Студенттің Өзіндік жұмысы


Соколянскийдің Скороходовамен тәжібирелік жұмысы



бет3/5
Дата30.11.2022
өлшемі88,46 Kb.
#53737
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ñòóäåíòò³? ?ç³íä³ê æ?ìûñû

Соколянскийдің Скороходовамен тәжібирелік жұмысы
Скороходованың есту мен көру қабілеті зақымдалуына қарамастан, ол совет одағының дефектолог-ғалым, педагог, кандидат педогогический наук атанған. Тіпті “Как я воспринимаю и представляю окружающий мир” атты өз кітабын жазған болатын. Ол жерде Ольга көру мен есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың қоршаған орта туралы түсінігін, бақылауларын йіс сезу, тактильді, вибрациялық қабылдау, температура және дәм сезу рецепторларымен сипаттайды. Осы арқылы Ольганың тәжирибесі қоршаған ортаның шектеуі білімнің арқасында кеңейетіні нақ көрсетіліп тұр.
Менің ойымша, Скороходованың бұндай жетістіктерге жетуі өзінің арқасында деген ойдамын. Әрине, Соколянскийдің Ольгаға және сол мектепте оқыған балаларға бар жағдайларын жасап, оларды қоршаған ортаға интеграциялауға көмектескен болса да, Ольганың қызығушылығы мен өмірге деген құштарлығы мені тамсандырады және мотивация береді.

Қолданылған мәлеметтер интернет желісінен алынды. «Музей института коррекционной педагогики», https://zen.yandex.ru/media/mlozha/vsia-jizn-vo-tme-i-tishine-slepogluhonemaia-kotoraia-borolas-607a2ffb298124331e08f9fc , https://aif.ru/dontknows/file/clepogluhaya_pisatelnica_i_uchenyy-defektolog_olga_skorohodova_spravka



Естімейтін-көрмейтін балалар күрделі даму бұзылысы бар балалар ретінде
Күрделі бұзылысы бар балалар қатарына естімейтін-көрмейтін балалар да жатады. Және бұл күрделі бұзылыс ең киыны болып саналады.
Бұл балалардың ерекшелігі- тума бұзылыстарына байланысты олар айналасындағы заттарды қабылдау мүмкіндігінен толықтай айырылған және арнайы оқытусыз интеллектуалды дамымайды. Оған қарамастан көрмейтін-естімейтін балалар толыққанды интеллектуалды даму мүмкіндігіне ие. Яғни, атап өткендей арнайы оқыту, оңалту бағдарламары арқасында есту-көру қабілеті зақымдалған бала қарым – қатынастың барлық формаларын жасайды және дамытады. Мысалы, қарапайым қимылдарды тактальдің көмегімен жасауға машықтанады. Бұл осындай ерекше балаларға орта мектеп бағдарламасын меңгеруге, ал кейбіреулеріне жоғары оқу орындарын бітіруге мүмкіндік береді.
Көптеген жылдар бойы ғалымдар мен мұғалімдердің көрмеушілік "викариат теориясына" сүйенген болатын – оған сәйкес көру қабілетінің жоғалуын сақталған сезім мүшелері толықтырады. Алайда, адамдардың өмірлік тәжірибесі бұл пікірді толығымен жоққа шығарады. Себебі, сезім мүшелері өз-өзімен қалыпқа келмейді, ол өз-өзімен жұмыс істеумен, еңбекпен келеді.
Естімейтін-көрмейтін балалардың қабылдау ерекшеліктері.
Сенсорлық қабылдаудың үш түрі бар: сезу, қабылдау, елестету.
Сезу-заттарды түйсіну арқылы жеке қасиеттерін анықтау.
Қабылдау- заттың қасиеттер жүйесіне сәйкес келеді. Сезімдер қабылдаудан тыс болуы мүмкін, мысалы, суық, қараңғылық сезімі, бірақ сезімдерсіз қабылдау мүмкін емес. Сонымен қатар, қабылдау - адамның сыртқы ортамен қатынас жасауы. Сезімдер адамда анализаторлар арқылы пайда болады. Ең алдымен, сезім арқылы затты анықтайды, ондағы ақпараттық белгілерді танып, жіктейді, оны нағыз бейнемен салыстырады.
Бұл балаларда заттардың бейнесін қалыптастырудың ең негізгісі-қолдың іс-әрекетінің арқасында есту-көру қабілеті зақымдалған тұлғаның бүкіл бейнелі әлемі қалыптасады. Басқа анализаторлар, әсіресе қашықтық (вибрациялық, йісті), бейнелерді қалыптастыруға қатыспайды десек те болады, алайда затты танығанда олар да көмектеседі. Себебі, қолдың қызметі нәтижесінде пайда болған бейнелер иіс пен вибрациялық сезімі бағдарлау мүмкіндіктерін кеңейте отырып, үлкен маңызға ие болады. Осы кездедегі елестетудің маңызы өте зор. Себебі, бала ол нәрсені көрмеген соң, өз күшімен ойында жинақтаған ақпараттар арқылы елестетіп, затты тануы қажет.
Естімейтін-көрмейтін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшелігі.
Естімейтін-көрмейтін балада ми қалыпты дамиды. Алайда, осы жердегі ескерілетін ерекшелік-баланың миы қалыпты болғанымен, бала арнайы бағдарлама мен білімсіз ешқандай жетістікке жетуі мүмкін емес. Дамудың ең бірінші қадамы, бастапқы білім алуды қамтиды. Осы кезден бастан балада қоршаған ортаның логикалық бейнесі қалыптасады. Осы кезде шешуші фактор- жестті қолдану болып табылады. Жест- қарым қатынас құралы, әрі сөйлеу тілінің аналогы болып табылады.Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау жестпен тоқталып қалмайды, ары қарай жестті дактильдік сөйлеу тілімен алмастырады. Дактильді толық меңгергеннен кейін дактиль ауызша сөйлеу түріне алмасады.
Дыбыстық сөйлеу түрін менгеру. Есту және көру қабілеті зақымдалған баланың сөйлеу тілін үйрену үшін ең алдымен ол дыбыстың айтылып, дұрыс қойылуын үйренуі қажет.Бұл сөйлеу түрін үйрену балалардың тыныс алу, шығаруды үйретін сабақтарды өтеді. Осының арқасында балада сөйлеу тынысы қалыптасады. Кейіннен мұғалім баланың дыбысты дұрыс шығаруы үшін тілінің, тістерінің, еріннің дұрыс орналасуын көрсетеді. Дыбысты айту кезінде бала бір қолымен маманның тамағынан ұстап тұрып вибрацияны сезіп, қабылдайтын болса, екінші қолымен өзінікін бақылауда ұстайды.


Қолданылған әдебиет: Специальная психология : учебно-методическое пособие / авт.- сост.: А. М. Дохоян, В. И. Лахмоткина, И. С. Исмаилова. 
Қосымша қолданылған сайт: http://www.vashpsixolog.ru/lectures-on-the-psychology/175-speczialnaya-psixologiya/2564-deti-so-slozhnymi-kombinirovannymi-narusheniyami


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет