Серпімді сақинамен сылау ішкі органдардың жұмысын ынталандыруды көмектеседі. Өйткені, адамның денесі қолы мен табанына, сонымен бірге қолдың және аяқтын әр саусағына проекцияланған, сондықтан ауруларды алдын алудың және емдеудің тиімді тәсілі қолдардың және аяқтын саусақтарын, алақанды және табанды сылау. Шарикпен және серпінді сақинамен қолды уқалауы баланың бүкіл организмге жағады және шипа болады, сонымен қолдардың ұсақ кішкене моторын дамытады, тілдің дамуына мүмкіндік тұғызады. Өте пайдалы және тиімді саусақтардың және тырнақ тақталарын сылау. Сақинаны саусаққа қиғіздіріп, қызарып, жылулық сезінгенше массаж жасау. Бұл емдеу шараны күнінде бір неше рет қайталау қажет Балалардың бұлшық еттеріннің күйін және ми қыртысындағы сөйлеу саласын ынталандыру кейбір жұмыс формаларын қарастырамыз.
Ұсақ саусақ моторикасына арналған ойын жаттығулар
Доп
Айналдырған добыңды,
Қытықтасын қолыңды.
(сырты бүдір кішкентай шарларды партаға қойып, екі алақаның мен айналдыр)
Енді көтер партадан,
Жаса солай қайтадан
(кішкентай шарлардың біреуін қолыңа алып, екі алақаныңның арасына салып айналдыр)
Серпімді сақинамен санамақ айту.
«Бір үйде біз нешеуміз?» ойыны
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым – атам,
Балаң үйрек – апам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек-мен
Титтей бөбек-сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
(Оң, сол қол саусақтарына кезектестіре серпімді сақинаны киіп, ойын ойнау)
Шарды дыбыстарды машықтандыру мен ажырату кезінде қолдану
Лексико-грамматикалық қатарын дамыту: зат есімнің көпше- жекеше түрлерін білу және ажыратуды бекіту. Көп-аз ұғымдарын қалыптастыру.