Байланысты: 189 СП РК 1.04-110-2017 «Обследование, оценка технического состояния
5.1.3 Өңделмеген кірпіштен, саманнан және шлак-блоктан жасалған қабырғаларды
тексерген кезде, назар аударған жөн: - іргетастың ерекшеліктері;
- қабырғалардың құрылысының ерекшеліктері (өңделмеген (қам) кірпіштен немесе
саманнан, ағашты қаңқа өңделмеген немесе саманмен толтырылған, шлак-блокты және
шлак-бетонды);
- жіктерді толтыру тығыздығы және қабырғаларды материалдармен даналап
қалаудың тұтастығы;
- көлденең және бойлық қабырғалардың бұрыштарындағы мүмкін жарықтар;
- маңдайша түрі және олардың қабырғалармен өзара түйісіп байланысуы;
- итарқа (шатыр тіреуіш) (түрі мен өлшемдері, мауэрлаттардың болуы, жабын
арқалықтары арасындағы таяныштарды сипаттайтын деректер, тығындардың болуы, тірек
тіреулердің түрі мен өлшемдері, бойлық байланыстардың болуы);
- шатыр жабдығы (материалдар, конструкция, қабырғалармен байланыс және т.б.);
- пештер (түрі мен өлшемдері, қабырғалармен байланыс, негіздер конструкциясы
және т.б.);
- түтін құбырлары (өлшемдері, төбемен байланыс және т.б.) [8].
5.1.4 Зерттелетін объектілердің техникалық жай-күйі 4-тараудың 4.16-тармағының
ережелеріне сәйкес бағаланады.
5.2 Ірі панелді, ірі блокты және көлемдік блокты ғимараттардың техникалық