Сурет салудың сиқырлы әлемі


Қатты жартылай құрғақ қылқаламның қырымен сурет салу



бет4/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Қатты жартылай құрғақ қылқаламның қырымен сурет салу.
Аталған техникада сурет қылқаламды гуашьқа түсіру арқылы алынады, және бала қылқаламды тігінен ұстап тұрып қағазға салады. Жұмыс кезінде қылқалам суға салмаймыз (малымаймыз). Осылайша, қағаз бетінде мамық немес түкті бейне пайда болады.
Саусақтармен сурет салу.
Бала саусақтарын гуашьқа батырып, қағаз бетіне нүктелер мен дақтар түсіру арқылы сурет салады. әр саусаққа әр түрлі түсті бояу алынады.
Поролон, картоп кесегінің немесе өшіргіш кесегінің таңбасы.
Бұл әдіс бойынша бала поролон немесе кесекті гуашь сіңірілген жастыққа батырып, қағазға басу арқылы сурет салады. Түсін өзгерту үшін басқа жастық пен басқа таңбаларды қолдану қажет.
Фотокөшірме.
Суретті салу әдісі: бала ақ қағазға балауызбен немесе балауыз борларымен сурет салады. Содан кейін бетті акварельмен бір немесе бірнеше тонға бояйды. Бормен және балауызбен салынған сурет боялмай қалады.
Трафаретпен таңба жасау.
Сурет таңбаны бояу салынған жастыққа басып, трафарет көмегімен қағазға таңба басу арқылы салынады. Түсін өзгерту үшін басқа трафарет алу қажет.
Заттық монотипия.
Бұл әдіспен сурет салуда бала қағазды екі бүктеп, бір жағына заттың жартысын салады. Әр заттың бөлігін салып болғаннан кейін, бояу кепкенше, қағаз таңба алу үшін тағы екі бүктеледі. Содан кейін, қағазды тағы бүктеу арқылы суретті әрлеуге болады.
Қарапайым кляксография.
Суретті салу тәсілі: бала сұйық араластырылған гуашьты пластикалық қасықпен қағазға төгеді. Нәтижесінің кез келген тәртіпте дақтар қалады. Оның үстіне басқа қағаз салынып, басылады. Үстіңгі бет алынып, бейненың неге ұқсайтыны қарастырылып, қажетті детальдері салынады.
Түтікшелі кляксография.
Қарапайым кляксографиядағыдай бала сұйық гуашьты пластикалық қасықпен қағазға төгеді де, дақтар алынады. Содан кейін бала дақтарды түтікшемен үрлейді. Түтікшенің ұшы дақтарға да, қағазға да тимегені дұрыс. Қажет болса, бұл үдеріс қайталанады. Қажет детальдер салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет