Студенттің өзіндік жұмысы №1 Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе Жоспар



бет15/41
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65700
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
Ñòóäåíòò³ ç³íä³ê æìûñû ¹1 Îóøûëàðäû ôèçèîëîãèÿëû äàìóû ïí

Сұрақтар
1. Барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі?
2. Денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым?
3.  Ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы?
4. Жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі қалай аталды?
5. Физиология ғылымының негізін салушы ғалымдарының бірі?
6. Ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы?
7. Тірі ағзаның механикалық, физикалық және биохимиялық функцияларын зерттейді?
8. Жүйке ұлпасының негізін құрайтын жүйке жасушалары?
9. Нейрондарды бір-бірімен байланыстырады?
10. Қазақстанда физиология ғылымын қалыптастыра бастаған ғалым?
11. Жүйке торшаларының ұзын өсіндісі?

Студенттің өзіндік жұмысы №6
Жоғары жүйке әрекеті және олардың жас ерекшеліктері
Жоспар:

  1. И.М Сеченов пен И.П Павлов – жоғары нерв әрекеті туралы ілімнің негізін салушылар;

  2. Шартты рефлекс туралы ілім;

  3. Динамикалық стереотип – әдет және дағды негізі; иррадация, индукция; I. II сигналдық жүйе;

  4. Ес, сана, ұйқы, гипноз;

  5. Түс көру.


1. И.М Сеченов пен И.П Павлов – жоғары нерв әрекеті туралы ілімнің негізін салушылар. Адамның психикалыққызметі мидың анатомиялық тұтастығы мен атқаратын қызметіне тәуелділігін ежелгі уақыттан-ақ жорамалданған. Ми зақымданғанда сананың, естің, сөздің және т.б. бұзылатыны мәлім болады. Бұл ми жайында саналы қызмет ету мүшесі туралы ойлауға мәжбүр етті. Отандық физиологияның негізін қалаушы И.М.Сеченов 1863 жылы «Ми рефлекстері» деген жұмысын жазып, онда психиканың аса күрделі құбылыстары сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады, олар негізінен алғанда орталық нерв системасының рефлекторлық әсерлері болып табылады деп тұжырымдады. Мұнда адам мен жануарлардың рефлекстері жеке алынған бір мүшеге ғана таралатын тар шеңберлі әсерлер емес, бүкіл ортамен байланысын қамтамасыз ететін нерв әсерінің неғұрлым ортақ механизмдері ретінде қабылданды. И.М.Сеченов адамның бұлшық ет қимылдарын ғана емес, сондай-ақ мидың қызметін білдіретін сөзді де рефлекстерге жатқызды.
И.М.Сеченовтың кітабы – сол кездегі философия мен жаратылыстанудың озат идеяларының алғашқы талантты синтезі. Ол орыстың ағартушы-демократтарының (Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский және т.б.) ұлы идеяларының әсерімен жазылған. И.П.Павлов бұл кітапты «Сеченов ойының кемеңгер шарықтауы» деп атады. Бұл – барлық тіршілік құбылыстарына, оның ішінде организмнің сыртқы ортамен өзара әсеріне табиғи-ғылыми анализді қолдануға шақыру болды.
И.М.Сеченовтың кітабы жарық көргенге дейін физиологтар психикалық процестерді мидың физиологиялық қызметі арқылы түсіндіру мүмкіндігі туралы еске алудан да қорқатын. Үлкне ми сыңарларының қызметін объективті және эксперимент арқылы зерттеуге И.М.Сеченов пен оның ізбасарлары ғана жол ашты, мұның өзі кейін жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімді құруға мүмкіндік берді.
И.П.Павловтың рефлекстерді зерттеуі. И.П.Павловтың орталық нерв системасының едәуір ерте пайда болған түзінділері рефлекторлық әсерлерді тума (тұқым қуалайтын) нерв жолдары арқылы, ал үлкне ми сыңарларының қыртысы - жаңадан, яғни организмнің жеке тіршілігі процесінде сансыз көп тітіркендіргіштердің әсерімен қалыптасқан, яғни «жасалған» нерв жолдары арқылы жүзеге асыратынын эксперимент жүргізу негізінде дәлелдеді.
И.П. Павловтың физиологиядағы ғылыми қызмет кезеңі павловтық кезең деп аталады. Физиологияның таза физиологиялық деп есептелген процестерді зерттеуден психикалық процестерді зерттеуге көшуі осы кезеңнің бастамасы болды. Жалпы айтқанда бұл кезеңге мынадай ерекшеліктер тән: 1) организмді оның біртұтас күйінде және табиғи жағдайларда зерттеу; 2) организмнің ортамен өзара әсер етуі мен барлық тіршілік процестерінде ми қыртысының жетекші роль атқаратынын тану; 3) нервизм идеясы, яғни нерв системасының организм қызметінің әр түрлі көрінісіндегі жетекшілік ролін тану.
И.П.Павловтың астың түрі, иісі немесе ол туралы әңгіменің өзі сілекей бездерін қоздыратын адамның психикалық қозу күйі деп аталатын құбылыс қызықтырды. Сілекей бездерінің өзектері сыртқа шығарылған (ұзақ мерзімдік фистула қойылған) жануарларға эксперимент жүргізу арқылы ол қоршаған ортаның, белгілі бір жағдайлардың сілекей бөлінуіне әсер ететінін байқады. Мәселен, егер итті әлденеше рет азықтандыруда электр шамын жақса немесе қонырау соқса, бұлайша ұштастыруды бірнеше рет қайталаудан кейін онда осы тітіркендіргіштердің әсеріне ғана сілекей бөлінеді. И.П.Павлов организмнің мұндай әсерінен үлкен ми сыңарлары қыртысының атқаратын қызметін, яғни алдын ала көру немесе есту мүшесін тітіркендіру арқылы алғашында дәм рецепторларын тітіркендіруге, ал кейінірек алдыңғы тітіркендіргіштің тек біреуінің әсеріне рефлекторлық жауап қайтару құбылысын көрді.
И.П.Павловтың өзі жазғанындай, шартты рефлекстер туралы ілімнің құрылуы тамақ ішу алдында әсер ететін агенттерге сілекей бөлінуіне табиғи-ғылыми талдау жасаудан басталады. Ғалым бұл актіден сонымен бірге тұтастай және толық дәрежеде ғана физиологиялық құбылыс бола алатын қарапайым психикалық құбылысты көрді.
И.П. Павлов өзін «сыртқы құбылыстармен және олардың өзара қатынасымен ғана айналысатын объективті сырттай бақылаушы және эксперимент жүргізуші» орнына қойып, сілекей бездерінің психикалық қозуын «сапа жағынан алғанда айрықша рефлекстер» ретінде түсіндіре бастады. Ол мұны әрбір индивидуумның тіршілігі барысында қалыптасып, жоғары сатыдағы организмдердің бүкіл қызметін айқындаған жаңа рефлекторлық актілердің түзілуін басқаратын заңдылықтарды ашып көрсете отырып түсіндірді.
Материалистік негізде құрылған шартты рефлекстер туралы ілім арқылы И.П.Павлов биологияның, философияның, педагогика мен медицинаның дамуында жаңа дәуір ашты, өйткені ол жоғар құрылымды материяда – мида - өтетін процестердің механизмін ашты. Оның психикалық процестерді жаңа тұрғыдан түсіндіру ғылымдағы физиологиялық процестерді өмірде жоқ жанның әрекет ету формасына дейін көтеріп, организмнің барлық тіршілік ету актілеріндегі мидың реттеуші әсерін теріске шығаратын идеалистік бағыттың негізсіздігін дәлелдейді.
И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы материалистік ілімі медицина мен биологияда төңкеріс жасады, ғылыми проблемалар мен міндеттерді батыл қойып, шешуге мүмкіндік берді. Ол маркстік-лениндік философияның тазалығы жолында идеализммен және басқа реакциялық ілімдермен күресте қуатты идеологиялық қару болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет