І.Кіріспе бөлім. Шаттық шеңбері: Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
ІІ.Негізгі бөлім : Қызықтыру сәті: -Қоңаққа әже келеді, амандасады. Балалар тостаған, торсық немен әшекейленген?
Бала: - Ұлттық оюлармен өрнектелген.
Тәрбиеші: - Қандай ою‑ өрнектер білесіңдер?
Бала: - Қошқар мүйіз, құс , гүл.
Тәрбиеші: - Бүгін жаңа ұлттық ою ‑ өрнегі «ботагоз» бен танысамыз. Мына әдемі торсыққа қарандаршы. «Ботагоз» ою‑ өрнегімен әшекейленген.
Ұнадыма сендерге?
Бала: - Иә, бәрі жақсы.
Жалпылау: Қазақ халқы өз ыдыс – аяқтарын, киімдерін, бұйымдарын түрлі оюлармен өрнектеген. «Ботагөз» оюы ботаның көзіндей әдемі болады.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы‑ қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің,
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Әдіс-тәсілі:торсық сұлбасының кесіндісін ақ қағаз бетіне қойып, қарындашпен бастырып сызып аламыз, оның үстін губкамен басып бойямыз. Картоптан жасалған мөрмен басып әдемілейміз.
Саусақ жаттығуы: «Бала, бала, балақай!» Бала, бала, балақай,
Кәне, көрсет алақан. (қолдарын алға созып, саусақтарына жаттығу жасайды)
Саусақтарын әйбат,
Былай- былай ойнат.
Балалар өз еркімен сурет салады, кейбір балаларға тәрбиеші көмек береді.
ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия: Көрме ұйымдастыру;
Тәрбиеші: - Жасар, сен суретінде қандай түсті бояуды қолдандың?
Жасар: - Мен күлгің түсті бояумен боядым
Тәрбиеші: - Қазір балалар, біз әжеге әдемі торсық сыйлаймыз.
Әже: - Менің де сендерге әкелген сыйлығым бар. ( әже балаларға құрт таратып береді)
Тәрбиеші: - Балалар, әже біздерге қандай сыйлық берді?
Бала: - Әже бізге дәмді құрт берді.