3 сабақ 1. Тақырыбы: Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жұмыс атқаратын медициналық қызметкерлердің іс-әрекетін құқықтық реттеу.Мейірбике – анестезисттің кәсіби құқықбұзушылықтары үшін юристтік жауапкершілігінің орнатылуы. 2. Мақсаты: Студенттерді реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жұмыс атқаратын медициналық қызметкерлердің іс-әрекетін құқықтық нормалармен, негізгі заңдармен және заңды актілермен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты: Студент білуі тиіс:
Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жұмыс атқаратын мейірбикенің іс-әрекетін құқықтық нормаларын регламенттеуші негізгі құжаттар.
Анестезист – мейірбикенің кәсіби құқық бұзушылығы үшін заң алдындағы жауапкершілігін орнату тәртібі.
Студент істей білуі тиіс:
Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жұмыс атқаратын мейірбике іс-әрекетінің құқықтық нормаларын реттеу, заңдылықтарға және заң актілеріне сай қызметтік міндеттерін орындау.
4.Өткізу түрі:
- ролдік ойын түрінде кіші топта жұмыс істеу ( 5-6 оқушы).
- АжҚТБ жұмыс істеу
- ОТҚ қолданып ( ПК, мултимедиялық проектор) сабақ тақырыбын презентациялау
- Ситуациялық есептерді шешу
- Тесттерді шешу
5.Тақырып бойынша тапсырмалар: - Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жұмыс атқаратын медициналық қызметкерлердің іс-әрекетін құқықтық нормаларынреттеуші негізгі құжаттармен танысу;
-Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінің аға мейірбике және анестезист-мейірбике жайлы қаулылармен танысу;
- Сабақтың тақырыбына сәйкес конспект немесе реферат құрасту;
- Берілген тест тапсырмаларын және ситуациялық есептерді шешу;
- өз бетінше тақырып бойынша ситуациялық есептер немесе тест сұрақтарын құрастыру;