Күрделі даму бұзылысы және бұзылыстың күрделі құрылымы ұғымдарының арақатынасы. Күрделі бұзылулардың әртүрлілігі. «Күрделі даму бұзылысы» және «бұзылудың күрделі құрылымы» ұғымдары өзара байланысты болып келеді. Себебі, баладағы күрделі даму бұзылысы - даму бұзылысының құрылымымен анықталады. Арнайы білім беру аясында біріншілік және екіншілік ауытқу деген терминдер бар. Ол дегеніміз, мысалы, балада есту қабілеті мен көру қабілетінің зақымдалуы біріншілік ауытқу болатын болса, екі жүйенің зақымдануынан туындаған екіншілік ауытқу сөйлеу қабілетінің бұзылуы болып табылады. Осы бізде есту-көру-сөйлеу қабілетінің бұзылысының құрылымы болып табылады.
Қазіргі кезде зерттеулердің арқасында 20 астам күрделі ауытқу түрін ажыратуға болады. Бұл бір-бірімен сенсорлық, моторлық сөйлеу және эмоционалдық, физиологиялық бұзылулар комбинациясын құрайды.
Мысалы, көру мен есту қабілетінің бұзылысына қарай:
-толық естімеушілік-көрмеушілік;
-есту қабілеті зақымдалған көрмейтін;
-көру қабілеті нашар естімейтін;
-есту қабілеті нашар көретіндер.
Көру және сөйлеу қабілеті зақымдалған: -көрмейтін алаликтер;
-нашар көретін алаликтер;
-көрмейтін сөйлеу бұзылысы бар;
-нашар көретін сөйлеу бұзылысы бар.
Көру және қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар: -дербес қозғала алмайтын көрмейтіндер;
-дербес қозғала алмайтын көру қабілеті бұзылған;
-қозғалысы бұзылған көрмейтін;
-церебральды салдың жеңіл түріндегі көрмейтін;
Есту мен қимыл-козғалыстың бұзылыстары: -цса(церебральды сал ауруы) мен естімеушілік;
-цса мен есту қабілеті нашар болуы.
Сенсорлық және моторлық бұзылулардың ауырлығы ақыл-ойдың артта қалуымен сипатталады.
Осылайша, күрделі бұзылыстардың әрқайсысын ауырлығы бойынша құрылымына жіктеу арқылы, біз олардың негізгі қиындықтарын анықтап, арнайы білім беру мен тәрбиенің бағдарламасын құрып, оларға қажетті көмек көрсете аламыз.
Қолданылған әдебиеттер: Блюмина М.Г «Распространность, этиология и некоторые особенности клинических проявлений сложных дефектов