Студенттің өзіндік жұмысының жоспары Оқытушы: Джуманкулова Самал Досынбековна Топ: б-18 Күні



бет3/4
Дата05.05.2023
өлшемі28,54 Kb.
#90716
1   2   3   4
Байланысты:
Психология Б-18 14.01.21 Джуманкулова С.Д. (1)

Жеткіншектің оқу қызметі. Кішкентай жеткіншектердің оқуға көзқарасы алдымен мұғалімге көзқарасы мен алынған бағаларына байланысты болады. Оқу пәндерге қызықты және қызықсыз деп саралау көбіне оқыту сапасына, жеткіншектің жеке мүддесіне байланысты, ал сабақтарды керек және керегі жоқ деп бөлу кәсіптік ниеттердің қалыптасуынан туындайды. Әрбір жаңа пән жеткіншектің ынтасын туғызады. Осы ынтаны сақтап, дамыту мұғалім қолында. Бұл кезде оқудың жаңа мотивтері шығады. Өз-өзіне көңілі толмау және ойындағысын орындауға ұмтылу жеткіншектің танымдық белсенділігінің қайнар көзі. Егер оқушы мұғалімді жек көрсе, оның сабағына селқос қарауы мүмкін. Сонымен оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруына, оқу процесі тиісті дәрежеде жүргізілмесе жеткіншектердің оқу үлгерімі төмендейді. Осы кезде бір мұғалімнің орнына бес - алты мұғалімнің келуі де әсер етеді.
Оқу деген ұғымның мазмұны жеткіншектік кезеңде ұлғаяды, өйткені білім алу енді кейде оқу бағдарламасынның шеңберінен асып, өздігінен және мақсатқа сай жүзеге асады. Өсе келе мұндай бағдар күшейеді.
Жеткіншектік тану сферасының ерекшеліктерін зерттеу.
Өзінің интелектуалдық даму жағынан жеткіншектер үлкендермен қатар болады. Сондықтан олардың тану процестерін зерттеген кезде, үлкендерге арналған тесттерді қолдануға болады, бірақ ғылыми терминдер мен ұғымдарды қолдануда абай болу керек. Тұлға мен тұлғааралық қатынастарға келетін болсақ, бұл жерде көптеген шектеулер бар, оларды орындау керек. Жеткіншектер-жартылай балалар, сол үшін оларға тесттің жартылай балалық және жартылай үлкендердің түрлерін қолдану керек. Ол түрдің негізгісі болып ойын түрі болып есептелінеді, ал тапсырмалары балада қызығушылық тудыру керек.
Қабылдауды зерттеу әдістемелері:
– «компастар» әдістемесі (кеңістік қасиеттерді қабылдау);
– «сағат» әдістемесі;
– уақытты қабылдауды зерттеу әдістемесі.

Жеткіншек кезеңінде зейін еркін болады және оқытушының өзінмен толық ұйымдастырылып, бақылануы мүмкін.


Зейіннің жеке толқуы жеке – психологиялық ерекшеліктерге негізделген болуы мүмкін (ашуланшақтығы, тез шаршауы, соматикалық аурулардан кейін зейіннің төмендеуі), оқуға қызығушылықтың төмендеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет