Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Мамандықтың бәрі жақсы



бет2/2
Дата18.09.2022
өлшемі20,88 Kb.
#39417
1   2
«Психогеометрия»- өзін- өзі тану:
Балалар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілеті, ой- өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауартпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан қайтпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», - деп халқымыздың ұлы ақыны, ойшылы, сазгері, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» деген атты дүнеде өз орнын табуға тырысады, яғни өседі,көреді, өнеді,тәрбиленеді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, қалаған мамандықтарының қызығын көреді. Балалық шақта кішкене сәби жүрек қиялшыл, жақсыға құмар еліктегіш болып келеді. К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім - ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»- деп бекер айтпаған. Сол үшін де ұстаздықтың қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат етуде. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бүгінгідей жаһандану заманында мемлекет пен адам озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет. Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады» дегендей , шынымен де, қай кәсіппен айналыссаң да еңбегіңнің жемісін көріп жатсаң, көз қуанышың, өз мәртебең. Кез-келген кәсібіңді дөңгелету үшін білікті де білімді маман болуың шарт.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет