«Су-Джок терапиясы арқылы ерекше оқытуды қажет ететін балалардың сөйлеу тілін дамыту»



бет1/3
Дата26.01.2023
өлшемі21,56 Kb.
#63069
  1   2   3
Байланысты:
Су-джок



«Су-Джок терапиясы арқылы ерекше оқытуды қажет ететін балалардың сөйлеу тілін дамыту»



Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын алу және онымен байланысты психикалық даму ерекшеліктері болып табылады.
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру құрылымы төмендегідей:
1) бастауыш білім беру деңгейі 0, 1-4 сыныптар;
2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар.
Негізгі орта білім беру деңгейінен кейін бітірушілер жалпы орта білім беру деңгейінде және мамандық алу үшін жалпы білім беру мектебіне немесе техникалық кәсіптік колледждерге ауысады.
Бастауыш білім беру деңгейінде оқыту арнайыдидактикалық материалдарды қолдану арқылы арнайы бағдарламалар бойынша іске асырылады. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқу процесі мазмұны бейімделетін және оқыту мерзімдерін бір жылға арттыруды ескере отырып қарастырылатын жалпы білім беру бағдарламалары бойынша іске асырылады.
Білім алушылардың сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, қазақ, орыс және шетел тілдерін оқытуға сағаттарды бөлуде нұсқалық рұқсат етіледі.
Логопедиялық түзету жұмысы оқушының тұлғалық және зияткерлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау сөйлеу тілі режимін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақытта көрсетіледі.
Сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары.
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын алу және онымен байланысты психикалық даму ерекшеліктері болып табылады.
Арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау сөйлеу тілі режимін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақытта көрсетіледі.
Соңғы уақытта мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жастарына қарай балалармен дәстүрден тыс жұмыс жүруде.
20-ғасырдың аяғында әлемді сенсациялық жаңалық шарлады. Сеул халық университетінің профессоры Пак Чже Ву өзінің 30 жылдық шығыс медицинасын зерттеу жұмысы барысындағы жаңалығы ретінде, адамдардың өзін-өзі түрлі кеселдерден емдей алатындай ерекше әдістемелерін паш етті. Ол әдістеме «Су джок» (корей тілінен аударғанда «су»- алақан, «джок»-табан) деп аталды. Бұл әдістеме арқылы ағзаның кез келген бөлігіндегі кеселді дәрігерсіз ақ емдеп алуға болады. Су Джок әдістемесінің негізінде алақан мен табанның бүкіл ағза мүшелеріне сәйкестігі немесе ұқсастығы алынады.
Қол мен табан- адамның дене мүшелерінің тамырының орналасу орталығы.
Түзету (коррекция) жұмыс бағытында тіл мүкістігін болдырмау мақсатында су -джок терапиясын массаж ретінде қолдануға болады.
Су-джок терапиясын медицинада өте көп қолдану себебі: қолдары қозғалмайтын арнайы балаларға, ұсақ саусақ моторикасы, барлық дене мүшелері жақсару мақсатында.
Су-джок терапиясы дүниетануын дамытып қамтамас етеді, балалардың эмоциялық (қуану, сенім, ренжу) аумағын қамтитын ең танымал әдіс болып табылады.
Өз жұмысымда су-джок терапиясын саусақтың және қолдың шоғырына массаж ретінде қолданамын. Үлкен саусаққа әсер етуі өте маңызды, ол адамның бас бөлігіне жауап береді. Саусақтың ұштары және аяқтың тырнақтары бастағы ми бөлігіне жауап береді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда барлық жас аралығында қолдануға болады. Балалар серпімді сақина, арнайы шарлар арқылы шығармашылық ойындар элементтерін, рөлдік-ойындарды, шамалары келгенше ертегі кейіпкерлерінің бейнелеріне еніп, қойылған мақсаттарды шешуге ұмтылады. Балаларға ойын түрінде берілге тапсырма қызығушылығын оятады. Тапсырма орындау барысында балалардың денсаулығын нығайтуға, тіл мүкістігін түзетуге, таным процесінің дамуына өз үлесімізді қосамыз.
Су-джок шарларын өз жұмысымда қолдануы



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет