Қиял және шығармашылық. Баланың ойыны жеткіншектік кезеңде қиялға айналады. Бұл жеткіншектердің жаңа қажеттілігі. Жеткіншектік кезеңде бала математикалық белгілерді ойша жоспарлап, оның мазмұны мен әрекетін қоса алады, яғни жеткіншекетерекі жоғарғы функциялар: қиял мен ойлауды біріктіре алады. Л.С. Выготский атап көрсеткендей бұл кезеңдегі балалардың, ойыны фантазияға айналады да, кейде ол шындыққа да сәйкес келмеуі мүмкін.
Ойлау - негізігі роль атқарады. Ойлану арқылы жеткіншек тиісті мәселенің шындығын, не қате екенін шешеді. Шындықты ажыратудың көптеген тәсілдері кездеседі.
Абстрациялық ой - дегеніміз нақты заттарға мән бермей солардың негізгі белгілерін біріктіріп жалпылап, кейін жеткіншекте осы тәсіл кеңінен өріс алғанымен, оның бұрын келген нақты ойы бірден жоқ болып кетпейді. Сонымен жеткіншек жекеден жалпыға /индукция/, жалпыдан жекеге /абстракция/ ой үстінде көшіп отырады. Немесе бұлар нәрселерді көбінесе жорамал амалына /анологияға/ сүйеніп біледі. Бұл мәселенің сырын жорамалға сүйеніп білу ойланудың жоғарғы түрі болып саналады. Жеткіншек тиісті мәселені шешу де «бәлкім», «солай болуы мүмкін» немесе «егер бұлай болса, онда анау солай болады» т.с.с. тәсілдері математика, физика сабақтарында қолдануға үйренеді. Мұндай формальдық операцияларды ойша қолдана алу, жеткіншектің ой-өрісін кеңейтіп отырады.
Бұл кезеңде жеткіншек жастағы балаларда продуктивтіліктің төмендеуі байқалады. Яғни, жеткіншек жастағы балалар тапсырманы механикалық тұрғыда орындайды.
Сөйлеубақыланып, басқарыла бастайды ( жеткіншек әдемі және дұрыс сөйлеуге тырысады)
Эмоция. Өтпелі кезеңде эмоция өзгермелі, толқымалы, қызба болады. Көңіл-күй жиі алмасады. Жеткіншектік кезеңде жасөспірім ұялшақ, жасқаншақ, өздерінің дене бітіміне аса назар аударып, кемшіліктерін жиі көреді де соның нәтижесінде адамдармен қарым-қатынаста қайшылықта болуы мүмкін.
Негативизм. Кейде өтпелі кезеңде 3 жастағыдағдарысқа сәйкес келетін екінші негативизм фазасы деп атайды. Бала қоршаған ортаға қарсы болады, кикілжің, тәртіпті бұзуға даяр болады. Сонымен қоса іштей алаңдау жеке қалуға тырысу да байқалады. Ұл балаларда негативизм айқын және жиі, ал қыз балаларда кейінірек 14-16 жаста көрінеді.