Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Көкшетау, 2018 ББК 74.00 (5Қ)
ӘОЖ 37.01 (5Қ)
С 85
Рецензенттер:
Нәби Л. - п.ғ.к., Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің доценті.
Асылбекова М.П. – п.ғ.к., Л.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті
С 85 Сулейменова З.Е. Педагогика. Оқу-әдістемелік кешен. -
Көкшетау, 2018. – 203 бет
Оқу-әдістемелік кешен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінде талқыланып, пайдалануға ұсынылған (2018 жылғы , №1 хаттама).
Оқу-әдістемелік кешен ҚР БжҒМ бекіткен типтік бағдарлама (2016 жылғы 30 маусым, №2 хаттама) негізінде жасалды.
Оқу-әдістемелік кешен 5В01000 «Білім» бағытындағы педагогикалық мамандықтары студенттеріне арналған.
«Педагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені 5В010000 «Білім» бағытындағы бакалавриат мамандықтарына арналған.
Жоғары оқу орындарында педагогиканы оқыту болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады. Педагогика пәні психологиялық-педагогикалық пәндер жүйесіндегі маңызды пәндердің бірі және жас ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені үйретудің теориялық-әдіснамалық негізін, әлеуметтік заңдылықтары мен механизмін ашады.
Мектептегі оқу-тәрбие процесінің сапасы мұғалімнің біліміне, қабілетіне, педагогикалық шеберлігіне байланысты екені белгілі. Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктерін біліп тануда, оқушылардың оған сүйіспеншілігін қалыптастыруда педагогика пәні зор ықпал етеді.
Оқу курсының негізіне білім берудің қазіргі парадигмасына сәйкес жүйелілік, тұлға-бағдарлық, тұлғалық іс-әрекеттік, құзыреттілік, сонымен бірге әлеуметтік-педагогикалыққұбылыс ретінде тәрбиеге тарихи-педагогикалық, тарихи-жүйелілік және аксиологиялық тұрғыдағы жетекші идеялар алынады.
Оқу-әдістемелік кешенде дәрістердің мәтіндері, практикалық сабақтар мен студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) және студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының (СӨЖ) тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, аралық және қорытынды бақылау материалдары, глоссарий мен қажетті әдебиеттер тізімі берілген.