Бақылау сұрақтары:
1. Суландыру желісінің конструкциясы ашық, жабық және құрама желілер.
2. Желіні жобалаудың негізгі жағдайлары.
3. Суғару алқабында, шаруашылықта ауыспалы егістікте, табиғи және шаруашылық жағдайларындағы суландыру желісі.
4. Ашық суландыру желісі.
Тақырып 3. Су қоймаларының, тоғандардың және сулы-батпақты жерлердің экологиялық ерекшеліктері. Су экожүйелеріне әсері және оның салдары.
11-дәріс. Су қоймалары мен тоғандардың жалпы сипаттамасы, шарттардың ерекшелігі.
11.1 Экожүйелер мен қауымдастықтардың даму кезеңдері және қалыптасу кезеңдері.
11.2 Су қоймаларының экологиялық мәселелері. Ветландтар туралы түсінік және олардың әлемдегі маңызы. Ветландтардың жіктелуі.
12-дәріс. Батпақтар: жағдайлардың ерекшелігі, популяциясы, маңызы.
12.1 Сулы-батпақты жерлердің экологиялық мәселелері.
Дәрістік сабақты өткiзу формасы: шолу.
Сүзілуге қарсы элементтердің типі және конструкциясы бөгеттің қабылданған типіне, бөгет денесі мен негізінің топырақ сипаттамасына, СНиП 2.06.05.84 [12,130-131 бет. 13, 218бет] сәйкес нұсқалардың техника-экономикалық салыстыруларына байланысты белгіленеді.
Курстық жобалаудың тапсырмаларына бөгеттің типі беріледі. Сондықтан студенттерге сүзілуге қарсы элементтердің конструкциясы мен өлшемдерін ғана анықтау қажет.
1. Ядролы топырақты бөгет — ядроны бөгет жалының астына, жоғары беткейге жақын орналастырған жөн. (сурет 2.5.)
Ядроның қалындығын жоғарысы және төмені бойынша қабылдаймыз:
tkaтy - құрылыс ауданына байланысты топырақтың қату тереңцігі.
2. Экранды топырақты бөгет. Экран жоғарғы беткейдің ұзына бойы қойылады. Ол қату тереңдігінен кем емес қалыңдықта құмды-қиыршық тасты материалдармен жабылады. (сурет 2.6.).
Экранның қалыңдығын жоғарысы және төмені бойынша қабылдаймыз:
3. Экранды және понурлы топырақты бөгет. Негіздің су өткізгіш қабаты өте қалың болғанда салынады. Понур экранның жалғасы болғандықтан, сол экран жасалған материалдан жасалады.
Понурдың ұзындығы:
Экранды жоғарысынан 1...2 м қорғаушы қабатпен жабады. Бөгеттің табаны бұзылмаған негізгі топырақта орналасады. Сол үшін топырақтың жоғарғы бос, жыртылған қабаты алынып, сыртқа әкетіледі. Егер негіз су өткізгіш және су тірек 2-3 м тереңдікте жатса, онда бөгеттің негізбен қабысуы су тірекке 0.5-0.75 м тереңдетілген саздақтан немесе жұмсақ саздан жасалған тіс арқылы жүзеге асады. Су өткізгіш қабаттың тереңдігі Т=4...5 м болғанда, тереңдігі 1......1.5 м тіс салынады. Ол су тірекке түсірілген шпунтпен бітеді. Су тірек терең жатқанда аспалы шпунтты немесе понур қарастырылады. [12,131...132бет].
Бөгеттің жағалаулармен қабысуы қысқа шығынқылы, ені жазықтық түрінде жасалады.
Бөгет денесінің негізбен және жағалаулармен қабысу конструкциясы 2.8 суретте келтірілген.Бөгет денесінен сүзіліп өткен суды қауіп-қатерсіз әкету үшін, сондай — ақ депрессия қисығын төмендету үшін төменгі беткейде кәріз қойылады. Кәріздің типі мен конструкциясы бөгеттің типіне, құрылыс материалының түріне, төменгі бьефтің су деңгейіне байланысты СНиП 2.06.05-84 [12, 132 ….136 бет,14, 172-173бет] сәйкес таңдалады.
Материал құрамын таңдау СНиП 2.06.05-84 [13,128...129бет, 14,133-135бет] сәйкес жүргізіледі.
Тас материалдар жеткілікті болған жағдайда төменгі беткейдің орнықтылығын арттыру үшін кәріздік призма жасау ұсынылады. Кәріздік қондырғы екі бөліктен тұрады. (сурег 2.9):
қабылдағыш - кері сүзгі түрінде, бір немесе бірнеше қабаттан және әкетуші— су қашыртқы және су әкетуші элементтер түрінде.
Кәріздің негізгі түрлерінің нобайы 2.10 суретте келтірілген.
Кері сүзгі кәріз призмасының ішкі жағынан және оның негізіне салынады. Кері сүзгінің қабаттары-ның қалындығы 0.25...0.3 м болып жасалады. Кәріздің биіктігі
а = 0.5...1.0 — төменгі бьефтегі ең жоғары су деңгейінен кәріздік призманың төбесінің артықтығы; m3= 1.1...1.25 — ішкі беткейдің салыну коэффициенті; m4=1.25 — 1.5 — кәріздің сыртқы беткейінің салыну коэф-фициенті; вд - 1...4 м - призманың жоғарғы ені. Көлікті өткізу қажеттілігіне байланысты қабылданады.
Құрылыс ауданында тас материалдары жеткіліксіз немесе қымбат болғанда шығын мейілінше аз жұмсалатын [12,134...136 бет, 15,119,117-120 бет] кәріздің басқа типі қолданылады.
Сүзгілік есептеулерді бөгет денесінің, оның негіздері мен жағалауларының беріктігіне, бөгет пен жағалаулардың беткейлеріне есептеулер жүргізу үшін; бөгет конструкциялары мен олшемдерінің олардың сүзгіге қарсы және кәріздік қондырғыларының тиімді және үнемділігін барынша негіздеу үшін жүргізеді.
Сүзгілік есептеулер арқылы депрессиялық қисықтың орналасуын белгілейді; бөгет денесі мен негіздері арқылы өтетін сүзілген су өтімділігін, төменгі бьефтегі кәріздегі сүзілу ағынының арын градиенті мен жылдамдығын анықтайды.
Есеп су торабының қалыпты жағдайы үшін жүргізіледі. Яғни жоғарғы және төменгі бьефтерде әдеттегі іркілген деңгей сақталған жағдайда. Инженерлік тәжірибеде есептеулер үшін Н.А.Павловскийдің жуықтау әдісін немесе эквиваленттік кескін әдісін қолданады.
Жуықтау әдісінде есептеулер екі тәуелсіз пайымдаулар бой-ынша жүргізіледі. Алдымен бөгеттің су өткізгіштігін, ал негізінің су өткізбейтіндігін есептейді. Бұл нобай үшін бөгет денесінің сүзілу өтімділігін (qT) анықтап, депрессия қисығын тұрғызады. Сосын бөгетті су өткізбейтін қылып есептеп, негізінен өтетін сүзілу өткізгіштігін (qn) формула бойынша анықтайды:
(2.10.)
мүнда Ко- негіз топырағының сүзілу коэффициенті;
Т — негіздің су өткізгіш қабатының қалыңдығы;
Н,және Н2жоғарғы және төменгі бьефтердегі судың деңгейі;
n - Впл/Т байланысы арқылы анықталатын түзету коэффициенті;
Впл — негіз бойынша бөгеттің ені.
Себебі бөгеттің әртүрлі қимадағы өлшемдері мен судың арындары әртүрлі. Сондықтан сүзілу өтімділігін анықтағанда аңғардың бүгілген әртүрлі учаскелерінің сипатты нүктелерін алып, солар үшін, жеке сүзулер есептеулерін жүргізеді. Ал, толық өтімділікті сол өтімділіктердің қосындысы ретінде анықтайды:
(2.11.)
Бөгет денесі арқылы өтетін толық сүзілу өтімділігіне арналған есептік схеманың конструкциясы 2.11 суретте келтірілген. Мұнда: Qтол – бөгет денесінен өтетін жалпы сүзілу өтімділігі; Q1...Qn — бөгеттің тиісті үчаскелеріндегі сузілу өтімділігі;
мұнда q,...qQ— бөгеттің тиісті учаскелерінен өтетін үлесті сүзілу өтімділігі;
Вг..Вп- бөгет учаскелерінің ені (2.11 суретті қараңыз). Бөгет жақтауы арқылы өтетін жалпы сүзілу өтімділігі:
(2.12.)
мұнда Q°жал - бөгет негізінен өтетін жалпы сүзілу өтімділігі,м3/с.
(2.13) мұнда q0— бөгет негізіндегі үлесті сүзілу өтімділігі, 1 м-ге м3/с.
L — негізінің ұзындығы, м.
Әртүрлі есептік жағдайларға арналған бөгет денесі арқылы өтетін сүзілуді Н.Н.Павловский әдісімен есептеу нақты мысалдар шешімдерімен келтірілген [14].
Төмеңде бөгеттердің негізгі типтері үшін тектес қималар әдісімен сүзілу есептерінің схемалары берілген.
Депрессия қисығын құру үшін алдымен оның су деңгейі мен жоғарғы беткейдің қиылысу нүктесін жасанды түрде өз орындарына қояды.
Төменгі бьефтің негізінің деңгейінен төменгі беткейге депрессиялық қисығының шығу биіктігі мынаға тең:
(2.14.)
мұнда Н, және Н2 — жоғарғы және төменгі бьефтердегі судың терендігі, м; Z — бөгеттің негізі бойынша тектес қимасының ені:
Мұнда β- Г.К.Михайлов формуласымен анықталған жоғарғы беткейдің тіктігін ескеретін коэффициент.
болғанда
Бөгет денесі арқылы өткен сүзілу ағынының өтімділігін (qT) мына байланыс арқылы анықтайық:
мұнда Кт - бөгет денесінің сүзілу коэффициенті. Депрессия қисығын тендеу бойынша құрады:
(2.19)
Х= AZ - тен Х= Zp - т2 * һ1 -ге дейінгі аралықта 6 ретке дейін мәндермен береміз.
Төменгі беткейден сузілу ағыны шығарда немесе кәрізге кірерде сүзілу жылдамдығын құрайды:
(2.20.)
мұнда Ішығ — төменгі беткейден шығардағы депрессия қисығының (арын градиенті) еңістігі:
(2.21.)
мұнда ΔҮ - депрессия қисығын тұрғызарда абциссаның соңғы екі есептік нүктесінің айырмашылығына тең АХ аралығындағы депрессия қисығының төмендеуі.
Төменгі бьефте су жоқ болған жағдайда есепті сол байланыспен (2.14.), мына формуланы пайдалана отыра жүргізеді: Н2=0.
Су жібергіштер бас(магистарлды) каналдарға немесе су торабының төменгі бьефіне онан әрі тұтынушыларға суды тасымалдау мақсатында су қоймасынан судың пайдалы жіберілуі үшін орналастырылады.
Су жібергіштер өлі көлем деңгейі (ӨКД) белгісінде судың есептік өтімділігін алуды қамтамасыз ету үшін жобаланады.
Су жібергіштердің типтерін таңдау орынға,судың өтімділігіне және нұсқаулардың техника-экономикалық салыстырулары бойынша жүргізілді.
Арын 4 м-ге дейін болғанда, қарау құдығындағы арынды құбырдың соңына жұмысшы сұқпаны орналастырып, сол құбырдың типі бойынша сужібергішті қоюға болады. Арынды құбырдың ( металдан жасалған) типі бойьшша су жібергіштердің конструкциясы сурет 2.22-де келтірілген.
Су жібергіштің соңында ағынның артық энериясын ыдыратқыштар қарастырылады.Құбырды тығыз табиғи топыраққа салады және сүзілуден сақтандыру үшін құбыр бойына сазды топырақ пен бетоннан [14] бірнеше диафрагма қояды.
Су қоймасының 6-7 м-ге дейін су тастау шамасында бетоннан немесе темірбетон тізбегінен жасалған арынсыз құбыр типіндегі су жібергіштер қолданылады.
Арынсыз құбыр типіндегі су жібергіштің конструкциясы 2.23 суретте келтірілген.
Жұмысшы сұкпалар су жібергіштің кірер басында орналасқан. Өлшемдері СНИП 50-74-ке сәйкс белгіленеді.
Арын 8 м - ден жоғары болғанда мүнаралы су жібергіштер қондырылады.
Мұнаралы су жібергіштің конструкцисы сурет 2.24 - те келтірілген.
Мұнара сұқпаларды және көтергіш механизмдері орналастыру үшін, ал кейбір жағдайда мұнара қабырғасында әртүрлі биіктікте орналасқан тесіктен әртүрлі деңгейде су алу үшін қолданылады. Яғни мұнара ең таза қабаттан су алуға мүмкіндік береді.
Су жеткізетін құбыр арынды, ал әкететін құбыр арынсыз.Ол суды мұнарадағы қалқанның астынан алып,үлкен жылдамдықпен оны секіртпей өткізеді.Ол су бөгетттің сыртында орналаскан су ұрма құдықта ыдырайды.
Көбіне қүрастырмалы темір бетон құбырлар қолданылады. Мұнараға барар түсында ол мүнараның шөгуіне тәуелсіз болуы тиіс. Бүлмүнараныңәртүрлі шөгулеріне және құбырдың сүзілуге қарсы нығыздалуының бұзылмауынамүмкін-дікжасайтын конструктивтік шөгу тігісін жасау арқылы жүзеге асады.
Құбырларды қалындыгы 0.3-0.5 м жұқа бетоннан дайындалған негізге салады. Ксйбір құбыр буындарының түйіскен жерлерінде құбыр бойымен қауіпті сүзілулерден сақтандыру үшін биіктігі 0.4— 1.0 м қабырға — диафрагмалар қояды.
Мүнараны жоғаргы беткейдің ортасына қою ұсынылады. Ол өлшемі 1.5х1.5м-ден кем емес төртбұрышты көлденең қимада болғаны дұрыс.
Су жіберуші құбырлардың бетон және темірбетон туындарының ұзындығын 6-8 м,өлшемі 1x1 м шаршы немесе тік бұрышты қимада жасайды.
Құбырдың кірер басына жүзбе заттар мен қоқыстардан сорғайтын тор немесе қада қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |