Студенттің өзіндік жұмысы №1 Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе Жоспар



бет23/41
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65700
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
Ñòóäåíòò³ ç³íä³ê æìûñû ¹1 Îóøûëàðäû ôèçèîëîãèÿëû äàìóû ïí

Студенттің өзіндік жұмысы №8
Жасөспірімдердің ішкі секреция бездері
Жоспар:

  1. Эндокриндік жүйе;

  2. Сыртқы секреция бездері;

  3. Ішкі секреция бездері;

  4. Гормондар және олардың қасиеттері;


1.Эндокриндік жүйе. Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:

  1. Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);

  2. Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);

  3. Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).

2. Сыртқы секреция бездері.
Сыртқы секрейия бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездері айтады. Сыртқы секреция бездерінің өнімдерінің құрамы әр түрлі:зат алмасудың соңғы өнімдері ферменттер,су немесе тұздар.Без өнімдері тек белгілі мүшеге бөліп шығарады. мысалы: сілекей безі тікелей ауызға бөлінеді.
3.Ішкі секреция бездері.
Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады. Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе гиперфунция, мөлшерінен аз бөлінсе гипофункция деп атайды. Гормондардың мөлшерден тыс көп бөлінуі де, аз бөлінуі де қауіпті. Кез келген бездің гипер және гипофункциясы қауіпті ауру тудыруы мүмкін.
Гипофиз — негізгі ішкі секреция безі. Ол аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0,5-0,65г-ға жетеді. Бұл без 25 түрлі гормон бөледі. Оның гормондары ұйқы безінен басқа бүкіл ішкі секреция бездерінің қызметін басқарады. Гипофиздің соматотропин (өсу) гормоны барлық ұлпа мен ағзаға әсер етеді. Өсу гормоны қаңқа мен бұлшық еттің өсуіне әсер ете отырып, ағзаны дамытады. Егер өсу гормоны жеткіліксіз мөлшерде түзілетін болса, адамның бойы өспей, ергежейлілік пайда болады. Ал артық түзілген жағдайда (гиперфункция) алыптық ауруына шалдығады. Адамының сүйектері 25 жасқа дейін ұзарып өседі. Акромегалия – ересек адамдарда өсу гормонының көп бөлуінен пайда болатын ауру. Бұл жағдайда адамның саусақтары, аяқ және бет сүйектері ұзарып өседі.
Қалқанша без тироксин гормонын бөледі. Тироксин гормоны қалыпты түзілуі үшін ағзада йод жеткілікті болуы керек. Егер де ересек адам тамақпен және сумен жеткілікті мөлшерде йод алып отырмаса, эндемиялық зоб ауруына шалдығады. Бұл – қалқанша безінің ісінуі. Жас балаларда йодтың жетіспеуінен кретинизм ауруы пайда болады.

Гормондар

Бөлетін бездер

Ағзаға әсері

Тироксин

Қалқанша безі

Негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады

Паратгормон

Қалқаншамаңы безі

Кальций және фосфор алмасуын реттейді

Инсулин

Ұйқыбездің аралды бөлігі

Бұлшықет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді

Глюкагон

-"-

Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді

Адреналин

Бүйрекүсті бездің без заты

Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді

Норадреналин

-"-

Қантамырларын тарылтады

Өсу гормоны [соматропты гормон)

Гипофиздің алдыңғы бөлігі

Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді

Гиреотропты гормон

-"-

Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді

Адренокортикотропты гормон [АКТГ)

-"-

Бүйрекүсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді

Экцитоцин

Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі)

Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді

Вазопрессин

Example

Бірыңғайсалалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады

Тестостерон (андрогендер)

Аталық бездер

Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді

Эстрадиол (экстрогендер)

Аналық бездер

Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет