Студенттің ПƏндік оқУ Əдістемелік кешені


Жұмыс уақыты жəне оны пайдалану



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата06.04.2017
өлшемі0,76 Mb.
#11190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жұмыс уақыты жəне оны пайдалану
Қызметкерлер  жəне  еңбек  шарттарының  талаптарына  сəйкес  еңбек  міндеттерін
орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты болып табылады.
Қазақстан Республикасында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан
аспауға  тиіс. Ауыр  дене  жұмыстарында  істейтін  қызметкерлері  үшін  жұмыс  уақытының
ұзақтығы аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленген.
Кəсіпорында  жалпы  жəне  əр  санат  жəне  əр  топтар  бойынша  жұмыскерлер  уақытының
күнтізбелік  қоры  анықталады, соның  арқасында  жұмыс  уақытының  балансы  анықталады.
Жұмыс уақытын пайдалану дəрежесін білу үшін мына əдістер пайдаланады:
· жұмыс уақытын зерделеу (хронометраж);
· жұмыс уақытын суреттеу;
· жұмыс уақытын зерделу жəне суреттеу (фотохронометраж).
Жедел мəліметтерді алу үшін статистикалық əдістердің мезеттік түрі пайдаланылады.
Кəсіпорын қызметкерлер құрамының еңбек өнімділігі
Өндірістің  тиімділігін  арттыруда  еңбек  ресурстарын  пайдаланудың, жұмсалған  еңбек
шығындарын азайтудың үлкен маңызы бар.
Еңбек  ресурстарын  пайдалануын  жақсартудың  факторларының  бірі  ауысым  ішіндегі
жұмыс уақытының ысыраптарын барынша жою.
Еңбек  өнімділігі  өндіріс  процесінің  еңбек  тиімділігін  көрсетеді  жəне  өнімнің  бір
өлшемін өндіруге жұмсалған жұмысшы санымен немесе уақыт мөлшерімен анықталады:
ЕӨ = ӨӨ/N немесе ӨӨ/Т,
мұндағы ЕӨ - еңбек өнімділігі;
ӨӨ - өндірілген өнім көлемі;
Т – уақыт шығындары;
N – қызметкерлер саны.
Еңбек  өнімділігіне  кері  көрсеткіш  –  еңбек  сыйымдылығы  (ЕС)  ол  өнім  өлшеміне
жұмсалған уақыт шығынымен айқындалады.
Еңбек  өнімділігі  мен  еңбек  сыйымдылығы, өнім  өндіру  көлемі, уақыт  шығындары
арасында мынадай байланыстар бар:
ЕӨ = 1/ЕС; ӨӨ = ЕӨ · Т; Т = t · ӨӨ.
Еңбек өнімділігін өлшеу əдістері мынадай:
1. заттай – бұл кезде өнім өндіру көлемі заттай бірлігінде (т, м, м
3
) көрсетіледі;
2. еңбек əдісінде өнімнің алуан түрлері оларды өндіруге жұмсалған еңбек шығыны
(норма – сағат) бойынша өлшенеді;
3. құндық əдісте еңбек өнімділігі орта есеппен бір қызметкерге шаққандағы немесе
жұмыс уақытының белгілі бір өлшемінде өндірілген өнім құнымен көрсетіледі.
Еңбек  өнімділігін  арттыру – барлық  қоғамдық-экономикалық  формацияларға  тəн
экономикалық заң.
Шахталарда, карьерлерде  жыл  сайын  еңбек  өнімділігін  арттыруға  арналған
ұйымдастырушылық-техникалық шаралары бекітіледі.
Қызметкерлер  санын  анықтау кезінде  өндірім  нормалары, қызмет  көрсету
объектілердің саны, жұмыс орындарының саны белгілі болуы қажет.
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу

Еңбек  туралы  Заңында  былай  жазылған: жалақының  мөлшерін  жұмыс  беруші  дербес
белгілейді  жəне  ол  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  ең  төмен  жалақы
мөлшерінен  кем  болмауы  керек. Жұмыс  беруші  жалақының  мөлшерін  орындалатын
жұмыстың көлемі мен сапасына, күрделілігіне қарай белгілеуге тиіс.
Еңбекке ақы төлеу жеке еңбек жəне ұжымдық шарттар арқылы реттеледі.
Тарифтік жүйе жəне еңбекке ақы төлеу нысандары
Əр  кəсіпкер  өнім  өндіру сапасына, нақты технологиялық  процесіне, басқару  деңгейіне,
өткізу  рыногіне, сұраныс  көлеміне  ең  жоғары  дəрежеге  сəйкес  келетін  еңбекке  ақы  төлеу
жүйесін  таңдайды. Еңбекақы  нысандары болып  тарифтік жүйе, келісім  шарт  жəне тарифсіз
жүйелер саналады.
Тарифтік  жүйенің  негізгі  элементтері  болып  мыналар  саналады: тарифтік-біліктілік
анықтамалығы, бірінші разрядтың тарифтік мөлшері, тарифтік тор, тарифтік мөлшерлемелер
мен қызметақыларға қосымша төлемдер мен үстемелері.
Қызметкерлердің  еңбегіне  ақы  мерзімдік, кесімді  түрде  немесе  еңбекке  ақы  төлеудің
өзге де жүйелері бойынша төленеді.
Кесімді еңбекақы түрлері мынадай: тікелей кесімді, кесімді сыйлықақы, үдемелі, жанама
кесімді, аккордтық, жеке жəне ұжымдық кесімді.
Кесімді  еңбекақы  төлеу  негізінде  атқарған  жұмыс  түріне  қарай  кесімді  бағалама  қою
алынады. Кесімді  бағалық (Р
К
) орындалатын  жұмыс  разрядына  сəйкес  келетін  ауысымдық
немесе  сағаттық (Т
С
) тарифтік  мөлшерлемені  сəйкес  өндірім  мөлшеріне (Н
Ө
)  бөлу  арқылы
немесе уақыт нормасына (Н
У
) көбейту арқылы есептеледі.
Тікелей кесімді еңбекақы былай анықталады:
З
К
= Р
К
 · Q ,
мұндағы Q – белгілі уақыт кезеңінде жұмысшының өндірген өнім көлемі.
Еңбекақының кесімдік-сыйлық жүйесінде жұмысшының табысы былай есептелінеді:
З
КС
 = З
К
 + З
К
 (a + b · c) / 100,
мұндағы З
КС
 – жұмысшының кесімді-сыйлық жүйесіндегі жалпы еңбекақысы, теңге;
a – тапсырманы орындау үшін пайыз бойынша бекітілген сыйлық мөлшері;
b – сыйлық  көрсеткішті  асыра  орындаудың  əрбір  пайызы  үшін  бекітілген  сыйлық
мөлшері;
c – тапсырманы асыра орындаудың мөлшері.
Еңбекке  үдемелі  кесімді  жəне  аккордтық  ақы  төлеу – берілген  норма  шеңберінде  бір
қалыпты  кесімді  бағалама  бойынша  атқарылған  жұмысқа  ақы  төлеуді, ал  нормадан  артық
орындалған  жұмыстарға, тапсырманың  орындалу  дəрежесіне  қарай  көтеріңкі  бағалама
бойынша ақы төлеуді көздейді.
Мерзімдік  ақы  төлеуде  жұмысшының  жалақысы  берілген  разряды  бойынша  сағаттық
(ауысымдық) тарифтік  мөлшерлемені  іс  жүзінде  істеген  сағаттарының  санына  көбейту
жолымен есептелінеді.
Бригада  мүшелері  арасында  ұжымдық  табыс  жұмысшылардың  тарифтік  мөлшерлемесі

ci
), жұмыс істеген уақыты (n
i
) жəне бригаданың қосымша табыс коэффициенті (К
т
) арқылы
бөлінеді, яғни:
З
жі
 = Т
ci
 · n
i
 · К
т
,
мұндағы З
жі
 - əр бригада мүшесінің табысы, теңге.
Қосымша  табыс  коэффициенті  немесе  кесімді  табыс  коэффициенті  бригаданың  жалпы
кесімді табысы (З
бк
) мен оның барлық тарифтік табысының (З
т
) қатынасымен есептелінеді:

å
×
×
=
=
i
ci
бк
бк
Т
бк
Т
n
Т
Q
Р
З
З
К
,
мұндағы Р
бк
– бригаданың кешенді кесімді бағаламасы;
Q
бк
 – бригаданың нақты өндірген өнім көлемі.
Əрбір  жұмысшының  ұжымдық  еңбекке  қосқан  жеке  үлесін  барынша  толық  есепке  алу
үшін қосымша табысты, ұжымдық сыйлықтар мен көтермелерді бөліп есептеуге болады, ол
үшін еңбекке қатысу коэффициентті (ЕҚК) де пайдаланған жөн.
Тарифсіз еңбекақы төлеу жүйеде жұмысақы мынадай тізбектілікпен анықтайды.
Біріншіден, əрбір  кəсіпорынның, цехтің, учаскенің, бригаданың  тапқан  балдарын (М
і
)
есептейді:
М
і
 = Б · n · К
е
 ,
мұндағы Б – біліктілік балдары;
n – жұмыс істеген адамдар – сағаттар саны;
К
е
 – еңбекке қатысу коэффициенті.
Екіншіден, барлық жалпы балдарын есептейді (М = ∑М
і
).
Сонан соң, бір балға тиісті еңбекақы қорының (ЕҚ) үлесін (d) санайды:
d = ЕҚ / М.
Енді əр қызметкерлердің табысын анықтауға болады:
З
і
 = Б
і
 · n
і
 · К
еі
 · d .
Əлеуметтік салықты есептеу əдістемесі.
Қазақстан  Республикасының  заңды  тұлғалары, республикада  қызметін  тұрақты
мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, жеке кəсіпкерлер, жеке натариустер,
адвокаттар салық төлеуші болып саналады. Салықтың мөлшері жылдық есептік көрсеткішке
(ЖЕК – оның  мөлшері 2008 жылы 1168 * 12 = 14016 теңге) байланысты  жəне  азаймалы
салыққа жатады.
Əлеуметтік салық төлеу ставкалары.
7-кесте
Қызметкерлерге  салық  салынатын
табысы
Ставкасы
15 еселенген ЖЕК-ке дейін
Салық салынатын табыс соммасына 20%
15 еселенген  ЖЕК-тен 40 еселенген
ЖЕК-ке дейін
15 еселенген  ЖЕК-тен  салық  соммасы + одан
асатын соммадан 15%
40 еселенген  ЖЕК-тен 200 еселенген
ЖЕК-ке дейін
40 еселенген  ЖЕК-тен  салық  соммасы + одан
асатын соммадан 12%
200 еселенген 
ЖЕК-тен 600
еселенген ЖЕК-ке дейін
200 еселенген  ЖЕК-тен  салық  соммасы + одан
асатын соммадан 9%
600 еселенге  ЖЕК-тен  жəне  одан
жоғары
600 еселенген  ЖЕК-тен  салық  соммасы + одан
асатын соммадан 7%
Негізгі əдебиеттер: 1нег [9-92;106-134]; 2 нег [312-342]; 7 нег [5-324].
Қосымша əдебиеттер: 12қос [6-74].
Бақылау сұрақтары:
1. Тау – кен кəсіпорындарында еңбек ресурстардың маңызы міндеттері.

2. Еңбек рыногі, оны мемлекеттік реттеу.
3. Кəсіпорынның кадрлік құрамын жіктеу.
4. Еңбекақы төлеу түрлері мен жүйелері.
5. Еңбектің бригадалық түрі кезінде жұмысақы есептеу жəне үлtстіру.
6. Əлеуметтік салықты есептеу.
6-дəріс. Өндірістік қызметінің тиімділігі
Өнімнің (жұмыстың , қызметтің) өзіндік  құны - өнімді  өндіру  кезінде
пайдаланылатын  табиғат  ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі
қорлардың, еңбек  ресурстардың, оны  дайындау  мен  өткізуге  жұмсалатын  басқа  да
шығындардың ақшалай бағалануы.
Өнімнің  өзіндік  құны – кəсіпорынның  өнім  өндіруге  жəне  өткізуге  жұмсаған
шығындардың ақшалай тұлғануы.
Кезкелген  меншік  нысандағы  кəсіпорын  залалсыз  жұмыс  істеуге  тиіс  болатын
нарықтық  қатынас  жағдайында  өнімнің  өзіндік  құны  аса  маңызды  экономикалық
көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Өнімнің  өзіндік  құны  арқылы  оның  нарықтық  бағасы  құралады, пайда  мен
пайдалылық деңгейі анықталады, тауардың құны белгіленеді.
Өнімнің өзіндік құны – жалпылама, жинақтау (синтездік) көрсеткіш, ол кəсіпорынның
өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайды. Өнімнің өзіндік құнының мөлшері мен серпіні
арқылы  тау-кен  кəсіпорнының  басқару, жоспарлау, еңбек  пен  жұмысақы  ұйымдастыру,
өндіріс техникасы мен технология деңгейі туралы пікір айтуға болады.
Кəсіпорында өндірілген өнім құны үш бөліктен тұрады:
T = C  + V + m ,
мұндағы: Т – тауар құны;
    С- тұтынылған өндіріс құралдары;
    V- қажетті еңбек;
    m – қосымша құн.
Тұтынылған өндіріс құралы деп материалдарға , отынға, энергияға, негізгі қорлардың
тозған бөлігіне жұмсалған шығындарды айтады, яғни бұлар бұрын затталған еңбекті құрады.
Тұтынылған өндіріс құралдары құн өндіруге қатынасады, бірақ тікелей өнім өндірмейді. Оны
К. Маркс «тұрақты капитал» деп атаған (constant capital).
Құн тек еңбекпен өндіріледі. Еңбектің өзі жұмыс күшін тұтыну процесі. Жұмыс күші
– тауар құны, ол жұмысшының дене жəне мəдени талғамдарын қанағаттандыру үшін қажетті
игіліктер  құнына  тең. Кəсіпорын  қызыметкерлері  өзінің  еңбегіне, өзінің  жұмсалған  жанды
еңбегіне жұмысақы алады. Жұмыс күші өндіріс процесінде өзгереді, өйткені жұмыс күші өз
құнынан  артық  қосымша  құн  өндіреді. Капиталдың  бұл  бөлігі  өзгермелі (variable) капитал
делініп, “V” əріпімен, ал қосымша құн “m” əріпімен белгіленеді.
Қосымша  құн  жұмыс  күшін  тұтыну  процесінен  туындайды, олай  болатыны  өндіріс
процесінде  жалдамалы  жұмысшы  қажетті  жұмыс  күшінен  артық  құн  мөлшерін  өндіреді.
Қосымша құн кəсіпорынның алғашқы авансыланған қаражаттардан түскен таза пайдасы.
Өнімнің  құнынан  өнімнің  өзіндік  құны  сандық  жəне  сапалық  жағынан
айырмашылығы бар. Өнімнің құны үш бөліктен: тұтынылған өндіріс құралдарының, сондай-
ақ  қажетті  жəне  қосымша  еңбекпен  жасалған  өнімнің  құнынан  құралатын  болса, өнімнің
өзіндік  құнында  алғашқы  екі  бөлік  толық , үшінші  бөлігі  ішінара, əлеуметтік  мұқтаждарға
аударым жəне тұтынылған еңбек заттарының бағасымен есептелген пайда қамтылады.
Сапалық айырмашылығы мынада: құн сұраныс пен ұсыныс арқылы айқындалады, ал
өнімнің  өзіндік  құны  қол  жеткізілген  техника  мен  технология, еңбек  өнімділігі  мен  баға,

жұмыс  күшін  қалпына  келтіруге  жұмсалған  шығындар, табиғат  ресурстарын , еңбек
құралдары мен заттарын пайдалану деңгейі жағдайында өндіріс шығындарымен анықталады.
Пайдалы  қазбаларды  өндірудегі  өзіндік  құны  əр  түрлі  факторлармен  байланысты.
Оның бірі табиғи кен – геологиялық жағдайлары болып саналады, олар пайдалы қазбаларды
өндіру тəсілін (ашық немесе жер астында), қазу жүйесін, кəсіпорынның жылдық  өндірістік
қуат мөлшерін анықтайды.
Кəсіпорынның шығындар түрлері
Өндіріс  шығындары  мен  өндіріске  жұмсалған  шығындардың  мəні  теориялық  жəне
тəжірбиелік  жағынан  өзара  ұқсас  емес. Кəсіпорын  шығындары  олардың  экономикалық
міндеттеріне қарай ажыратылады . Шығындардың ұдайы өндіріс процесіндегі рөлін анықтап
айыру  өте  маңызды  болып  саналады . Ұдайы  өндірістік  белгісі  бойынша  кəсіпорынның
шығындарын үш түрге бөлуге болады:
өнімнің  өзіндік  құнын  құрастыратын  өндірістік  жəне  өнім  өткізуге  жұмсалатын
шығындар. Бұл  айналмалы  капиталдың  айнымалы  арқылы  өнім  өткізуден  түскен  түсімнен
өтеулетін ағымдағы шығындар;
өндірісті  ұлғайту  мен  жаңартуға  жұмсалған  шығындар. Бұл  негізгі  жəне  айналмалы
қорлардың  көлемін  ұлғайтуға  жəне  құрылымын  жақсартуға  жұмсалатын  бір  жолғы
шығынның сомасы;
əлеуметтік мəдени, тұрғын үй – тұрмыстық жағдайларға жұмсалатын шығындар. Олар
тікелей өндіріспен байланысты емес жəне кəсіпорынның арнаулы қорлардан қаржыланады.
Өндіріске  жəне  өнім  өткізуге  жұмсалатын  кəсіпорынның  ақшалай  түрде  есептелетін
шығыстары- олар  өндіріс  процесінде  материалдарды, отын  жəне  энергияның  барлық
түрлерін, еңбекті, негізгі  қорларды, бейматериалдық  активтерді  пайдаланумен  байланысты
жəне шығарылатын өнімнің өзіндік құнына енгізіледі.
Шетел  оқулықтарында  өндіріс  шығындарын  іске  қосылатын  факторлар  немесе
экономикалық  ресурстарға  жұмсалған  ресурстары  деп  анықтайды. Барлық  ресурстар
баламалы  деп  қабылданады, бұл  мынаны  көрсетеді, өнім  өндіру  үшін  таңдалған  кезкелген
ресурстың  баламалығыны  оның  құнына  немесе  пайдаланудың  барлық  ықтимал
баламаларынан ең таңдаулы нұсқасындағы құндылыққа тең. Бұл нарықтық экономикасының
маңызды принципының бірі.
Өндіріс шығындары экономикалық жəне бухгалтерлік болып ажыратылады.
Олардың арасында мынадай айырмашылық бар:
                                  Экономикалық – Имплициттік = Бухгалтерлік
                                     шығындар            шығындар         шығындар
Бухгалтерлік  шығындар  негізінде  шығындардың  нақты  сомасы  белгіленеді, өнімнің
өзіндік құны есептелінеді, салық салынатын табыстың мөлшері анықталады.
Өндіріс шығындарын жіктеу
Өндіріс  шығындары – материалдық  заттар (материалдар, отын, энергия, жабдықтың
тозуы, т.б.) мен  өнім  өндіруге  жұмсалған  еңбек  шығындарының  жиынтығы  жəне  ол
кəсіпорында  өнімді өндіру мен өткізудің  қаншаға  түсетінін  көрсетеді. Ақшалай  нысанда  ол
өнімнің өзіндік құны, кəсіпорынның ағымдағы шығыны болып табылады .
Өндіріс  шығындары  пайдалы  қазбаларды  сатудың  ең  төмен  бағасын  білдіреді, оны
залалсыздық  баға  дейді. Ал  тауарлық  өнімнің  жоғары  бағасы  сұраныспен  анықталады.
Сонымен тау – кен кəсіпорны өзінің өніміне оны өндіруге, өткізуге жұмсаған шығындарды,
сондай-ақ  жұмсалған  күш-жігер  мен  тəуекелді  үшін  пайданың  орынды  нормасын  толық
жабатындай баға қоюға ұмтылады.
Тау – кен  кəсіпорнында өндірілген  пайдалы қазбалардың  өзіндік  құнын  талдау үшін
шығындардың  əр  түрінің  ерекшеліктерін  білу  қажет  жəне  сол  шығындардың  өнім  өндіру
көлемімен өзара байланысын айқындау керек.

Өндіріс  шығындарын  əбден  талдап, зерделеу  үшін  оларды  жіктеу  керек, сипатты
белгілермен əр түрлі топтарға бөлген жөн.
Əдетте  өндіріс  шығындар  экономикалық  мазмұнына, өндіріс  процестегі  міндетіне,
өнімнің  өзіндік  құнына  жатқызу  тəсіліне, шығындардың  құрамына, өндіріс  процестегі
рөліне, өндіріс көлеміне қатынасына қарай топтастырылады.
Экономикалық мазмұны бойынша өндіріс шығындары бөлінеді:
жанды (нақты) еңбек  шығындары – қызметкерлердің  жұмысақысы, əлеуметтік
сақтандыруға төлемдер;
затталған  еңбек  шығындары – материалдарға, отынға, энергияға, негізгі  қорлардың
амортизациясына жəне басқа материалдық құндылықтарға жұмсалған шығындар.
Өндірістік  процеске  қатысуына  қарай  шығындар  негізгі  жəне  үстеме  шығындарға
жатады.
Негізгі шығындар өндіріс процесті жүзеге асырумен тікелей байланысты, оларға:
технологиялық  процеске  қажетті  материалдар (бекітпе  материалдары, жарылғыш
заттар, қосалқы бөлшектер);
негізгі  өндірістік  жұмысшылардың  негізгі  жəне  қосымша  жұмысақысы,сондай-ақ
əлеуметтік сақтандыруға төлемдер;
технологиялық отын;
технологияға қажетті энергия – электроэнергия, сығылған ауа, су;
негізгі өндірістік қорлардың өтелімі жатады.
Үстеме шығындар - өндірісті ұйымдастырумен, басқарумен, оған қызмет көрсетумен
байланысты шығындар.
Өндірілген  өнімге  жатқызу  əдіс  бойынша  өндіріс  шығындары  тікелей  жəне  жанама
болып ажыратылады .
Тікелей  шығындар - өнімді  өндіруге, жұмыстарды  орындауға, қызымет  көрсетуге
жұмсалған  шығындар, олар  өнімнің  өзіндік  құнына  тура  жəне  тікелей  енгізіледі. Мысалы,
тазартым  забойларда  істейтін  жұмысшылардың  еңбекақысы, забойларда  пайдаланылатын
бекітпе  материалдар  тікелей  шығындар  болып, тазартым  забойлардан  қазып  алған
кенбайлықтардың өзіндік құнына тұтасымен енгізіледі.
Жанама  шығындар – кəсіпорындардың  өнім  өндіруге  жəне  өткізуге, өндірісті
ұйымдастыруға  жəне  басқаруға  жұмсаған  өнімнің  өзіндік  құнына  тікелей  жатқызылмайтын
жəне  олардың  арасында  жанама  əдіспен  бөлінетін  шығындар. Бұл  шығындарда  мыналар
қамтылады: жалпы  цех  жəне  жалпы  кеніш  шығындары, яғни  жылуға, жарықтандыруға,
өтелімге, көмекші  жұмысшылардың  жəне  əкімшілік  басқарушылық  қызметкерлердің
жалақысына  жұмсалатын  шығындар. Жанама  шығындар  өнімнің  күні  бұрын  белгіленген
негізге үйлесімді өзіндік құнына жатқызылады.
Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасау кезінде шығындар экономикалық бір
тектігіне  қарай – бір  элементтен  тұратын  жай  шығындарға  жəне  əртекті  шығындардың
бірнеше элементтері қамтылатын кешенді шығындарға бөлінеді.
Жай  шығындарға  қосалқы  материалдары, отын, энергия, негізгі  қорлардың
амортизациясы, негізгі  жəне  қосымша  жұмысақы, əлеуметтік  сақтандыруға  аударымдар
жатады.
Кешенді  шығындарға  жалпы  цех  шығындары, жабдықтарды  пайдалану  мен  күтіп
ұстау шығындары, яғни бірнеше жай шығындардан құрылған шығындар жатады.
Шығындар  жұмсалу  тиімділігінің  деңгейіне  байланысты  өнімді (сапалы  өнім
шығарумен, жаңа  технологияларды  игерумен  байланысты) жəне  өнімсіз (ақаулы  өнім
шығарудан, бос тұрудан, айыппұлдар төлеуден болатын) шығындарғы топтастырылады .
Шығындар  өндірістік  жəне  өндірістік  емес, кəсіпорынның  толық  шығындарына
ажыратылады .
Өндірістік шығындардың кəсіпорындардағы өндіріс процесіне тікелей қатысы бар.
Өндірістік  емес  шығындар  пайдалы  қазбаларды  өткізумен, қоймадан  темір  жол
станциясына тасымалдауымен байланысты.

Өндіріс шығындары өнім көлеміне байланыс жағынан екі түрде болады:
тұрақты  шығындар – олар  өндіріс  көлеміне  тəуелді  емес, оларды  шартты – тұрақты
шығындар дейді;
өзгермелі  шығындар – өніріс  көлеміне  тəуелді  болады, оларды  пропорционалдық
немесе шартты-өзгермелі шығындар деп атайды.
Тұрақты  шығындарға - негізгі  қорлардың  пассив  бөлігінің  амортизациясы, электр
жабдықтардың орнатылған қуат бойынша екі ставкалық тарифпен есептейтін электрэнергия
құнының  бөлігі, мерзімдік  ақы  төленетін  қызметкерлердің  жұмысақысының  көбірек  бөлігі,
үстеме шығындардың көбірегі жатады .
Өзгермелі  шығындарға - материалдар, электроэнергия (электр  санауышы  бойынша
алынған құны), кесімді жүйеде істейтін негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы(негізгі,
қосымша жəне аударымдар) кіреді.
Тұрақты  жəне  өзгермелі  шығындардың  қосындысы  əрбір  нақты  жағдайда  жалпы
шығын болып табылады:
                                                           TC = FC + VC ,
мұндағы: ТС – жалпы шығындар (total costs);
    FC – тұрақты шығындар ( fixed costs);
    VC - өзгермелі шығындар (variable costs).
Егер өзгермелі шығындарды өнім өндіру көлемі мен өнім бірлігіне шаққан өзгермелі
шығындар арқылы жазсақ , онда формула мына түрде болады:
                                                           ТС = FC + v · Q ,
мұндағы : v - өнімнің бірлігіне шаққан өзгермелі шығындар.
Бұрын  айтқандай, өзгермелі  шығындар  өндіріс  көлеміне  тікелей  тəуелді  болады.Ол
өндіріс  көлеміне  шаққанда  өзгермелі  шығындар  өзгеріссіз  қалады, оның  өзгермелі  деп
аталатын себебі, оның жалпы сомасы өнім өндіру көлеміне қарай өзгереді.
Өнімнің бір өлшеміне тиісті тұрақты шығындар өнім көлеміне кері пропорционалды,
пайдалы  қазбалар  өндіру  көлемі  өскен  сайын  сондай  шығындар  азаяды. Айтқанымызды
дəлелдеу үшін – формуланың екі жағын өнім көлеміне бөліп, былай жазайық:
                                                     TC/Q=FC/Q+v
мұндағы : ТС/Q – орташа  жалпы шығындар, АТС (average total costs), яғни өнімнің  өзіндік
құны, сонда
                                                     ATC = v + FC/Q
Өнімнің  өзіндік  құны, өндіріс  көлемі  жəне  тұрақты, өзгермелі  шығындар  арасында
гипербола түрінде тəуелділік бар.
Шығындарды топтастыру əдістері
Өнеркəсіптік  өнім  өндіруге  жұмсалған  шығындарды  жіктеудің  бірыңғай  принципын
пайдалану мен шығындардың бірыңғай топтастыру, əр түрлі кəсіпорындағы өнімнің өзіндік
құнын салыстыруға мүмкіндік береді де оны төмендету жолдарын ашады.
Өнімнің  өзіндік  құнының  құрылымын  зерделеу  үшін  оны  өндіруге  жəне  сатуға
жұмсалған шығындардың барлығы экономикалық элементтері бойынша жəне шығындардың
калькуляциялық баптар бойынша топтастырылады .
Экономикалық  элементтері  бойынша  шығындарды  топтастыру  өнім  өндіруге  жəне
өткізуге жұмсалған шығындар сметасында көрініс табады . Онда шығындар экономикалық

мағынасының  бірлігі  бойынша  жинақталады.Мысалы, «Негізгі  жəне  қосымша  жалақы»
элементінде, қайсы  болсын  санатқа  жататын  қызметкерлерге  байланысыз, кəсіпорынның
толық еңбекақы қоры көрсетіледі.
Өндіріске  жұмсалған  кешенді  шығындарды  сметаға  қосу  үшін  оларды  жай
элементтерге бөліп, тиісті топтарға қосады.
Шығындар  сметасы  бойынша,  шығындардың  нақты  бағыты  мен  пайдалану  орнын
анықтауға  болмайды. Ең  бастысы, сметаның  элементтер  негізінде  өндіретін  өнім  бірлігінің
құнын  есептеп  шығаруға  болмайды. Осы  мəселелерді  калькуляция  баптары  бойынша
шығындарды жіктеу шешеді.
Өнімнің  бір  өлшемін  өндіруге  жұмсалған  шығынның  есебін калькуляция  дейді.
Калькуляция- кəсіпорын  дайындаған  өнімнің  жекелеген  түрлері  өлшемнің , өзіндік  құнын
анықтау  үшін  негіз  болып  табылады. Шығындарды  баптар  бойынша  калькуляциялау-пайда
мен залалды есептеуге, бағаны белгілеуге, өнімнің өзіндік құнын талдауға мүмкіндік береді.
Шығындарды  калькуляциялық  баптары  бойынша  үлгі  топтастыру  мына  түрінде
болады:
1. шикізат, негізгі материалдар, шала өнімдер, жинақтаушы бұйымдар (қайтарылатын
қалдықтарды шегергенде);
2. қосалқы материалдар;
3. технологиялық мақсаттарға арналған отын;
4. технологиялық мақсаттарға арналған энергия;
5. өндірістік жұмысшылардың негізгі жəне қосымша жұмысақысы;
6. əлеуметті сақтандыруға төлемдер;
7. амортизация (өтелім);
8. өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалатын шығындар;
9. жабдықтарды күту мен пайдалану жөніндегі шығындар;
10. цехтық шығындар;
Өнімнің цехтық өзіндік құны
11. жалпы өндіріс шығындары;
Өнімнің өндірістік өзіндік құны
12. өндірістен тыс шығындар;
Өнімнің толық өзіндік құны.
Келтірілген өзіндік құнының құрамындағы алғашқы жеті баптар тура жұмыс орнында
жүзеге асырылады жəне өнім құнына тікелей жатқызылады. Қалған баптар кешенді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет