс анықталады. Кәсіпорындар деңгейінде кәсіптік тәуекелді басқару әртүрлі тәсілдер жиынын қамтиды: шаң, шу мөлшерін өлшеу; жұмыс аймағы ауасындағы химиялық заттар құрамының деңгейін анықтау; әртүрлі оқиғаларды тіркеу,мониторинг.
Халықаралық еңбек ұйымы сарапшыларының пікірі бойынша, Қазақстан Республикасы жұмыс берушіні өндірістің тиімділігін арттыруға ынталандыратын және әлеуметтік әріптестікті дамытуға мүмкіндік беретін еңбек қатынастарының жолға қойылған жүйесіне ие болып отыр. Бұдан елдің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында іс-шараларды жоспарлаудағы стратегиялық бағдарларының халықаралық стандарттарға сәйкес келуі және уақыт шындығы мен талаптарына жауап берулері тиіс екендігі келіп шығады. Кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану бұзушылықтарды жоюда, қауіпсіз еңбекке арналған жағдайларды жақсартуда тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді және шығындарды бағалау мен әрбір жұмыс орны, учаске мен объектіге арналған шынайы ақпарат алудың нақты мүмкіндігін береді. Кез келген буынның басшылары еңбекті қорғау, өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі қызметтегі оңды нәтижеге оған ерекше мән берілген кезде ғана қол жеткізілетіндігін түсінулері тиіс.
Қолданылған әдебиеттер: https://med.mcfr.kz/article/54-ebek-jadaylaryn-jasartu-ebekke-ablettlkt-sataluy сайтынан.
Достарыңызбен бөлісу: |