3.12 Ағаш конструкциялар: элементтері негізінен ағаштан жасалған және кескіш,
кілттер, нагельдер, болттар, металл бекітпелермен, сондай-ақ өнеркәсіптік әдістермен
жасалған желімделген конструкциялармен біріктірілген құрылыс конструкциялары.
3.13 Төзімділік: Ғимараттың (құрылыстың), құрылыс конструкцияларының немесе
олардың бөліктерінің және ішкі инженерлік жүйелер элементтерінің жобалау кезінде
белгіленген физикалық және басқа да қасиеттерін сақтауы және оның қалыпты жұмыс
істеуін тиісті қызмет көрсету мерзімі ішінде бағалау мүмкіндігі.