Студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет56/111
Дата27.11.2023
өлшемі308,2 Kb.
#130116
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   111
Байланысты:
метод-СРС-СД-анест-реан-каз (3)

Ситуациялық есептер:

  1. Науқас Л – 19 жаста, салмағы 70 кг, бойы – 180 см, кеуде – құрсақ қуысының пышақталған жарақатымен, іштен қан кетуімен, жарақат шогының ІІ – ІІІ сатысымен шұғыл түрде операцияға алынды.Шокқа қарсы қолданатын іс шаралардың кезектілігін және анестезияны атаңыз. Анестезиологиялық іс шаралар мен премедикацияны таңдап негіздеңіз.

  2. Операцияның басында торакотомиядан кейін артериальды қан қысымы бірдегеннен төмендеп кетті. Коллапсқа алып келген механизмді түсіндіріп,онымен күресу іс шараларын атаңыз.

  3. Операциядан кейінгі кезеңде науқаста тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері пайда болды: көгеру, беткейлі тыныс алу, тахипноэ 32 рет минутына, гипоксемия. Қан анализінде: рН 7,28, PaO2 68 мм сынап бағ.PaCO2 56 мм. сынап баға. ВЕ = -9,5 ммоль/л. Тыныс алу жетіспеушілігінің себебін атап, көрсетілетін іс шараларды атаңыз.

  4. 35 жастағы 55 кг салмақтағы науқас асқазанның пилорикалық бөлімінің созылмалы жарасымен, тарылудың 2 сатысымен Бильрот- 2 жоспарлы операцияға дайындалды. Операция алдындағы дайындық , премедикацияны және анестезиологиялық іс шараларын негіздеп атаңыз.

  5. Анестезия барысында науқаста тахикардия, қарыншалық экстрасистолия пайда болды.Аритмияның себептерін атап, оны жою іс шараларын атаңыз.

  6. Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесіне жоспарлы операциядан соң науқас түсті.Операция кезінде жоғалтқан қан көлемі 500 мл, толықтырғаны 800. Гемодинамиканың тұрақсыздығы байқалады: артериальды гипотония, тахикардия, аритмия, орталық веноздық қысымның төмендеуі. Қан айналымның жетіспеушілігінің себептерін атаңыз. Гемодинамиканы қалыпқа келтіру іс шараларын атаңыз.

  7. Науқас 58 жаста, 85 кг жіті аппендицит, шектелмеген іріңді перитонит диагнозымен операция дайындалуда. Операция алдындағы дайындық , премедикацияны және анестезиологиялық іс шараларын негіздеп атаңыз.

  8. Осы науқас операция кезінде көгеріп, жасанды желдендіру аппаратына қарсыластығы жоғарылап қан қысымы көтеріліп, тахикардия пайда болды. Асқынуды диагностика жасап, интенсивті терапиясын атаңыз.

  9. Операциядан кейінгі кезеңде науқаста ларингоспазм пайда болды. Оның себептерін атап, жою іс шараларын атаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет