Студенттің өзіндік жұмысы Тақырыбы: Пробиотиктер



Дата09.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#100014

Студенттің өзіндік жұмысы Тақырыбы: Пробиотиктер

Орындаған: Турдалы Д. Е

ЖМ 18-01 тобының студенті

Тексерген: Есетова К. У.

Жоспар

  • Пробиотиктер туралы түсінік
  • Пробиотиктерге қойылатын талаптар
  • Пробиотиктердің жіктелуі
  • Әр топтық препараттарының әсер етуі, ерекшеліктері, қолдану көрсеткіштері мен жанама әсерлері
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пробиотиктер - тірі немесе өлі микроорганизмдерден, немесе олардың құрылымдық компоненттерінен, метаболиттерінен тұратын, индигенді ішек микролорасын қалыпқа келтіре отырып емдік қасиет көрсететін препараттар тобы.

Пробиотиктерге қойылатын талаптар:

  • Адам ағзасына тигізетін пайдалы әсерлерінің лабораторлық зерттеулер мен клиникалық бақылауларда дәлелденуі;
  • Ұзақ қолданғанда жанама әсерлерді шақырмауы: штамдар патогенді емес және улы болмауы керек;
  • Колонизациялақ потенциалы болуы: яғни асқазан-ішек жолдарында максималды эффектке жеткенге дейін сақталуы(төмен pH-қа, өт қышқылдарына, антимикробты субстанцияларға төзімді болу;
  • Патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдергі айқын антогонисттік қабілеті болуы.

Пробиотиктердің жіктелуі


Монокомпонентті

Бифидоқұрамды

Бифидумбактерин

Лактоқұрамды

Лактобактерин, биобактон, лактобацил, нутролин

Колиқұрамды

Колибактерин, мутафлор

Споратүзгіш

Энтерол, бактисубтил, споробактерин, бактиспорин, биоспорин

Поликомпонентті
Бифилонг, бификол, окарин, ацилакт, линекс, бифидин, бифинорм

Комбинирленген (синбиотиктер)
Бифидумбактерин форте, бифилиз, бифиформ, бактистатин, примадофилиус, полибактерин, пробифор, кипацид, аципол

Рекомбинантты (гендік-инженерлік)
Субалин

Бифидумбактерин

Құрамында тірі бифидобактериялардың 100 млн бар. Энтеральды қолдануға арналған таблетка, ұнтақ және флаконда құрғақ масса түрінде шығарылады. Қарсы көрсеткіштері мен жанама әсерері жоқ. Қолдану көрсеткіштері:

  • Антибиотиетермен емделуді тоқтатқаннан кейін 3-5 күннен кейін,
  • 1 жасқа дейінгі балаларда жедел ішектік инфекцияларда,
  • Ас қорыту жолдарының инфекцияларында,
  • Ұзақ гормонотерапияда,
  • Сеулелік ауруда.

лактобактерин

Дизентериялық энтеропатогенді таяқшалардың, патогенді стафилококк пен протейдің өмір сүруін белсенді түрде тежейтін тірі лактобактериялардан (L. аcidophilus) тұратын препарат. 1 дозасында лактобактериялардың саны 1 млрд. кем емес. Оның антогонисттік белсенділігі L-сүт қышқылына байланысты. Ол күшті антисептик. Сөйтіп, ішекте қышқыл орта қалыптасып, бифидумфлора қалпына келеді. Лактобактерин бифидумбактерин мен колибактериннен көптеген антибиотиктерге төзімді болуымен, соған орай антибиотитермен бірге қолдануға болатындығымен ерекшеленеді. Лактобактерин нің қолдану көрсеткіштері:

  • Жедел ішектік инфекциялар;
  • Дисбактериозбен қатар жүретін соматикалық аурулар;
  • Әр түрлі этиологиялы созылмалы колит.
  • Жанама әсерлері байқалмаған.

колибактерин

М17 ішек таяқшасының штаммдары мен сахарозо-желтозо-желатинді орта. Шигелла, сальмонелла, патогенді стафилококк, протейге антогонисттік белсенділігі бар. Қолданылу көрсеткіштері: созылмалы дизентерия,созылмалы колит, дисбактериоз. Әдетте жанамаа әсер туғызбайды. Тек өте сирек жағдайларда диспепсиялық бұзылыстар болуы ықтимал.

ЭНТЕРОЛ

Құрамында Saccharomyces boulardii штамдары мен лактоза және сахароза бар препарат. Микробқа қарсы әсері: Clostridium difficile, Klebsiella pneumoniae, Staphylococcus aureus, Pseudomonas aeruginosa, Candida kruesei, Candida albicans, Candida pseudotropicalis штамдарына антогонисттік белсенділігіне байланысты. Одан басқа фармакологиялық әсерлері: ішекте дисахаридазалардың белсенділігін арттырады, антитоксиндік, жергілікті иммунитетті иммуноглобулин А өндірілуін арттыруымен жақсартады. Ішектің шырышты қабығына трофикалық әсер. Қолдану көрсеткіштері:

  • Инфекциялық және арнайы емес диарея,
  • колит,
  • кандидоз.
  • Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, іш аймағында жағымсыз сезім.

ЛИНЕКС

Lactobacillus acidophilus, Bifidobacterium bifidum, Enterococcus faecalis тұратын үшкомпонентті препарат. Антибиотиктерге төзімділігі жоғары.

Қолданылады:

  • Жедел және созылмалы диарея,
  • Аллергиялық генездегі метаболизм мен сіңірілу бұзылыстары
  • Дисбактериоздың емі мен профилактикасы.
  • Жанама әсерлер туғызбайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • http://www.ortho.ru/6_Paper/2_5_GKT/Disbakterioz_Ivanov.htm
  • https://www.piluli.kharkov.ua/drugs/drug/1215/
  • https://medinfo.social/genikologiya-akusherstvo_882/mikrotsenoz-vlagalischa-33863.html


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет