Студенттің өзіндік жұмысы №1 Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе Жоспар


Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері



бет39/41
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65700
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Ñòóäåíòò³ ç³íä³ê æìûñû ¹1 Îóøûëàðäû ôèçèîëîãèÿëû äàìóû ïí

2.Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері.
Сынып бөлмелері мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен жөне оқушылардың демалыс бөлмелерімен жалғасады. Бастауыш сыныптар мектептің жеке қанатында, ондағы бірінші, екінші сынып бөлмелері төменгі қабатта орналасқаны жөн. Кабинеттік жүйеге ауысуға байланысты әр пәнге екі-үш кабинет бөлінеді.
Сынып бөлмелері мен кабинеттерінің ауданы 50-60 м2, яғни әр оқушыға 1,25-1,50 м2 есебінен анықталады. Бөлменің ұзын дығы 8-8,2 м, ені 5,6-6,2 м мөлешерінен аспау керек. Егер ұзын дығы 8,2 метрден артық болса, соңғы қатардағы оқушылар тақтаның қасында сөйлеп тұрған мұғалімді және оқушыны анық ести алмауы мүмкін және ондай жағдайда балада алыстан көру қабілеті қалыптасады. Ал аз болса, қажетті мөлшердегі парталар симайды. Ені 6,2 метрден кең болса, есікжақтағы қатардың оқушыларына терезе жарығы жеткіліксіз болады, үш қатар парталар симайды. Бөлменің биіктігі 3,5 м болғанда балалардың денсаулығына қажетті ауа мөлшері жеткілікті болады: жасына лайық ауа мөлшері мен оның тазалығы қамтамасыз етіледі. Лас ауа көбіне бөлменің үстіңгі жағында болады да, оқушыларға жағымсыз әсері азаяды. Егер одан аласа болса, бөлменің ауасы тар болады. Осыған байланысты соңғы кездегі гигиеналық талаптар бойынша бөлменің биіктігі 3,5 метрден кем болмауы керек. Мұндай жағдайда әр балаға қажетті 15 м3 ауа мөлшерін қамтамасыз етеді, ал соңғы кезге дейін пайдаланып келген 3,1 м биіктік қосымша ауа желдеткішін қажет етеді немесе ондай бөлмеде сағатына 3 рет терезелерді ашып ауаны желдетіп тазарту керек. Әрине, оқу барысында ондай мүмкіндік болмайды да, балалардың денсаулығына зиян келеді.
Сыныптар мен кабинеттердің қабырғаларын ақ балшықпен, немесе ізбеспен, немесе арнайы эмульсиямен жылына 1 рет әктеп отыру керек. Бөлменің жоғарғы жағын сырлы бояумен бояуға болмайды. Себебі ол құрылыс материалдарының тесікшелерін бітеп, ауаның табиғи жолмен алмасуына кедергі болады. Қабырғаның төменгі жағын биіктігі 1,1-1,8 метрге дейін ақшыл сырлы бояумен сырлауға болады. Эмульсиялармен әктегенде бүкіл қабырғаны ағартып, панельді сырлайды.
Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін және қажетті еңбек жағдайларын тудыру үшін сынып бөлмесінің маңызы зор. Бөлме ауасының температурасы 17-21 °С, ылғалдылығы 40-65 %, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15-0,25 м/сек, әр балаға шамамен 15 м3 ауа болғаны жөн.
Сыныптағы терезелер оқушылардың сол жағында орналасуы тиіс. Терезелер кең, күн сәулесі мол түсетіндей ашық әрі таза, шынысы жұқа біртегіс болуы керек. Терезелердің алдына ұзын сабақты үй өсімдіктерін қоюға болмайды. Олар жарықты көлеңкелеп, мөлшерін азайтады. Терезенің төменгі жақтауы еденнен 60-70 см, ал жоғарғы жақтауы мен төбенің арасында 15-30 см аралық болғанда, бөлмеге жарық түсіру мүмкіндігі толық пайдаланылады. Терезеден далаға көз салғанда әйнектің 2/3 бөлігінен аспан көрініп тұрса , табиғи жарықтың мөлшері дұрыс болады. Сыныптағы терезені бөлменің ауасын тазарту үшін де пайдаланады. Ол үшін терезенің жоғарғы жағынан ашпалы-жаппалы желдеткіш жасайды. Олар бөлменің биіктігі 3,5 метрден аз болғанда үнемі ашық тұру керек, тіпті қыс ішінде бір желдеткіш сәл ашық тұрған ы жөн.
Күн бұлтты болғанда, қыс күндері табиғи жарық жеткіліксіз болады, сондықтан бөлмелердің қосымша элктр жарық шамдары болуы тиіс. Жарық шамдарының көлеңкесіз біркелкі жарық беруі үшін олардың сыртында жарық сейілдіргіштері болуы қажет. Жарық сейілдіргіштер ақ түсті шыныдан, немесе жұқа қаңылтырдан, немесе пластинкалардан жасалады. Олардың пішіндері әр түрлі: айналмалы дөңгелектер, төрт бұрыш ты табақшалар немесе шыны плафондар т. б. Жасанды жарықтың мөлшері пайдаланатын электр шамына байланысты. Электр шамдарының жарық мөлшері ор партаға 150 люкстен кем болмауы тиіс, ал люминесценттік шамдардың жарығы 300 люкс. Соған байланысты злектр шамдарын 2 немесе 3 қатар етіп, қуаттылығы 300 Вт 7-8 лампа ілінеді. Ал люминесценттік шамдардарының қуаттылығы 40 вт 12 шам орнатылады.
Мектеп лабораторияларының мөлшері 66-70 м2, яғни әр оқушыға 1,5-1,75 м2 есебінен анықталады. Лабораториялар мектепті^ әр секциясында бірінің үстінде бірі болса, онда ең үстіңгі қабатта химия лабораториясы орналасады. Мұндай жағдайда бөлмелерге су жеткізу, ауа сорғыш шкафтарды орналастыру және басқа лабораторияларға қажетті жағдайларды жасау жеңілденеді.
Лабораториялардың микроклиматына деген гигиеналық талаптары сынып бөлмелмелермен бірдей болуы тиіс.
Балаларға өте ауыр жүкті көтеру ге болмайды






 Тек қана баланың жасына лайықты мөлшерде ғана жүк тасуға болады. 5-8 жаста — 4 кг, 9-10 жаста — 6 кг, 10-12 жаста — 10 кг, 13-15 жаста — 14 кг, 16-17 жаста — 24 кг жүкті көтеруге болады.
Тез қозғалатын бөлшектері бар станоктармен, электр аспаптарымен жұмыс істегенде жұмыс қауіпсіздігін мұқият сақтаған жөн.
Бастауыш сынып оқушылары шеберханада шаршамау үшін әрбір 15 минөт сайын 2-3 минөттей, ал жоғарғы сынып оқушылары 40-45 минөттен соң 10-15 минөт үзіліс жасап отыруы керек. Еңбек сабағының мұғалімі жұмыс кезінде балалардың, әсіресе іс тіккен, тоқыма тоқыған қыз балалардың денесін дұрыс ұстауына көңіл бөлуі қажет.
Жастар үшін таза ауада ауылшаруашылық еңбектерімен шұғылдану өте пайдалы, бірақ балаларға ыстықта күн өтпейтін жағдайды қарастыру керек. Ашық ауада еңбек ету үшін жаздың ыстық айларында таңғы 7-11 сағат, кешкі 17-20 сағат аралығы қолайлы. Ауыл шаруашылық жұмысын да 5-6-сынып оқушылары — 2 сағат, 7-8-ші сыныптағылар — 4 сағат, 9-11 сынып оқушылары — 6 сағаттан еңбек етсе жеткілікті. Оқушылардың ой өрісін кеңейтуге көмектеспейтін, денсаулығына зиян келтіретін, мысалы, мал қора тазалау, ауру малды күту, бағу, улы химикаттармен жұмыс істеу сияқты жұмысқа салуға болмайды.
Спорт залының ауданы мектептегі оқушылар санына сәйкес әр оқушыға 4 м2 есебінен бөлінеді: 192, 320, 624 орындық мектептерде 162 м2 (9×18), 784 және 1176 орындық мектептерде 288 м2 (12×24), одан ірі мектептерде 2 зал: 1568 орындық мектепте 144 м2 (12×12) және 288 м(12×14), ал 1960 орындық мектепте 144 м2 және 450 м(15×30) залдар болуы керек. Спорт залдарының биіктігі 5-6 м. Спорт залының қосымша бірнеше бөлмелері болады: ер балалар мен қыздарға арналған және киім шешінетін бөлмелер. Спорт залына шектес спорт жабдықтарының кішкентай қойма-бөлмесі болады.
Спорт залы оқу бөлмелерінен оңаша орналасқан мектеп кешенінің жеке бір қанатының бірінші қабатында орналасады. Оның есігі жеке дәлі арқылы немесе киім шешетін бөлме арқылы өтеді. Спорт жабдықтарының бөлмесі мен спорт залының аралығында екеуін байланыстыратын есігі болады.
Спорт залының жылылығы 15-17 °С, киім шешетін бөлмесінде 19-22 °С. Спорт залдарына, жабдықтарына арналған талаптар бойынша спорт жабдықтары балалардың жасына және бойына лайық болу керек.
Барлық мектептердің үлкен мәжіліс залы болады. Кейбір жаңа мектептерде ғана оған шектес кино, радио аспаптарына арналған қосымша шағын бөлме болады. Оның ауданы шамамен 12 м2.
Мектептегі демалу орындары әрбір оқушыға 0,42-0,75 м2 есебінде беріледі. Демалыс орындарына арнайы бөлмелер, дәліздердің кең жерлері, оқушылар бұрышы т. с. с пайдаланылады.
Мектеп кітапханасы мен оқу және дайындалу залына әр оқушыға 0,05 м2 есебінен орын береді. Ол орындар арнайы гигиеналық талаптарға сәйкес болу керек.
Оқушылардың тамақтану орындары асхана, буфет, ас дайындау бөлмесі, ас қоймасы, ыдыс жуатын орын балаларды толық (100 %) тамақтандыруға сәйкес болу керек. Асхананың ауданы әр орынға 0,65-0,70 м2 есебінен бөлінеді. Мұндай асхана төрт кезекпен барлық оқушыларды толық тамақтандыруға арналған. Оқушыларды тамақтандыру орындарына арналған өз гигиеналық талаптары болады. Олардың орындалуын арнайы құрылған комиссиялар тексереді және мезгіл-мезгіл санитарлық эпидемиологиялық станциялардың қызметкерлері тексеріп бақылауына алады.
Киім ілгіш-гардеробтар екі бөлмеден тұрады: шешінетін жер — фойе және киім ілгіш-гардероб. Олардың жалпы ауданы 0,20-0,25 м2 есебінен алынады. Гардеробтағы киім ілгіштерді терезеге перпендикуляр түрінде орналастырады. Мұндай жағдайда киімнің түсі жақсы көрінеді. Әрбір киім ілгіштің арасы 15 см болуы керек. Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының жеке гардеробы болады немесе сынып бөлмесіндегі шкаф-нишаларды пайдаланады.
Жуынатын бөлме және дөретхана мектеп кешенінің әр қабатында орналасады. Бұл бөлмелердің ауданы әрбір оқушыға 0,12 м2 есебінен бөлініп алынады. Мектеп қызметкерлерінің жуыну орыны 12 м2 болады. Мектеп қызметкерлерінің жуыну орыны мен дәретханасы оқушылардан бөлек болуы тиіс. Жуынатын бөлме мен дәретханалардың едені су сіңірмейтін, аяқ таймайтын, оңай тазартылатын болады. Және күшті дезинфекциялау химикаттары мен ыстық судың әсеріне төзетін құрылыс материалдарынан, көбінесе қыш немесе полимерцемент плиталардан жасалады. Бұл бөлмелердің қабырғасын толық немесе тек қана панелін ақ түсті немесе көкшіл қыш шыны, полистироль тәрізді су өткізбейтін плиталармен қаптайды.
Оқу бөлімін меңгерушісінің бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі сыныптар мен оқу кабинеттеріне жақын, қолайлы жерден орын алады. 8-10 м2 шағын бөлмені барлық мектептерде дәрігерге береді, ал ірі мектептерде оған қоса тіс емдеу бөлмесіне 12 м2 кабинет береді.
Мектеп кешеніндегі баспалдақтар ең кемінде екеу немесе үшеу болады. Баспалдақтың әрбір сатысының ені 30 см, биіктігі 16 см. Баспалдақтар жарық, оқушылардың жүруіне ыңғайлы болу керек. Баспалдақтар бұрылысында қосымша жарық көзі орналастырылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет