II. АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ САРАПТАУ
ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
2.1. ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШТЕРІ
Марксизмнің әлеуметтік философиясында дамудың қозғаушы күштері
ретінде түрлі қоғамдық құбылыстар келтіріледі: объективті қоғамдық
келіспеушіліктер, өндіруші күштер, өндіру мен алмасу тәсілдері; еңбек бөлінісі,
көптеген адамдардың, топтардың, халықтардың ұзақ мерзімді әрекеттері,
қоғамның таптарға бөлінуі және таптық күрес, әлеуметтік революциялар,
қажеттіліктер мен қызығушылықтар, ғылым, т.б. Сәйкесінше, ғылыми
әдебиетте де қоғам дамуының қозғаушы күштері бірнеше сипатта көрініс
табады; кейде олар қоғам дамуының қайшылықтары және оларды шешу
жолдарымен; кейде әлеуметтік детерминизммен байланыстырылады, немесе
тарихтың объективті және субъективті факторларымен, болмаса адамдардың
қызметі мен аталған факторлардың жиынтығымен байланыстырылады.
Шамасы, келтірілген әр амалдың өзінің заңды орны бар, олар ақиқаттың қандай
да бір өзіндік көрінісін көрсетеді. Біздің ойымызша, қоғам дамуының қозғаушы
күштері ең алдымен адамдардың әрекеттерімен байланысты.
Қоғам дегеніміз ол адамдардың әрекеті деген тұжырымға ерекше мән
беру арқылы зерттеу жұмысы аясында келелі табыстарға ол жеткізе аламыз.
Қоғам табиғатын осы тұрғысынан қарастыру терең әдіснамалық мағынаға ие.
Қоғам өз дамуында бірнеше кезеңдерден өтті:
Достарыңызбен бөлісу: