Субөнімдерді өҢдеу бөлімі


Субөнімдердің тағамдық құндылығы мүшелердің физиологиялық қызметінің ерекшеліткрімен анықталатын олардың морфологиялық және химиялық құрамына байланысты



бет3/13
Дата08.02.2023
өлшемі0,76 Mb.
#66254
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Субөнімдердің тағамдық құндылығы мүшелердің физиологиялық қызметінің ерекшеліткрімен анықталатын олардың морфологиялық және химиялық құрамына байланысты.

  • Субөнімдердің тағамдық құндылығы мүшелердің физиологиялық қызметінің ерекшеліткрімен анықталатын олардың морфологиялық және химиялық құрамына байланысты.
  • Сойылған малдың субөнімдерінде оларға тән емес, мал ағзасына жем және ашық суаттардағы сумен түсетін зиянды химиялық қосылыстар, әсіресе тұрақты ртуты бар жіне металлы бар қосылыстар, органикалық хлор пестицидтері бар болуы мүмкін.Осы заттар көбіне бүйрек, жіне ішек-қарын жолдарына жинала, субөнімдерге пестилецидтер құрамын бақылау мақсатқа сай екенін анықтайды.
  • Бауыр. Бауыр күрделі құрылымды ірі асқорту безі және мал массасының 1,5%-ін құрайды. Бауырда ағзаның барлық қанының мөлшерінің 20%-і қорға айналады. Бауырдың сырты тығыз шырышты қабықпен қапталған. Байланыстырушы ұлпалық тяждер (тяжи) бауырды жеке бөліктер- бауыр түйіршіктеріне бөледі. Түйіршік аралық байланыстырушы ұлпада қан жүретін жіне лимфатикалық тамырлар, сонымен қатар өт жолдары өтеді. Түйршіктер ішінде без ұлпасының клеткалары бар.
  • Бауыр толыққұнды ақуыздардың мөлшері бойынша басқа өнімдерден асып түседі.Оның құрамына:глобулиндер, альбулиндер, гикопротидтер ферритин феррин кіреді. Соңғылары органикалық байланысқан үш валентті безде сәйкесінше 20-23% және 16%, сонымен қатар құрамында 0,34% мыс витаминдерінің соның ішінде В12 витаминінің толық жиынтығы, А витамині бар гематоупрейн болады.Липидтер бауырда линоль және арахидон қышқылдарының мөлшері көп фосфатидтер, триглецеридтер ретінде кездеседі. Бауырда экстративті заттар ретінде холин, креатин, мочевин және т.б. бар. Гликоген мөлшері 2-5%-не жетеді. Онда қанның ұюына кедергі жасайтын мукополисахарид-гепарин түзіледі.
  • Бауыр жоғарғы сыртты ливер шұжықтар, паштеттер, консервілері өндіруге пайданылады. Бауырда ерекше ақуыздардың,В тобы, әсіресе В12 витаминдерінің едәуір мөлшерінің болуы анемияға қарсы жоғарғы қасиетке ие препараттар өндірісі және емдік тамақтану үшін оны пайдалану мақсатқа сай екенін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет